2022 жылғы әскери қақтығыстар аясында Қазақстанның әскери қуатының индексі қандай?

1157

Елдің қорғаныс бюджетін талдау нендей сырлардың бетін ашады немесе қарулы күштер қандай қару-жараққа ие екенін іnbusiness.kz анықтады. 

2022 жылғы әскери қақтығыстар аясында Қазақстанның әскери қуатының индексі қандай? Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Стокгольм халықаралық бейбітшілік проблемаларын зерттеу институты (SIPRI) - Стокгольмде орналасқан халықаралық институт. 1966 жылы құрылған институт баяндамасында қарулы қақтығыстар, әскери шығындар мен қару-жарақ саудасы, қарусыздану мен қару-жарақты бақылау туралы ақпарат беріліп, талдау жүргізіледі, соңында ұсыныстар айтылады. Бұл материал сол талдау мен ақпаратқа негізделген.

SIPRI сарапшылары атап өткендей, Украинадағы соғыс ешкімді бей-жай қалдырмағанымен, Украина 2022 жылы қарулы қақтығысты бастан өткерген 56 елдің бірі ғана. Солтүстік-Шығыс Азия — Қытай мен Америка Құрама Штаттары (АҚШ) мен оның одақтастары арасындағы шиеленісті әрі қауіпті қатынастардың ошағына айналып отыр. Аймақтың тыныштығының бұзылуына Корея Халықтық Демократиялық Республикасы (КХДР) зымырандары бұзып отыр, бір жыл ішінде 90-нан астам зымыран сынақтары өткізілді. Қарулы қақтығыс болған мемлекеттердің жалпы саны 56-ны құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда олардың саны тағы 5 елмен толықты. Осы қарулы қақтығыстардың үшеуін (Украина, Мьянма мен Нигерия) шамамен 10 000 немесе одан да көп адам қатысқан, өлім саны бойынша ірі қақтығыстар ретінде жіктеуге болады. Эфиопиядағы азамат соғысы да бұл шекті еңсерген болуы мүмкін, өйткені нақты деректер болмаса да, ондаған мың адам қаза тапты деген пікір кең таралған.

Оған қоса тағы 16 жағдайды 1000-нан 9999-ға дейін адам қаза тапқан қарқынды қарулы қақтығыстар қатарына енгізуге болады. Түрлі жанжалдардан қаза тапқандардың жалпы саны 147 609 болды, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен сәл төмен. Алайда, өлім-жітімнің азаюы, зорлық-зомбылықтың деңгейі төмендеді деген сөз емес, кейбір аумақтарда жағдай ушыға түскен. Ауғанстан мен Йемен сияқты ұзаққа созылған ауыр қарулы қақтығыстардың кейбір жерлерінде өлім деңгейі айтарлықтай төмендеді. 

Украинада тіркелген өлім саны күрт өсті, ал Мьянмада қайтыс болғандар саны екі есе артқан. Африка қарулы қақтығыстардың барынша шоғырланған аймағы болып қала береді, дегенмен олардың көпшілігінде 1000-нан аз адам қаза тапты. SIPRI сарапшылары 2022 жылы Африкада екі сәтті мемлекеттік төңкеріс пен үш сәтсіз төңкеріс әрекеті тіркелді, ал басқа аймақта мұндай өзгерістер болған жоқ.

Институттың мәліметінше, 2022 жылы 64 белсенді көпжақты бітімгершілік операциялар жүргізілді — бұл өткен жылмен салыстырғанда бір операцияға көбірек. Олардың бесеуі 2022 жылы басталды: Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Қазақстандағы бейбітшілікті қолдау жөніндегі ұжымдық күштері; Африка одағының Сомалидегі өтпелі миссиясы; Батыс Африка мемлекеттерінің Гвинея-Бисаудағы тұрақтандыруды қолдау жөніндегі экономикалық қоғамдастығының миссиясы; Конго Демократиялық Республикасындағы Шығыс Африка қауымдастығының аймақтық күштері мен Африка одағының Эфиопиядағы қадағалау, тексеру әрі талаптардың орындалуын қадағалау миссиясы. 

Төртеуі 2022 жылы аяқталды: ҰҚШҰ-ның Қазақстандағы ұжымдық бітімгершілік күштері; Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ) Украинадағы арнайы мониторингтік миссиясы; Африка одағының Сомалидегі миссиясы; және Минданаодағы халықаралық бақылаушылар тобы.

2022 жылы Дүниежүзілік әскери шығындар сегізінші жыл қатарынан өсіп, шамамен 2,24 трлн долларға жетті, бұл SIPRI-де тіркелген ең жоғары деңгей. Шығындардың жылдық мәнде 3,7 пайызға өсуіне қарамастан, әлемдік әскери шығындар әлемдік жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) үлесі ретінде — әскери ауыртпалық — 2,2 пайыз деңгейінде қалды, өйткені әлемдік экономика 2022 жылы да өсті. Әлем армияға бюджеттерінің орта есеппен 6,2 пайызын немесе бір адамға 282 доллар жұмсады.

Таяу Шығыстағы әскери шығындар төрт жылда алғаш рет 3,2 пайызға өсті. Сауд Арабиясы аймақтағы әскери шығындардың ең ірі жеткізушісі болғандықтан, ондағы көрсеткіштің 16 пайызға өсуі аймақтық өсімнің негізгі себебіне айналып отыр. Израильде әскери шығындар 4,2 пайызға қысқарды.

Азия мен Мұхит елдеріндегі шығындар 2022 жылы 2,7 пайызға өсті. Қытайдың жалғасып жатқан әскери модернизациясы мен Үндістан мен Жапонияның шығындарының артуы аймақтағы әскери шығындардың өсуіне ықпал ететін негізгі факторларға айналды. Жапонияның әскери ауыртпалығы үшінші жыл қатарынан 1,0 пайыздан асады және 1960 жылдан бергі ең жоғары деңгейде. Сонымен қатар, Үкімет жалпы қауіпсіздік шығындарын 2027 жылға қарай ЖІӨ-нің 2,0 пайызына дейін арттыру жоспарын жариялады. Жапондық қауіпсіздік саясатының өзгеруі, Қытай мен Солтүстік Кореямен аймақтық шиеленістің ушығуына жауап ретінде қабылданған шара. 

Қытайдың әскери шығындары 28-ші жыл қатарынан 4,2 пайызға өсті. Аспан асты елі мен АҚШ шығындары арасындағы алшақтық едәуір қысқарды. АҚШ әскери шығындары жағынан бірінші орынды ешкімге бермегенімен, инфляцияның өте жоғары деңгейі әскери шығындардың номиналды өсімін 8,8 пайызға нақты мәнде 0,7 пайызға арттырды. Нәтижесінде Америкадағы жалпы әскери шығындар шамалы ғана – 0,3 пайызға өсті.

Негізгі қару-жарақ жеткізушілері

SIPRI 2018-2022 жылдары 63 мемлекетті негізгі қару-жарақ экспорттаушылары ретінде таныды, бірақ олардың көпшілігі қосалқы экспорттаушылар қатарында. 25 ірі жеткізуші жалпы экспорттың 98 пайызын құрады, ал осы кезеңдегі 5 ірі жеткізуші — АҚШ, Ресей, Франция, Қытай мен Германия — жалпы экспорттың 76 пайызын құрады.
1950 жылдан бастап АҚШ пен Ресей (немесе Кеңес Одағы 1992 жылға дейін) үнемі ең ірі жеткізушілер қатарынан табылып келді. Алайда, 2018-2022 жылдары АҚШ әлемдегі ең ірі қару-жарақ жеткізушісі ретіндегі позициясын нығайтқаннан бастап Ресей арасындағы алшақтық артты. 2018-2022 жылдары АҚШ-тың қару-жарақ экспорты 2013-2017 жылдарға қарағанда 14 пайызға жоғары болды, ал оның әлемдік үлесі 33 пайыздан 40 пайызға дейін өсті. Керісінше, Ресейдің қару-жарақ экспорты 31 пайызға қысқарды, ал оның әлемдік көлемдегі үлесі 22 пайыздан 16 пайызға дейін төмендеді. Болашақ жеткізілімдердің белгілі жоспарлары АҚШ пен Ресей арасындағы алшақтықтың артатынын және бірнеше жылдан кейін Ресей қару-жарақтың екінші ірі жеткізушісі мәртебесінен айырылатынын көрсетеді.

Үшінші ірі жеткізуші Францияның қару-жарақ экспорты 2013-17 және 2018-2022 жылдар аралығында 44 пайызға өсті, ал Қытай мен Германияның экспорты сәйкесінше 23 пайыз бен 35 пайызға төмендеді.

Әлемдік ядролық әлеует

2023 жылдың басында тоғыз мемлекет — АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция, Қытай, Үндістан, Пәкістан, Корея Халықтық Демократиялық Республикасы (КХДР немесе Солтүстік Корея) мен Израильдің қоржынында шамамен 12 512 ядролық қару бары белгілі, олардың 9576-сы қолдануға жарамды болуы керек. Осы оқтұмсықтардың 3844-і жедел күштерге орналастырылды, оның ішінде 2000-ға жуығы жоғары жауынгерлік дайындық жағдайында болды, яғни өткен жылдан бері ештеңе өзгерген жоқ.

ТМД елдері бойынша әскери шығындар

SIPRI әскери шығындар базасы 1949-2022 жылдар аралығындағы 173 елдің деректерін қамтиды. Біз Тәуелсіз Мемлекеттер достастығына кіретін елдердің көрсеткіштерін теріп алып, Қазақстан бойынша жеке деректерді жасадық.

2022 жылы Қазақстанда доллармен көрсетілген әскери шығындар үштен біріне, 1,6 млрд доллардан 1,08 млрд долларға дейін қысқарды. Номиналды түрде армияға Қазақстаннан көбірек тек Ресей (71,98 млрд доллар) мен Украина (43,98 млрд доллар) ғана жұмсайды. Салыстырмалы түрде біраз шығындалғандар қатарында Әзербайжан - 2,66 миллиард доллар мен Беларусь – 792,2 миллион доллар. Армения (634 миллион АҚШ доллары), Грузия (292 миллион доллар), Қырғызстан (131 миллион доллар) және Тәжікстан (93 миллион доллар). Өзбекстан бойынша деректер жоқ.
Алайда, абсолютті сандар кейде толық мағлұмат бермейді. Сондықтан, егер сіз аймақ елдерінің әскери бюджеттерін олардың ЖІӨ-мен салыстырсаңыз, онда жағдай біршама өзгереді. Украина бұл жерде сөзсіз көшбасшы, себебі ол қорғанысқа ЖІӨ-нің 33,5%-мен салыстыруға болатын бюджетті жұмсайды. Ал Ресейдің ЖІӨ-дегі әскери шығынының үлесі әлі де 4%-дан әлдеқайда төмен. Әзербайжан (елдің ЖІӨ-нің 4,5%), Армения (4,3%), Өзбекстан (3,5%, 2018 жылғы деректер), Грузия (1,4%), Қырғызстан (1,4%) және Беларусь (1,2%). Тәжікстан мен Қазақстанның әскерге жұмсалатын шығындары салыстырмалы түрде әлдеқайда төмен, сәйкесінше ЖІӨ-нің 1% мен 0,5%-ын құрайды.

Егер әскери бюджетті жан басына бөлсек, одан да қызығырақ нәтижеге келеміз. Мұнда көшбасшылық келесідей. Украина әскерге жан басына шаққанда 1018,6 доллар жұмсайды; Ресей 592,3 доллар, ал үштікті Әзірбайжан (жан басына шаққанда 290,3 доллар) жабады. Одан кейін Армения ($267,5), Грузия ($90,7), Беларусь ($87), Қазақстан ($58,9), Өзбекстан ($44,3 деректер 2018 жыл), Қырғызстан ($22,2) және Тәжікстан ($10,3) тұр. Түркіменстан бойынша деректер жоқ.

Деректерден көріп отырғанымыздай, Қазақстан халық санына қарай бөлгенде басқа Орталық Азия елдеріне қарағанда әскерге көбірек қаражат жұмсайды, дегенмен біздің экономика көлемін ескерсек, шығындарды бірнеше есеге арттыруға болатын еді. Президент айқындайтын елдің сыртқы саяси бағыты бейбітшілік ұстанымын негізге ала отырып, дауларды шешімін дипломатиялық құралдармен шешуге бағытталады. Қатынастардағы тұрақтылықтың негізгі факторларының бірі — делимитация процесі мен Ресеймен шекараны белгілеу процесінің уақытылы аяқталуы.

Қазақстан армиясының жауынгерлік кезекшілігінде тұрған қару-жарақтың физикалық арсеналы туралы айтар болсақ, бұған дейін inbusiness.kz бұл тақырыпты егжей-тегжейлі қарастырғанын (https://inbusiness.kz/ru/news/kakoe-mesto-zanyal-kazahstan-v-rejtinge-voennoj-moshi-v-2023-godu) еске саламыз. Globalfirepower нұсқасы бойынша 2023 жылдың қорытындысы бойынша әскери күш рейтингінде Қазақстан әлемнің 145 елінің ішінен 63-орынды иеленді. Ұйымның талдаушылары 2006 жылдан бастап әлем елдерінің Қарулы Күштерінің әлеуетін талдап келеді. Бұл рейтингте АҚШ көшбасшы, екінші орында Ресей, ал Қытайдың үштікті жабады, одан кейін Үндістан, Ұлыбритания мен Оңтүстік Корея тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу