"Өзбекэнерго" АҚ "KEGOC" АҚ алдындағы негізгі қарызын толық өтеді

735

"Өзбекэнерго" АҚ  "KEGOC" АҚ алдындағы негізгі қарызын толық өтеді

2017 жылдың желтоқсан айында "Өзбекэнерго" АҚ 2011-2017 жылдары аралығында электр энергиясын жеткізу және қуатты реттеу жөніндегі қызмет көрсету шарты бойынша "KEGOC"АҚ алдындағы негізгі қарыздарын толық көлемде өтеді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Аталмыш шарт Қазақстан біртұтас электр энергетикалық жүйесі мен Өзбекстан энерго жүйесінің қатарлас жұмысының сенімділігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жасалған болатын. Соңғы жылдары Өзбекстан энергожүйесі тарапынан төленбеген қарыздар бар болатын.
"KEGOC" АҚ тарапынан жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бұл мәселе оң шешімін тапты. 2011 жылдан 2017 жылға дейінгі "Өзбекэнерго" АҚ төлеген негізгі қарызының жалпы құны 143 млн АҚШ долларын құрады. 
Қазіргі уақытта "KEGOC" АҚ және "Өзбекэнерго" АҚ арасындағы әріптестік қатынас жоғары сапалы деңгейге өтті. KEGOC компаниясы бұдан әрі де "Өзбекэнерго" АҚ-мен ынтымақтастық қарым-қатынасты, соның ішінде энергия жүйелерін дамытудың әлемдік трендін есепке ала отырып, қатарлас жұмыстың сенімділігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша әріптестік қатынасты дамытуға ынталы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу