1 қыркүйекке дейін кімдер вакцина алу керек

3161

Жаңа қаулы 15 шілдеден бастап күшіне енеді.

1 қыркүйекке дейін кімдер вакцина алу керек

2021 жылғы 1 қыркүйекке дейін мемлекеттік және медицина қызметкерлері, кәсіпкерлер, жүргізушілер, қоғамдық тамақтану орындарында жұмыс істейтін адамдар коронавирусқа қарсы вакцина алуы керек. Бұл туралы Қазақстанның бас санитар дәрігерінің қаулысында жазылған деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қаулыға сәйкес, қызмет көрсету объектілері (халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), "Қазпошта" АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары моншалар, сауналар, бассейндер және тағы басқа объектілердің қызметкерлері 1 қыркүйекке дейін СOVID-19-ға қарсы екпені толық алуы керек.

"Жұмыскерлерге (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 айда COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) 2021 жылғы 10 тамызға дейін COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін, ал 1 қыркүйекке дейін вакцинаның екінші компонентін алуды ұйымдастырсын", – деп жазылған қаулыда.

Сондай-ақ коронавирусқа қарсы екпе алмаған қазақстандықтар елге оралған кезде 3 тәулікке карантинге жатқызылады. 

"Қазақстанның келген азаматы және Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар адамдар (осы қосымшаның 2-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда) Анықтама және Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцинация алғаны туралы құжат болмаған кезде ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін карантин стационарына 3 тәулікке дейін оқшаулауға жатады. COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін материал алуды медициналық-санитариялық алғашқы көмек  маманы жүзеге асырады. 
COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін теріс нәтижесі бар адамдардан тиісті қолхат алына отырып, COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі", - деп жазылған қаулыда.

Ал ПТР анықтамасы оң нәтиже көрсеткен қазақстандықтар инфекциялық стационарға емдеуге жатқызылады.

Коронавирустан қайтыс болған адам қалай жерленеді?

Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысына сәйкес, ауруханада COVID-19-бен ауырған немесе соған ұқсас аурумен ауырған науқас қайтыс болған жағдайда (заң аясында) паталогоанатомиялық зерттеу жүргізіледі.

"Қалалық және облыстық қоғамдық денсаулық басқармалары COVID-19-дан қайтыс болған адамдардың мәйіттерін патологоанатомиялық зерттеу жүргізілетін патологоанатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдарды анықтайды... (Мәйітті – автор) ашу желдетілетін секциялық бөлмеде жүргізіледі, желдету жүйесі сағатына кем дегенде алты еселік ауа алмасуды қамтамасыз етуі тиіс. Ашуға жеке қорғаныш құралдары бар бір дәрігер (патологоанатом) және екі санитар қатысады",деп жазылған қаулыда. 

Жерлеу рәсіміне қатысушылар жеке қорғаныш құралдарын (маска, қолғап) пайдалануы тиіс, әрі 2 метр арақашықтықты сақтауы керек.

Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Дәурен Ерболат


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу