Алтынның бағасы тарихи өсімді көрсетіп отыр

1703

Дүниежүзілік алтын бойынша кеңес / World Gold Council әдеттегідей 2023 жылғы алтынға деген сұраныс бойынша өз есебін жариялады.   

Алтынның бағасы тарихи өсімді көрсетіп отыр Фото: canva.com

LBMA (PM) алтынның бағасы 2023 жылы бір унция үшін $2078,4 деңгейінде тұрақталып, тарихи мәнге жетті. Осылайша, жылдық кірістілік 15%-ды құрады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тарихи өсімнің алғышарттары ретінде әлемдегі геосаяси тұрақсыздық пен орталық банктердің жоғары сұранысы аталады.

Дәлірек айтсақ, Израиль мен Хамас арасындағы қақтығыс кезеңінде баға біршама өскен, кеңес бағалауы бойынша, бұл оқиға алтынның құнын 3%-дан 6%-ға дейін көтерген. Әлемдік орталық банктер тарапынан жоғары сұраныс бағалы метал құнына тағы 10% қосты.

Алайда өткен жылдың қорытындысы бойынша қорғаныс активіне әлемдік сұраныс 5%-ға, 4448 тоннаға дейін төмендеген. 1037 тонна жылдық таза сатып алу 2022 жылғы рекордқа сәл жетпей, 45 тоннаға кем көрсеткіш көрсетті. 

Ұлттық банктің хабарлауынша, 2023 жылы Қазақстанда керісінше алтынға деген сұраныс 1,5 есе артып, барлығы 1,6 тонна сары метал сатылды.

Сатып алушыларға құймалардың бес түрі ұсынылды. Айырмашылық тек салмақта болды. Әр құйма арнайы қаптамада сатылды және бірқатар қорғаныс элементтерімен қамтамасыз етілді. 2023 жылы қазақстандықтар негізінен ең үлкен 100 граммдық құйманы сатып алған.

Банктің мәліметінше, осындай 10,9 мың құйма сатылған, бұл сатылған алтынның жалпы санының 28%-ын құрайды. Жалпы өңірлер бөлінісінде үштікке – Алматы, Шымкент, Астана қалалары кірді.

Сонымен қатар Дүниежүзілік алтын кеңесі ETF-қорлар тарапынан қызығушылықтың төмендегенін айтып, бар болғаны 224 тоннаны құрағанын айтады, алайда сарапшылар мұндай динамиканың немен байланысты екенін түсіндірмеді.

2023 жылы құймалар мен монеталарға салынған инвестиция 3%-ға төмендеді. Бір қызығы, алтынның жоғары бағасы жағдайында зергерлік бұйымдарға сұраныс өзгеріссіз қалды.

Ресейлік БКС Экспресс сарапшылары 2024 жылы алтынға деген сұраныс жоғары болады деп болжайды. Банктердің сатып алулары жалғасады, сондықтан баға ұсыныстарына қолдау көрсетеді.

Олар геосаясатқа сенім артып отыр. Әлемдегі тұрақсыздық жалғасуда, алда АҚШ, Ресей, ЕО мен Үндістанда сайлау науқаны басталады. Тайваньда президенттік сайлау өтті, онда жапондық кандидат жеңіске жетті. Тайвань айналасындағы оқиғалар 2024 жылы маңызды болуы мүмкін. Аралдың айналасындағы жағдайдың шиеленісуіне негіз бар, ҚХР мен Жапония арасында ауыр қақтығыс болуы мүмкін.

Алтын бағасы мен сұранысының динамикасына әсер ететін тағы бір маңызды фактор – АҚШ ФРЖ саясаты мен пайыздық мөлшерлеме динамикасы.

Осылайша, алтынға салынған инвестициялар 2024 жылы өзекті болып қала береді.

Қазақстан нарығында алтынға әр түрлі жолмен инвестициялауға болады. Активті физикалық түрде сатып алуға, биржалық алтынды, алтын фьючерстерін, "алтын" облигацияларын, алтын өндірушілердің акцияларын сатып алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу