2018 жылдың 20 маусымында "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының V Съезі аясында "Атамекен" ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің "Әйелдер бизнесі – даму кепілі" тақырыбында жыл сайынғы Конгресі өтеді. Конгресс Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Abctv.kz форумның тікелей онлайн-трансляциясын жүргізеді.
Іс-шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова, "Атамекен" ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, "Атамекен" ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова, салалық қауымдастықтар мен бизнес өкілдері қатысады.