Astana Motorsports джипі – "Дакар" жарысында үшінші орынға ие болды

4492

Қазақстан жүргізушісі Денис Березовскийдің Toyota Land Cruiser джипінде жарысқан экипаж көп күнге созылған "Дакар-2017" жарысында үшінші орынға ие болды.

Astana Motorsports джипі – "Дакар" жарысында үшінші орынға ие болды

"Дакар" жарысының үшінші кезеңі Аргентинаның Сан-Мигель-де-Тукуманынан Сан-Сальвадор-де-Жужуйға дейінгі жерді қамтыды. Жарысқа қатысушылар 800 шақырым қашықтықты жүріп өтті. Жол трассасы өзеннің таяз тасты жерінен басталды. Бұл  көлік дөңгелегін шыдатпайды, сондықтан экипаж жүргізушілеріне ақырын жүруге тура келді. Алайда осыған қарамастан, құрамында жүргізуші Денис Березовский мен штурман Алексей Никижев бар Toyota Land Cruiser 200 көлігінде жарысқан қазақтың "жеңіл" экипажы Astana Motorsports үшінші орынға ие болып, жарыстың жалпы есебінде Т2 production класында төртінші орыннан үшінші орынға жылжыды.

"Арнайы учаскенің алғашқы бөлігін артқы қатарда жүріп өттік. Зырлап отырып, көптеген жерде басып оздық. Ұйымдастырушылар жарыста жолсыз жер көп болады деп уәде берген-тін. Айтқандарын артығымен орындапты", – деп жазды Денис Березовский командасының баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, осы кезеңдегі феш-феш (ұсақ құмды шаң, құрғақ цемент қоспасы сияқты, ол жерде тіпті жол таңдамайтын көліктің өзі тұрып қалады) триалмен (көлік жүре алмайтын әр түрлі кедергіден өту) ауысқан. Содан кейін "үлкен қойтастар" басталды. "Ең бастысы, машинамыз аман", – дейді қазақ жүргізушісі.

Сонымен бірге осы кезеңді өту кезінде "қазақтың" Toyota Land Cruiser 200 джипі бұзылып қалды. Содан кейін қасынан өтіп бара жатқан көліктің көмегімен ғана жүрді. Енді механиктер машинаның бұзылу себебін анықтау керек. Ал құрамында жүргізуші Артур Ардавичус, штурман Сержа Бринкенс және механик Майкл Хьюсман бар Astana Motorsports жүк экипажы үшінші кезеңде жарыс жолына 19-шы болып шықты. "Астана" жүк экипажы бүгінгі жарысқа бар күшін салды. Көліктің амортизаторлары тез жүретін жерлерге және қатты жерге есептелген болатын, ал жол шоқалақ болып шықты.

"Бүгінгідей шоқалақ жермен жүрген кезде жылдамдықты асыра алмайсың. Елу шақырымдай жер қашалған тас. Дөңгелекті жарып алмау үшін ақырын жүресің. Бұл аз болғандай, құмды шаңға біздің машинаның дөңгелегі жартылай батып кетті. Сөйтіп тұрғанда дөңгелек жарылды. Оны ауыстыру үшін машинаны қатты жерге шығару керек. Ал ондай жер жоқ. Машинаны көтере алмай көп қиналдық. Осылайша 20 минут уақытымызды жоғалттық. Одан әрі ақырын жүрдік, өйткені алда екінші арнайы учаске болды. Ал біздің бір ғана артық дөңгелегіміз қалды, сондықтан "белді буып" кірісе алмадық", – дейді ол.

Бейсенбі күні, 5 қаңтарда қауіпті ралли-марафонның төртінші кезеңі өтеді. Ол Аргентинаның Сан-Сальвадор-де-Жужуйынан Боливияның Туписіне дейінгі ара қашықты қамтиды. Арадағы қашықтықтың жалпы ұзындығы 521 шақырым, оның 416-сы арнайы учаске. Бүгін жол бағытының ауысуының көптігінен штурмандарға мұқият болуға тура келеді. Сонымен бірге Боливияда болған кезде жарыс керуеніне теңіз деңгейінен 3500 метр биктікте өмір сүруге тура келеді. Ал бұл тек көлікке ғана емес, сонымен бірге спортшыларға да қиындық тудырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу