Алаяқтар қазақстандық саяхатшыларды 10 млн доллар шығынға отырғызды

1974

Туристі алдаушылар көбейіп келеді.

Алаяқтар қазақстандық саяхатшыларды 10 млн доллар шығынға отырғызды

Тек 2017-2018 жылдары ғана 200-ден астам қазақстандық оннан астам турфирманың алаяқтық іс-әрекеттерінен 153 млн теңгеге зардап шекті.

"Туристік Қамқор" қорының баспасөз қызметінің мәліметінше, 2017 жылы турфирмалардың алаяқтық іс-әрекеттердің 4 жағдайы тіркелген. Оннан астам адам осы жалғыз турфирманың заңсыз іс-әрекетінің құрбаны болып, 16 млн теңгеден астам зиянға отырған.

Мысалы, 23 жасар кәсіпкер 2017 жылғы сәуірде Instagram арқылы турларды сатуды ұйымдастырып, алдау жолымен төрт жәбірленушіге Доминикан республикасына және Біріккен Араб Әмірлігіне төмен бағамен жалпы сомасы 4,4 млн теңгеге саяхат ұйымдастыруды уәде еткен.

Сол жылдың тамызында туристік жолдамаларды ұсынып, 10 млн теңгені алдау жолымен иемденген Астанадағы туристік компания басшысын қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы полицияға өтініш келіп түсті.

Сәл кейінірек, қазанда астаналық турфирманың бас директоры жауапкершілікке тартылды. Шетелге саяхаттауды ұсынған ер адам елорданың 57 жасар тұрғынының 1 миллионнан астам теңгесін қолды қылған.

Дәл сол айда күйеуімен бірге аңдаусыз арамқол турфирманы таңдаған, одан Чехияға билет сатып алған әйел полицияға жүгінді. Ұшардың қарсаңында оларға турфирма белгілі бір проблемалар туындағанын хабарлайды. Әйел адам олардың билеттерінің броні жойылғанын біледі. Кейін турфирманың алаяқтық іс-әрекеттерінің басқа құрбандары полицияға арызбен жүгінген. Соның негізінде директор тұтқындалды.

Бұдан бөлек, 2018 жылы 200 адам 7 турфирманың және олардың менеджерлерінің алаяқтық іс-әрекеттерінен жалпы сомасы 137 млн теңгесінен айырылды.

Атап айтқанда, шетелге саяхат маусымы саналатын шілденің өзінде турфирмалар тарапынан алаяқтықтың 4 фактісі тіркелді.

Мысалы, Алматыдағы туристік компания 30 қазақстандықты 19 млн теңгеге алдаған. Фирма Түркияға жолдамаларды арзан бағамен сатумен айналысқан. Зардап шеккендердің айтуынша, олар хабарласқанда қонақ үй бронь қойылғанын расталмаған, осыдан кейін турфирманың ісіне күмән туындай бастаған.

Тура сол айда Алматыда турфирманың алаяқтық іс-әрекеттерінен тағы 10 адам зардап шеккен. Шығын сомасы 10 млн теңгеден асты.

Сонымен қатар, 47 үндістандық турист Қазақстанға келмек болып, құжаттарын ресімдеу міндетін қазақстандық фирмаға тапсырып және сол қызметі үшін 5 млн теңге төлеген. Кейін анықталғандай, фирма оларға визаны ресімдемеген болып шықты, ақшаны да қайтармай тайып тұрған.

Басқа жағдай 2018 жылғы маусымда Қарағандыда орын алды. Демалысқа шетелге ұша алмаған және оның сыртында ақысы төленбеген қонақ үйде қарыз қолхаттарымен қалған 18 адам полиция арқылы  турагент директорына іздеу салды. 

Ал қыркүйекте Өскеменде 60-тан астам адам туркомпаниялардың іс-әрекеттерінен зардап шекті. Директорға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция дерегінше, келтірілген шығын сомасы 30 млн теңгені құрады.

Қазан айында 50 адам алаяқ компаниядан Оңтүстік Кореяға тур сатып алды. Зиян шеккендер тиісті арыздарымен полицияға жүгінді. Келген шығынның жалпы сомасы – 17 млн теңге.

Өткен жылдың соңы да турфирмаларға қатысты дауға ұласты. Желтоқсанда Ақтөбеде турфирма менеджері 56 млн теңгені жымқырып, қашып кеткен. Сотта компания өкілі өз клиенттерінің демалыстарын жоспарлағандай, шетелде өткізе алмағанына өз турфирмасының кінәсі жоқтығына сендіріп бақты. Себебі олардың менеджері клиент ақшаларын қалтасына басып, қашып кеткен болып шықты. Тиісінше, турфирманың өзі зардап шегуші жақ болып саналып, менеджерді халықаралық іздеуге салған.

Жалпы алғанда, "Туристік Қамқор" сарапшыларының айтуынша, 2010 жылдан бері Қазақстанда туристік маусымда не туроператордың банкротқа ұшырауына, немесе алаяқтық схемалардың іске асырылуына, болмаса, әуе компаниялардың чартерлеріне қатысты проблемалардың туындауына қатысты оқиғалар болмаған, яғни дау шықпаған бір де бір жыл жоқ.

Осы уақыт аралығында 12 мыңнан астам адам зардап шеккен, ал шығын сомасы он миллион доллардан асып түсті.

Тұтастай алғанда, елімізде шамамен 140 компания сырт елге шығу туризміне қызмет етеді, яғни саяхатшыларды елімізден жатжұрттарға алып кетеді.

Қалған 80-нен астам компания өз қызметін құқықтық шеңберден тыс жүзеге асыруда. Олар саладағы бірлестіктерге кірмей, саяқ жұмыс жасайды екен.

Жанат Ардақ

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу