Алексей Цой Қазақстанда ревакциналау қашан басталатынын айтты

2304

Алдағы уақытта дәрігерлерді ревакциналау жүргізіле ме? Жоспар қандай? Бұл сұраққа Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жауап берді, деп хабарлайды  inbusiness.kz  порталы. 

Алексей Цой Қазақстанда ревакциналау қашан басталатынын айтты

Осы жылдың ақпан айында елде бірінші болып медицина қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцинаны алған болатын. Содан бері алты ай өтіп кетті. Яғни сол медицина қызметкерлерінің індетті жұқтыру қаупі қайта туындап отыр. 

"Иә, ревакциналауды жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта бұл бағытта амал-әдістер айқындалуда. Алайда ревакциналаудың екі ұғымы бар: бірі жедел (жалпы 60-70 пайыздық деңгейде ұжымдық иммунитетті алғанға дейін), екіншісі жоспарлы ревакциналау. Ол жылына бір рет салынады. Яғни Қазақстан басқа елдерден қарағанда кеш, яғни осы жылдың ақпан айынан бастап вакцина ала бастады. Ал вакцина алғандардың басым бөлігі маусым және шілде айларында тіркелді. Сондықтан антиденелеріміз әлі жаңа. Сол себепті екінші доза алынғаннан кейін шамамен 9 айдан кейін бізде күнтізбеге ол кіреді", – деді Алексей Цой.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта ревакциналау мерзімін мамандар әлі пысықтап жатыр. 

"Негізінен әлемде өткен жылдан бастап вакцина ала бастаған мемлекетттер қазір ревакциналау туралы көбірек айта бастады. Бұл қатардағы мемлекеттерге Израиль, АҚШ, Ресей мемлекеттері жатады. Ол елдерде алғаш вакцина алғаннан бастап 9 ай өтіп те кетті. Сондықтан біз үшін қазіргі кезеңде ревакциналау туралы әңгіме қазан айында өзекті бола түсері анық. Ақпан айында бірінші болып вакцина алғандар үшін 9 ай 1 қазанда аяқталады. Біз әдістерді пысықтап, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бір ақылдасып, бәлкім, ревакциналау процесін сол тұста бастаймыз. Қазіргі уақытта халық енді ғана вакцина алып жатыр. Сол себепті олардың иммунитеті індетке төтеп бере алады",  деді министр.

Аян Бекенұлы
 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу