"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ франшиздерді қаржыландыруды бастады. Бұл жайында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) V бизнес-форумы барысында "Даму" басқармасының төрағасы Қаныш Төлеушин мәлімдеді.
"Өсудің жаңа деңгейіне көтерілудеміз. 9 мың және одан да жоғары кәсіпорынды қамту үшін франчейзингтік келісім, факторингті қаржыландыру, микронесиелендіру сияқты құралдарды ұсындық. Микронесиелеу есебінен көбірек қамтимыз, себебі несиелер құны бойынша төмен, ал саны жағынан көп. Бұдан әрі "Даму-Блитц", "Даму-Оптима" сияқты бағдарламаларды ұсындық. Яғни бұлар әрі кепіл, әрі тез несиелер. Мұның барлығы осы жылдан бастап іске қосылды",– деді Қаныш Төлеушин журналистерге.
Келесі жылы "Даму" осы бағдарламаларды іске асыруды жалғастырады, сонымен қатар мемлекеттік-жеке серіктестік (МЖС) саласында жобаларға бастамашылық жасайды. Қор МЖС аясында іске асырудың бастапқы кезеңінде жеңілдікпен несиелеуді ұсынады.
Қаныш Төлеушин Азия даму банкінен (АДБ) 200 млн доллар қаражат тартуға қатысты келіссөздердің аяқталғанын мәлімдеді. Қор бұл қаражатты шағын және орта бизнеске (ШОБ) екінші деңгейлі банктермен ШОБ-ты қандай да болмасын бағамдық құбылмалықтан сақтандыру үшін ұлттық валютада береді.
"Қазір Азия даму банкінен 200 млн доллар қаражат тарту жөнінде жұмыс жүргізіліп жатыр. Қаражат ұлттық валютамен теңгелей тартылатын болады. Біздің кәсіпкерлерімізге валюталық тәуекелдердің әсерін азайтуымыз қажет. Себебі олардың түсімдері теңгеде. Қазір негізгі келіссөздер жасалды. Енді тек барлық қажетті құралдарды техникалық рәсімдеу жүргізіліп жатыр. Барлық рәсімдеулерді осы жылдың соңында аяқтаймыз", – деді басқарма төрағасы.
АДБ қаражатын алушы "Даму" Қоры. Одан әрі қор қаражатты екінші деңгейлі банктер арқылы шағын және орта бизнес субъектілеріне экономиканың басым секторлары үшін 5-7 жылға ұлттық валютада береді.
"Егер біздегі тек СВОП-тың мөлшерлемесі 7%-ды құрайтынын және "Даму" қорының, АДБ-ның маржасы төмен екенін есепке алатын болсақ, онда біз ұлттық валютада 13-14% көлеміндегі мөлшерлемеге шығамыз. Осы бағдарламаға қосатын біздің субсидиялау бағдарламамызды ескерсек, қарыз алушының мөлшерлемесі шамамен 7%-ды құрайтын болады деп ойлаймын",– деді қор басшысы.
Пленарлық отырыстың қорытындысы бойынша "Даму" қоры және Ресей, Беларусь, Моңғолияның шағын және орта кәсіпкерлік қорлары арасында, сондай-ақ "Атамекен" кәсіпкерлердің ұлттық палатасы мен Моңғолияның шағын және орта кәсіпкерлік қоры арасында меморандумға қол қойылды.
Бұл меморандумдар тәжрибие алмасуды көздейді, – дейді Қаныш Төлеушин.
"Біз ортақ шараларымызды іске асыру жөнінде бірлескен жол картасын дайындадық. Менің ойымша, мұның барлығы біздің бірлескен сауда, қандай да жаңа бірлескен жобалар бастамасын дамытуда көрінетін болады", – деді Қаныш Төлеушин.
"АӨСШК аясындағы бизнес-форум сияқты шаралар біздің еліміздегі шағын және орта бизнеске қатысты қызықты идеяларды талқылау мен ұсынудың алаңы болады. Яғни тиімді жұмыспен қамту, жұмыссыздық және технологиялардың трансферті сияқты мәселелерді біздің іскери байланыстарымыз арқылы ғана шешуге болатынына барлығымыздың көзіміз жетті. Бүгін Қытайдан шамамен 30 кәсіпкер, сонымен бірге басқа да елдерден 10 кәсіпкер келді",– деді Қаныш Төлеушин.
Оның ойынша, тәжірибе алмасу осы елдерде кәсіпкерліктің бірлесе дамуына әкеледі.
"Барлық жақсы нәрсе бірте-бірте таратылады, біздің елімізде де шағын және орта бизнес дамитын болады деп ойлаймын",– деді Қаныш Төлеушин.
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) бойынша Хатшылықтың міндетін атқаршы директор, елші Гун Цзяньвэй бизнес-форумды ұйымдастырғаны үшін "Даму" қорына алғысын білдірді.
"Қазақстандық "Даму" қорына алғысымыз шексіз, себебі олар бүгінгі шараны ұйымдастырушы болып отыр. Ұйымдастыру өте жоғары деңгейде",– деді Гун Цзяньвэй.
Ол КСРО тарағаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бастамасымен құрылған АӨСШК жүйесіне кіретін 26 ел не ұсынатын атап кетті.
Сонымен қатар, АӨСШК-ке мүше 26 елде бизнесті дамыту жөніндегі ынтымақтастық жоспарының әлеуеті зор.
"Ынтымақтастыққа келер болсақ, бес өлшемді қамтитын сенім шараларының каталогын құрғандықтан, экономика саласындағы ынтымақтастық шеңберінде үлкен әлеуетті көріп тұрмын. Олар: әскери-саяси өлшем, экономикалық, экологиялық, гуманитарлық және жаңа сынақтар мен жаңа қауіптерге қарсы күрес. Олардың арасындағы ең негізгісі, сірә, экономика шығар, экономика тек дамуға ғана жұмыс істемейді, экономика қауіпсіздік сезімін күшейтеді. Ең бастысы, біз осы науқанға және Азияда жалпы қауіпсіздікті қалайтын ұйымға біріктік. Жақсы экономика мен қауіпсіздік болса, тұрақтылық жартылай қамтамасыз етілді деген сөз", – деді ол
Оның айтуынша, осыған байланысты экономикалық, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлікте өзара іс-қимыл қарқыны артып келеді.
"Сол себепті де біз қазір экономикалық өлшемді дамытып жатырмыз. Қазір шағын және орта бизнесті дамыту үшін іс-қимыл жоспарын қабылдап қойдық. Өте көп салаларды қамтитын боламыз, атап айтқанда ШОБ, энергетика да бар. Ол экономиканың өсімі үшін ғана емес, сонымен қатар экономикалық қауіпсіздік үшін де қажет. Соңғысы Жібек жолы дәлізіндегі қытайлық бастамаға сай келеді. Сондай-ақ тоқыма өнеркәсібінде де, металлургияда ынтымақтастық орнатылады. Экономиканың барлық салаларын қамтиды. Барлық мүдделі елдер, компаниялар, бизнесмендер бірігіп, танысу үшін жақсы алаң құруға тырысамыз", – деді ол.
Бизнес-форумға қатысушылар франчайзинг саласындағы ұсыныстармен танысатын болады. Атап айтқанда, JollyVolly кофеханалар желісінің маркетологы Дания Маймакова abctv.kz-ке мәлім еткендей, ықтимал франчайздар (франшиз алушылар) франшиз төлеу кезінде "Даму" қорының қаражаттарын пайдалана алады.
"Біз осындай да нұсқаны қарастыра аламыз. Ол жағынан мәселе туындамайды деп ойлаймын", – деді Дания ханым.
Жалпы Қазақстанда қазірдің өзінде 30 кофехана жұмыс істесе, соның 70%-ы Peugeot автомобилі базасында жасақталған. Осылайша, кәсіпкерлердің спорттық жарыстар өтіп жатқан орындарда кофеге қандырып немесе көшпелі дастархан жаюға мүмкіндіктері бар. Шағын стационарлық кофеханалық дүңгіршектің құны 6 млн теңге болса, мобильдік түрі 9,5 млн теңге тұрады.
"Еліміздің ірі банктер желісі өздерінің ірі іс шаралары, форумдары, пленарлық отырыстарында да бізбен жұмыс істейді", – деп атап кетті Дания Маймақова.
"Олимп" клиникалық-диагностикалық зертханасы франшизаларды беру арқылы дамуға шешім қабылдады. Компания 2007 жылдан бастап дамып келеді, 200-ден астам процедуралық кабинеті бар. Бірақ өзінің дамуын кеңейтуге және жылдамдатуға ниетті.
"Олимп" КДЗ-ның сату жөніндегі маманы Оксана Үсенованың айтуынша, франшизаны іске қосу туралы шешім жақында ғана қабылданған.
"2017 жылдың қаңтарынан бастауды жоспарлаған болатынбыз. Себебі "Олимп" КДЗ компаниясының құрылғанына 18 қаңтарда он жыл болады. Алайда "Даму" қоры аталған конференцияға қатысуға мүмкіндік беріп, көрме қабырғасын ұсынғандықтан, франшиздардың ашылуын дәл осы күні көрсетуге шешім қабылдадық. Бұл біздің компаниямыз үшін стратегиялық шешім", – деді "Олимп" КДЗ сату жөніндегі маманы.
Сонымен бірге "Олим" КДЗ брендімен жұмыс істеудің стандартты тұтас жарнасы немесе бір жолғы төлемі 1 млн теңге болады.
"Бизнес үшін дайын пакеттерімен және шешімдерімен дайын бизнесті ұсыныс етеміз. Халыққа біздің процедуралық кабинеттеріміздің ашылуынан табыс табуды ұсынамыз",– деді Оксана Үсенова.
Компания өзінің бизнесін дамыту үшін "Даму" қорынан қаражат алған.
"Бизнестің жол картасы –2020 бағдарламасына қатыстық. Осыған сәйкес тек жеке тұлғаларды ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік мекемелерді зертхана қызметімен қамтамасыз ете алатын ірі зертханалар аштық. Осы зертханаларды ашу үшін "Даму" қорынан қаражат алғанбыз", – деді "Олимп"КДЗ маркетологы Әсел Сұлтанбай.
Жанболат Мамышев
жарнама құқығында