Алтын орда базары төңірегіндегі дау басылар емес

2037

Қоғам белсенділері сәуір айында басшылық ауысқанмен сауда орнындағы заңсыздықтар тоқтамағанын айтады.

Алтын орда базары төңірегіндегі дау басылар емес

Көрші елдерден келген топтар базарды өздігінше бөліп алып, билігін жүргізеді екен.

– Ондағы үнемі жазасыз қалатын ұрлық-қарлық пен қолдан жасалған қымбатшылыққа осы топтардың қатысы бар, – дейді астанада жиын өткізген заңгер.

Саудагерлер тарапынан да көптеген шағым түсіп жатқан көрінеді. Олар "Алтын орданың" қазіргі қожайыны тиісті жұмыстарды жүргізе алмай жатқанын айтқан. Ал компанияда 95 пайыз үлесі бар астанадағы экономикалық тергеу департаментінің бұрынғы қызметкері Хамзиннің құрылтайшылар құрамына қалай кіргені белгісіз дейді заңгер. Заңсыздықтарды тізген ол бұл мәселелерге базардың қазіргі иелері жауап беріп, тәртіп орнатуға міндетті деп отыр.

– Бұл шағын сауда орны емес қой, ірі логистикалық торап. Алматы, Алматы облысын қамтамасыз етіп отырған сауда орны. Бұл кем дегенде 3 миллион адам. Бұл стартегиялық нысан. Егер ол жердің жұмысында ақау болса, бұл әрқайсымыздың үстеліміздегі нанымызға, жеп отырған етімізге дейін әсер етеді. Сондықтан "Алтын орданың" тағдыры әрқайсымызды алаңдатуы керек, – дейді Дәурен Ғабдул.

 "Алтын орда" – еліміздің ең ірі мегаполисін негізгі азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ететін сауда орны. Осыдан 3 ай бұрын келген жаңа қожайын базардың ортадағы адамдардың қатысуымен көтерілетін бағаларға қатысты былықтарын жоюға уәде еткен. "Алтын орданың" бұрынғы құрылтайшыларының үстінен 2017 жылы базарды рейдерлік жолмен тартып алды деген арыз түскен болатын. Заңгер Дәурен Ғабдул қазір сауда орынның экс басшылары бизнес ошағын қайтарып алмақшы екенін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу