"Қазақстан темір жолы" активті басқаруды үйренуде

861

"Қазақстан темір жолы" активті басқаруды үйренуде

Компания мамандары Бизнесті трансформациялау бағдарламасын жүзеге асыру барысында "Активті басқарудың" ISO 55001 стандарты талаптарына сәйкес тәртіптер мен әдістер жүйесі бойынша дәріс алды.

Дәріс беру барысында "ҚТЖ" ҰК" АҚ құрылымдық бөлімшелерінің мамандары ISO 55001 стандарты талаптарының құқықтық және нормативтік қырларын үйренді. Стратегиялық жоспарлау мен активті басқару мәселелері бөлек қарастырылды. Бизнес үдерістердегі ISO 55001 стандарты талаптары нормаларын қолданудың халықаралық тәріибесі ұсынылды, деп мәлім етті "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

"Компанияда қазіргі таңда ISO 55001 стандарттарын енгізу шаралары жүзеге асырылуда. Активтерді басқарудың халықаралық стандарттарын өндіріске енгізу үшін біз оқу курсын ұйымдастырдық", - дейді "ҚТЖ" ҰК" АҚ Бизнесті трансормациялау бағдарламасы тобының жетекшісі Заманбек Шопанов.
Сабақты Британ стандарт институтының (BSI) оқытушысы әрі аудиторы, Royal Charter Company Педро Пастрана Сокорро.

Қазақстан, Ресей, Чехия, Қытай, АҚШ және басқа да елдерде аудиторлық қызметтерді табысты атқарған тәжірибелі маман жүргізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу