Берік Уәли: Мемлекеттер басшыларының саяси ерік-жігерінсіз, әлемнің қалыпты өмірге оралуы екіталай

1122

Президент Қасым-Жомарт-Тоқаевтың тамыз-қыркүйек айларындағы атқарған жұмысы мен алдағы жоспары туралы оның баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Берік Уәли: Мемлекеттер басшыларының саяси ерік-жігерінсіз, әлемнің қалыпты өмірге оралуы екіталай

Баспасөз хатшысының жазуы бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев өткен екі айда әлемдік деңгейдегі 10 саммит пен форумға (оның үшеуіне офлайн, жетеуіне онлайн режимде) қатысты. 2 мемлекетке сапармен барды және 7 елдің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті. Сонымен қатар 12 шетелдік  делегацияны қабылдады. 

"Қазіргі ахуал коронавирус пандемиясына дейінгі кезеңге қарағанда халықаралық ынтымақтастықтың маңызы бүгінде арта түскенін көрсетеді. Әлемде жаңа сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлер пайда болды. Көптеген аймақта, оның ішінде Орталық Азия мемлекеттерімен шекаралас өңірлерде жағдай шиеленісіп тұр", – деп жазады Берік Уәли. 

Оның жазуы бойынша, экономикалық дағдарыс іс жүзінде барлық құрлықты қамтыды. Көптеген елдер арасындағы тауар айналымының деңгейі төмендеп, көлік-логистикалық байланыстар саласында қиындықтар туындады. Мемлекеттер басшыларының саяси ерік-жігерінсіз, әлемнің қалыпты өмірге оралуы екіталай.

Пандемия салдарын еңсеру басты мәселелердің бірі болып қала беретіні сөзсіз. Саясаткерлер COVID-19 індетіне қарсы вакцина жасау және тасымалдау жөніндегі ынтымақтастық мәселелерін талқылауда. Қазақстан Президенті осы өзекті проблемаға қатысты пікірін БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында, сондай-ақ басқа да көпжақты және екіжақты іс-шаралар барысында айтты. 

"Пандемиядан кейінгі әлемдегі жағдайға қатысты мәселе жоғары деңгейдегі кездесулердің күн тәртібіне жиі қойыла бастады. Атап айтқанда, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықтың жаңа формалары талқыланып жүр. Сонымен қатар Оңтүстік Кореяның, Ресейдің, Еуропа одағының басшыларымен келіссөздер кезінде цифрландыру және жаңа технологиялар салаларындағы нақты жобаларды іске асыруға мән берілді. Халықаралық ынтымақтастықтың барлық бағыт бойынша жандануы пандемиядан кейінгі кезеңдегі әлемнің қалыптасуына ықпал етуге тиіс. Сол кезде шекаралар ашылып, саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық және халықаралық байланыстар жаңа деңгейге көтеріледі",– деді баспасөз хатшысы. 

Алдағы айларда да Президенттің жұмыс кестесі өте тығыз болмақ. Атап айтқанда, жақын және алыс шетелдерге сапармен бару, бірнеше саммитке қатысу, сондай-ақ Қазақстанға келетін жоғары лауазымды шетелдік қонақтармен кездесу және басқа да маңызды сыртқы саяси іс-шаралар жоспарланған.


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу