31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

2929

Қуғын-сүргін жылдары ішінде Қазақстан аумағында құрылған лагерьлерге 5 миллионнан астам адам жіберілді. 

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Фото: Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасы баспасөз қызметі

31 мамыр – Қазақстан тарихындағы ең қасіретті беттердің бірі – миллиондаған адамдардың өліміне әкелген жаппай саяси қуғын-сүргін мен алапат ашаршылықты еске алу күні, деп жазады inbusiness.kz.

Президент Twitter-дегі ресми парақшасында 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жазба жариялады.

"Азалы күндерден сабақ алып, мұндай нәубеттің келешекте қайталануына жол бермеу – баршамызға ортақ парыз. Біз ауыр сынаққа төтеп берген, ұлт бірлігін сақтап қалған және асыл қасиеттерін жоғалтпаған ата-бабамыздың үмітін ақтауымыз қажет" , - деді Қасым-Жомарт Тоқаев 

Жалпы, зерттеушілер деректеріне сүйенсек, 1927-53 жылдары Қазақстан бойынша 100 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 20 мыңы атылды.  

Қазақстан аумағында ГУЛАГ құрылымының ең ірі лагерлері - АЛЖИР, Степлаг, Карлаг болды. Республика бір үлкен түрмеге айналды. Қуғын-сүргін жылдары Қазақстанның лагерьлеріне 5 миллионнан астам адам жер аударылды. Кейбір мәліметтерге сәйкес, тұтқындардың жалпы саны бұл көрсеткіштен едәуір асып түседі.

Елімізде 1997 жылдан бері Қазақстанда жыл сайын Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып өтіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу