"ҚазАгро" холдингінің еншілесі компаниясы болып табылатын "Азық-түлік корпорациясының" міндеттері кеңейеді. Ол елдің агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асқалы отыр. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов мәлім етті.
"Осыған байланысты ықтимал экспорттық нарықтар – олар, ең алдымен Қытай, Ресей және Парсы шығана елдері бойынша "жол карталарын" бекітудің мақсатты тәсілдемелерін жасау қарастырылып отыр. Ол үшін "Азық-түлік корпорациясының" жұмысы қайта құрылып, ол тек астық емес, басқа да ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттайтын болады. Сонымен қатар "Қазэкспортгарант" арқылы ауыл шаруашылығы өндірушілерінің экспорттық келісімшарттарына сақтандыру және кепілдендіру ұсынылатын болады", – деп атап өтті бірінші вице-министр сейсенбі күні үкімет отырысында.
Бұдан біраз бұрын "Азық-түлік корпорациясы" компаниясы жекешелендіруге қойылған ұйымдар тізімінен шығарылғаны айтылған болатын.
"Азық-түлік корпорациясы" мемлекеттік ресурстарға астық сатып алумен айналысады. Оның 100 пайыз акциясы" ҚазАгро" ұлттық холдингіне тиесілі.