​Банктердегі өтелмей тұрған қарыздар үлесі 9%-ға дейін төмендеді

Камила Абдиева Камила Абдиева
2297

Сәуір айында активтер сапасының жақсаруына ауқымды қарызды есептен шығарған Қазкоммерцбанктің қосқан үлесі зор болды.

​Банктердегі өтелмей тұрған қарыздар үлесі 9%-ға дейін төмендеді

2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің активтері 23,86 трлн теңгеге дейін жетіп, болмашы (+0,4%, немесе 95 млрд) ғана өсім көрсетті. Әдеттегідей олардың ең үлкен бөлігін (56%) қарыз қоржыны құрайды, ол бір ай ішінде баяу өсім көрсетіп, 13,4 трлн теңге болды.

Қарыздардың өсуі, әсіресе, Халық банкі (+61,4 млрд теңге) пен Qazaq Banki-інде (22,4%-ға өсу немесе 40 млрд теңге) байқалды. Осы екі банктен кейінгі орында Еуразиялық банк (+26,7 млрд немесе 4,4%-ға), "Цеснабанк" (+23 млрд) және Kaspi (+21,9 млрд). Бұл көрсеткіш бойынша кері нәтиже көрсеткендердің ішінде көш бастап тұрғандар – Қазкоммерцбанк (-77,5 млрд немесе 5,4%-ға), "ЦентрКредит" банк (-26,4 млрд) және Астана банкі (-11,6 млрд теңге).

Активтердің сапасы айтарлықтай өсті. Өтелмей тұрған қарыздар үлесі (төлеу мерзімі 90 күннен асып кеткен, NPL) мамыр айының басында бір пайыздық көрсеткішке (-128,6 млрд) 8,97%-ға дейін қысқарды, бұл 1,2 трлн теңгеге тең. Жалпы төлеу мерзімі өтіп кеткен қарыз бойынша да дәл осындай динамика тіркелді – минус 128,2 млрд теңге, 2,05 трлн теңгеге дейін.

Нарық ойыншылары ішінде қарыздарды есептен шығару арқылы NPL көлемі үштен бірге (159,4 млрд), 347,6 млрд теңгеге дейін қысқарған Қамкоммерцбанк динамикаға мейлінше үлес қосты. Шығын орын алған жағдайда керек болады деп жасалған провизиялар көлемі 8,5%-ға немесе 182,4 млрд теңгеге қысқарған, оның 202,2 млрд теңгесі Қазкоммерцбанкке тиесілі.

Ал қарыздар портфелінің нашарлауы Qazaq Banki-нде (2,2 есеге, 17,4 млрд теңгеге дейін өскен немесе қарыздың 8%-ы), Bank RBK (төрттен бірге, 47,5 млрд теңгеге дейін, 22,2%), Қазақстан Эксимбанкінде (үш есе, 4,8 млрд теңгеге дейін немесе 11,1%) және Астана банкінде (+20,3%, 14,25 млрд теңгеге дейін, 8,5%) байқалды.

Банктердің клиенттер алдындағы міндеттемелері 0,8%-ға (128 млрд) 20,82 трлн теңге деңгейіне дейін өсті. Олардың құрылымындағы негізгі өсім жеке тұлғалардың салымдарының молаюымен байланысты болды. Жеке тұлғалар салымы жалпы жүйе бойынша бір ай ішінде 2%-ға немесе 151 млрд, 8,23 трлн теңгеге дейін өскен, ал корпоративтік салымдар 0,4%-ға немесе 37,5 млрд, 8,31 трлн теңгеге дейін азайды.

Банктердің балансы бойынша депозиттік қорландырудағы жеке салымдар үлесі 50%-ға жуықтады, бұл ойыншылардың халықтың жинақтар үшін күресті жандандырды. Сәуір айының ортасынан бастап үш банктің тағдыры қыл үстінде болды.

Егер ресми статистикаға сенетін болсақ, үш банктің екеуінде, яғни Qazaq Banki (7%) пен Эксимбанк-те (5%) өтімділікке қатысты нақты проблемалар бары байқалған. Эксимбанктегі өтімділік проблемасы наурыз айында үш есе қысқарған. Ал Астана банкіндегі жағымсыз фактор I тоқсанда жинақталған шығынның көлемі 1,84 млрд теңгеге жетуі болды. Алайда Астана банкте жеке салымдардың қомақты портфеліне (81,5 млрд теңге немесе ҚР ЕДБ арасында 14 орын) ие болған.

Президент бұл банктердің көрсеткішін "нашар" дегенінен кейін, салымшылардың үдере күшуі басталды. Ең көп жоғалтқан Астана банкі екені айтпаса да түсінікті, өйткені бұл банктен әрбір үшінші жеке тұлға қош айтысып, жалпы 28,5 млрд теңгеден артық ақшаны шешіп алған. Егер қаражатты шешіп алуға шектеу қойылмағанда, үдере кеткен салымшылар бұдан да көп болар еді.

Бұдан әрі ақшаның жылыстау мөлшері бойынша Qazaq Banki (минус 10,1 млрд теңге немесе 25%), Capital Bank (үш есе немесе 2,95 млрд тенге), сондай-ақ AsiaCredit Bank (-2,08 млрд) тұр. Жеке клиенттердің ағынына қарап отырып, банктер арасында Қазкоммерцбанк (+43,6 млрд/+3,2%), Халық банк (+29,6 млрд/+1,8%), Kaspi (+24,5 млрд/+2,8%), Сбербанк (+17,6 млрд/+2,6%), Еуразиялық банк (+15,5 млрд/+4,3%) және "Цеснабанк" (+13,2 млрд/+1,9%)– бұл "дағдарыстың" бенефициары болды.

Корпоративтік салымшыларды жоғалту бойынша Сбербанк төбе көрсетіп қалды, сәуір айында банк заңды тұлғалар ішіндегі әрбір алтыншы салымшысынан (-91 млрд теңге) айырылған. Сонымен қатар Qazaq Banki (-33 млрд/25%), "ЦентрКредит банк" (-28,4 млрд/-5,8%), Қазкоммерцбанк (-24,8 млрд/-2,1%), "Альфа-банк" (-15,7 млрд/-10%) және Астана банктің де (-14,9 млрд/-8%) корпоративтік салымшылары кеткен.

Банктердегі өтімді активтер үлесі сол 40% деңгейінде қалды. Проблемалық үш банк туралы айтқанда, Qazaq Banki-де шамалы жақсару (9%-ға дейін өсу), болғанын, ал Эксимбанктің нашарлауы (4%) жалғасып жатқанын айту керек. Сондай-ақ Астана банкіндегі өтімділік 13%-ға дейін түсіп кеткен. Бірақ "Хоум Кредит Банк" (13%) және "Цеснабанк" (12%) сияқты банктермен салыстырмалы деңгейде тұр.

Ресейге қарсы жаңа санкция енгізумен қатар базалық мөлшерлемені 25 базистік көрсеткішке төмендету – мұнай бағасының қарқынды өскеніне қарамастан, теңге бағамына әсер етті. Ұлттық банктің мәліметі бойынша, депозиттерді долларсыздандыру 1 пайыздық көрсеткішке 45%-ға (7,67 трлн теңгеге дейін) өскен. Көп жағдайда бизнес долларға қолдау жасады, ал қазақстандықтар болса теңгеге көшіп жатыр. Қысқамерзімді және шамалы ауытқушылықтарды ескермегенде, жалпы ақша нарығындағы жағдай тұрақты болды.

2018 жылдың сәуірінде қазақстандық банктер 69,5 млрдт теңге пайда тапқан, оның жартысынан көбі (51%) Қазақстан Халық банкіне (35,5 млрд теңге) тиесілі. Егер есеп беру айында 10,2 млрд теңге пайда тапқан еншілес Қазкоммерцбанктің көрсеткіштерін жинақтайтын болсақ, онда бұл ойыншылардың үлесі айлық табыста 65%-ға дейін өседі.

Айды жақсы табыспен аяқтағандар ішінде Kaspi ( 7,6 млрд теңге), "Ситибанк" (2,7 млрд), Тұрғын үй құрылыс жинақ банк (2,6 млрд), Fortebank (2,1 млрд), "Хоум Кредит" (1,75 млрд) және "Цеснабанк" (1,56 млрд) бар. Ал шығынға батқандар Астана банкі (717 млн теңге), "Нұрбанк" (минус 55 млн) және "Пәкістан Ұлттық банкінің" Қазақстандағы ЕБ (1 млн). Жалпы сектор бойынша қаңтар-сәуір айларындағы табысы 283,9 млрд теңге болған, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 2,4 есе көп.

ЕДБ бойынша қаржылық жиынтық есептілікті сараптайтын болсақ, онда наурыз айында пайыздық кірістердің 3%-ға (немесе 5,57 млрд теңгеге), 178,2 млрд теңгеге дейін өскенін айтып кету керек. Баптар бойынша ол капитал мен субардинацияланған қарызға (бір ай мен келесі ай арасында жеті есе немесе 6,2 млрд, 7,1 млрд теңгеге дейін өскен) салынған инвестициядан түскен сыйақы және құнды қағаздар бойынша (+18%, немесе наурызда 2,4 млрд, 15,5 млрд теңгеге дейін) түскен табыстан келеді.

Жалпы алғанда, пайызсыз шығыстар ұқсас кірістер өсімінің деңгейімен салыстырмалы түрде өсті. Алайда ұқсас шығыстар тек 12%-ға (7,25 млрд), 65,5 млрд теңгеге дейін ғана артқанда, кірісі 71%-ға немесе 46,5 млрд,109,6 млрд теңгеге дейін өскен дилингтік операцияларды ерекше атап кетуге болады.

Гүлназ Ермағанбетова, Камила Абдиева 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу