Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ауқатты азаматтар санатына жататын қазақстандықтар саны бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Министрдің мәліметіше, табысы жоғары, ауқатты азаматтар санатына 522 мың адам енеді. Ескерте кететіні, бұл алдын ала мәліметтер болып саналады.
"Оның ішінде А санатында 70 мыңнан аса адам бар. Қалғаны B санатына кіреді. Бұл санаттарға талдау жүргізіліп жатыр. Әр адамға push-хабарлама жіберілетін болады. Бұл бағытта жұмыс жүргізіледі. Қателік кетпеуі қажет", – деді Серік Жұманғарин Құрылтайда өткен брифингте.
Айта кету керек, бұған дейін Олжас Бектенов ауқатты азаматтар мемлекеттен көмек алмауы тиіс екенін айтқанын жазғанбыз. Енді әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде азаматтардың депозиттері де тексеріледі.