"Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы қызметіне жаңа басшы тағайындалды

2881

Осыған дейін бұл қызметті Абылай Мырзахметов атқарған еді. 

"Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы қызметіне жаңа басшы тағайындалды

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасы міндетін атқарушы лауазымына Нариман Әбілшайықов тағайындалды, деп хабарлайы inbusiness.kz тілшісі.

"Атамекен" ҰКП ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының міндетін Нариман Әбілшайықов атқарады, ал басқарма төрағасының бірінші орынбасары лауазымына Мақсат Кикимов бекітілді", – деді палатаның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бүгін елордада "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының IX кезектен тыс съезі өтті. Жиында "Атамекен" ҰҚП-ның төралқа төрағасы лауазымына Райымбек Баталов сайланды.

Сондай-ақ палатаның басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов өз еркімен қызметінен кетті.

Сонымен қатар съезде шағын және орта бизнес өкілдері "Атамекен" ҰҚП-ға жарна төлеуден босатылды.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу