Енді ГоловойОбЛед telegram арнасы бұл лауазымға келуі мүмкін бірнеше үміткердің есімін атады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Дереккөздің жазуынша, аталған кандидаттар қазір клубтың кулуарларында қызу талқылануда. Десе де, түйінді шешім жоғары деңгейдегі басшылық тарапынан қабылданатыны түсінікті.
Бас директор лауазымына үміткерлер арасында Диас Маржықпаев та бар. Ол былтыр ғана Астана қаласындағы №10 СДЮСШ-нің директоры қызметіне тағайындалған еді. Сондай-ақ, Руслан Есеналиннің аты аталады. Менеджер 2023 жылдың соңында ҚР Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы лауазымында болды. Бұған дейін "Құлагер" хоккей клубын басқарған тәжірибесі де бар.
Дереккөз келтірген мәліметтен Астанадағы жекеменшік хоккей мектептері желісінің негізін қалаушы Вячеслав Борисовті де байқауға болады. Сонымен қатар, ұзақ жылдар бойы "Астана" ХК және жергілікті балалар-жасөспірімдер спорт мектебін басқарған Талғат Китаров та негізгі кандидаттар тізімінде тұр. Дегенмен, аталған тізім әлі де жаңаруы не өзгеруі ықтимал.