"Бес жылдай өлместің күнін кешуге тура келеді"

10435

"Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігінің" (ССКӨБ) президенті Береке Мұқаметқалиев abctv.kz порталына компанияның жоспарын айтып берді.

"Бес жылдай өлместің күнін кешуге тура келеді"

– Береке мырза, ССКӨБ-тың шығарылатын өнімдер көлемін жоғалтып отырғанына көп жыл болды.  Егер 2008 жылы кәсіпорын шамамен 16,6 млн тонна өнім шығарған болса, ал биыл әзер дегенде 10 млн тоннаны өндіріпті. Жентектерді шығару көлемі төмендеп кетті. 2016 жылдың жұмыс қорытындысынан не күтесіздер?

– 2015 жылы біздің концентрат пен жентекті қоса алғанда дайын өнімнің саудасы 10,8 млн тоннаға дейін түсіп кеткен болатын. Биыл жылды 10,1 млн тонна көлеммен аяқтаймыз деп ойлап отырмыз. Қытайға 800 мың тонна шығарамыз деп жоспарлаған болатынбыз, әзірге 373 мың тоннаны ғана жөнелте алдық.

Өзіндік құн, тасымалдау тарифін басшылыққа ала отырып, өзіміздің материалымызды солтүстік-батыс Қытайға, Шыңжан-Ұйғыр автономиялық аймағына шығара аламыз.

Өзіндік құн, тасымалдау тарифі тұрғысынан келгенде, одан әрі орталық Қытайға өнім шығара алмаймыз. Әрине, бізге бүгінгі күні бір ғана логистикаға сеніп отыра беруге болмайтын түсініп, жұмыс барысын қайта қарастыру қажет. "Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі" АҚ ММК-ға ("Магнитогорск металлургиялық комбинаты" ААҚ. – Автор.еск.)  жақын орналасуы өнімді өткізуге көп мүмкіндік береді. Нарықта қандай жағдай болса да, ол бізге әсер етпейді деп ойлағанбыз.

Алайда, соңғы жылдардағы бағаның түсуі жағдайды біршама өзгертті. 2014 жылға дейін темір кен орны шикізатының бір тоннасы 180 доллар деңгейінде болған еді. 2014 жылы 70 долларға дейін түсті. Ал 2015 жылы бір тоннаның бағасы 40-42 долларға дейін кеміді. Екі апта бұрын баға 60 долларға дейін өскен сияқты еді, ал қазір 40-42 доллар деңгейінде тұр.

Осы 40 долларлық тренд қалатын болады. Яғни, соңғы бірнеше жылда бағаның 50%-ын емес, тіпті бағасын 4 есе жоғалттық. Егер соңғы бес жылды (201-2015 жылдар. – Автор.еск.) алатын болсақ, ССКӨБ-тің ММК қолданатын материалдарының үлесі 80%-дан 43%-ға дейін түсті. Мұның себебін ресейлік компанияның келуімен түсіндіруге болады.

Ресейдің батысында орналасқан кәсіпорындар өнімді Батысқа тиеп жөнелтетін. Ал қазір Батыс материалдарды аз алады. Біздегі он жыл бұрын болған логистикалық артықшылықтың жоғала бастағанын көріп отырмыз. Бұл жерде тағы бір маңызды нәрсе – бәсекелестеріміздің шығаратын өнімінің өзіндік құнының төмен болуы, яғни олардың жентегінің сапасы.

Концентратқа қатысты ешқандай қиындық жоқ. Біздегі концентраттың сапасы жақсы және оны сатудың көлемі де бұрынғы деңгейде қалды. Жентек үлесі 8 млн тоннадан 3 млн тоннаға дейін азайды. Біздегі жентек шығарудың технологиясы ескі. Сол себепті өзіндік құны да жоғары. Біз шығындарды азайтуға жұмыс істеп отырмыз.

Операциялық тиімділік есебінен өзіндік құнды азайтуға бағытталған трансформациялау бағдарламасын бастадық. Жұмыстың басым бөлігі жөндеу жұмыстары болады. Ескірген, жарамсыз жабдықтарды көптеп анықтап жатырмыз. Оларды есептен шығарып, орнына басқа жаңа жабдықтар аламыз.

Бүгінгі күні барлық бастама өзіндік құнды азайтуға бағытталып отыр. Экономикалық тиімділіктің артуы 2015 жылға қарағанда, 2016 жылды  экономикалық тұрғыдан жақсы аяқтауға мүмкіндік берді. Тіпті 2014 жылғы темір кені шикізатының бағасы 70 доллар болған кезде, 2015 жыл біз үшін шығынды болатын шығар деп ойлағанбыз.

Алайда, бұдан да аман-есен шықтық. Былтыр бюджетке шамамен 15,3 млрд теңге салық төледік. 2016 жылы шығару көлемін азайтқанымызға қарамастан, жыл қорытындысы бойынша 33,4 млрд теңге төлейміз. Олардың көлемін іс жүзінде 40%-ға арттырамыз. Өзіндік құнға жұмыс істеудің арқасында шамамен 25-30%-ға артық кіріс аламыз.

Қазір жұмысты тиімді істеп отырмыз. 2017 жылы үстіміздегі жылдағыдан төмен өнім алмаймыз деген болжам бар. 10 млн тоннаға бағдарлама жасадық. Егер нарықтағы өзгерістер оң бағыт алатын болса, онда бұл көлемді өсіре аламыз.

– Қытай нарығы есептеліп отыр ма?

– 2012-2013 жылдары  біздің Қытайға шығарған өніміміздің  көлемі 5,8 млн теңгедей болатын. Шыңжан-Ұйғыр автономиялық аймағының сұранысы сол жылдары шамамен 22 млн темір кені шикізатын құраған еді. Бүгінгі күні ол 14 млн тоннаға дейін қысқарған.

Алайда, бұл нарық біз үшін әлі де маңызды. 2017 жылға бір млн тонна өнім шығарамыз деп жоспарлап отырмыз.

–  Өзіндік құн бағдарламасы қаншалықты тиімді болды? Одан нәтиже бар ма?

– Концентрант бойынша дайын өнімнің бағасы 2015 жылмен салыстырғанда 8 долларға, жентек бағасы бойынша 14 долларға түскен.

– Бұл сіздердің жентектеріңізге ММК-ның қызығушылығын арттыра ма?

–  Иә, арттырады. Біз мұны жасай алдық. Сапалық сипаттамасы жақсы өнімнің  партиясын шығардық. Темірдің сапасын 64%-ға көтердік. Дегенмен ССКӨБ-ның бұл көрсеткіші үнемі 62,5% деңгейінде болған-тын. Сонымен қатар суық және ыстық беріктік сияқты көрсеткіштерді көтердік.

Бұл тұтынушылардың (ММК. - Автор еск.) көңілінен шықты. Дәл қазіргі уақытта 2017 жылға келіссөз жасау үрдісіне ауыстық. Ендігі мәселе тек бағада болып отыр. Ресейлік жентектер барлығында бірдей жақсы емес. Жентектің 63%-дығы да ( құрамындағы темірдің болуы. – Автор еск.), 65%-дығы да бар.

Ең басты мәселе біздің өзіндік құнымызға қатысты болып отыр. Аршу коэффиценті тұрғысынан алып қарасақ, көптеген бәсекелестеріміздің талаптары көбінесе тиімді екенін байқаймыз. Қазір біздегі аршу коэффициенті 2,8 деңгейінде, ал бәсекелестерімізде – 1,1. Бұл өзіндік құн құрылымында тау-кен құрамына әсер етеді.

– Сіз жақында премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Маминнің қатысумен өткен жиналыста тереңде жатқан пайдалы қазбалар үшін ПҚӨС мөлшерлемесіне 0,5 төмендету коэффицентін енгізуге өтініш білдірдіңіз. Бұл өзіндік құнды азайта ма?

– Егер бағдарлама қабылданатын болса, онда ол тек 2017 жылға ғана әсер етпейді, одан арғы жылдарға да әсері болады. Әр жыл сайын бұл ұстаным кәсіпорын экономикасына оң әсерін тигізетін болады. Кен орнын тереңірек қаза бастағанда, тау-кен-техникалық жағдай нашарлай бастайды, жұмыс бағасы өседі.

Келесі жылы шамамен 28-29 млн тонна кен өндіретін болсақ, оның 4 млн тоннасын 500 метрден төмен тереңдікте өндіретін боламыз. Егер баланстық қорды қарайтын болсақ, онда біздегі кен орнында баланстық қор 1,780 млрд тонна. Оның 780 млн тоннасы 500 метр тереңдікке дейін,  ал қалғаны одан төмен тереңдікте жатыр.

Бұл өндірістің тең жартысы үстіңгі қабатта, ал қалған жартысы тереңде болатынын көрсетеді. Біз коэффициент 2017 жылы азаяды деп ойлаймыз. Себебі, өзіндік құн құрылымында тау-кен жұмыстары шамамен 60%-ды құрайды.

– Тағы бір өзекті мәселе – бұл логистика. Бұл шығындарды арзандатуға қатысты жағдай қалай?

– Биыл Достық стансасына дейін жеткізуге төмендетілген коэффициент алдық. Бұл барлық осындай шығынның көлемінен логистика шығынын 20%-ға азайтты.

Енді Достық стансасынан Қытай аумағындағы соңғы тұтынушыға дейін темір жолмен тасымалдаудың шығындарын азайтуға мүмкіндік беруге өтініш жасадық. Асқар мырза (Мамин. – Автор еск.) 29 қараша күні Бейжіңде өтетін кездесуде осы мәселені көтеретінін айтты. Достық стансасына дейін 2 мың шақырым, ал  соңғы тұтынушыға дейін шамамен 400 шақырым. 

– Компанияны одан әрі дамытудың жалпы қандай стратегиясы бар?

– Негізгі стартегия соңғы дағдарысқа дейін (2014-2015жж. бағаның түсуі. – Автор еск.) көлемді арттыруға бағытталған болатын. Мұндай баға кезінде табысты көлеммен алу керектігін барлығы білді.

Барлық жоба Қашар үлесін арттыруға және осы кен көзінің жобалық параметрін жылына 23 млн тонна дейін шығаруға мән берді. Қазіргі күні нарық басқа талап  қойып отыр. Бес жыл өлместің күнін кешіп, өзіндік құнға жұмыс істеу керектігін жақсы түсініп отырмыз.  Нақ осыған басымдық жасап отырмыз.

Оған  қалай шығамыз? – Технологиялық регламенттерді өзгерту, өндіру жұмысын қайта қарау. Қазіргі уақытта жалпы көлемнен кетіп, өнімнің сапасына, өзіндік құнға, бәсеке қабілеттілігіне басымдық жасап отырмыз.

Барлық уақыт пен қаражат ашық кен көздері жұмысын барынша игеруге жұмсалды. Сондықтан, жалпы көлемді осы жерден алған дұрыс. Бүгінгі күні ашық кен көздерінде бар қордың азайып жатқанын түсініп отырмыз.

Сондықтан жер асты тау-кен жұмыстары бойынша жобаны іске асыруға мән берудеміз. Біз дәл жұмыс істеп тұрған Соколов кенішіндегі кен құрылымы үлесін арттыруды жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта кеніштің өнімділігі жылына 2,5-3 млн тонна. Жобада екі кезеңде  6 млн-нан 8 млн тоннаға дейін өсу қарастырылған болатын, қазіргі күні осы міндетті алып отырмыз.

Сондай-ақ инвестиция бойынша бағдарлама жасалу үстінде. Жер асты тау-кен жұмысының ауқымын арттырамыз, осының есебінен тау-кен жұмысын ашу жүктемесін азайтамыз. Бұл ашық тау-кен жұмысының жұмыс істеу мерзімін созуға және екінші жер асты шахтасын салуға мүмкіндік береді. Жобада 2025-2027 жылдары "Сарыбай" кенішін салу қарастырылған.

– Темірді ыстық брикеттеуді (ТЫБ) шығару жобасы басында айтылып, содан кейін белгісіз мерзімге қалдырылды. Байыту құрылысының және кен дайындау кешені қуатын арттырудың құны шамамен 65,3 млрд теңге деп жарияланды. Бүгінгі күні жобаның тағдыры қалай? 

– Егер сараптаманы баға тұрғысынан жасайтын болсақ, онда не мен, не сарапшылар тобы дәл қазіргі уақытта бұл жобаны іске асырудың қажеттілігін көріп отырған жоқпыз. Бірақ, біз соған келе жатырмыз.

Байытудың  технологиялық тәртібін өзгерту тұрғысынан 2017 жылы ТЭН жасадық және 2017 жылдың қорытындысы бойынша бізде техникалық-экономикалық негіздеу болады да, 2018 жылы байыту фабрикасын жобалаймыз.

Осы жылы бұл жобаны іске асырудың шамамен сегіз нұсқасын есептедік. Бұның ішінде жұмыс істеп тұрған байыта отырып қайта өңдеуді (фабрикалар. – Автор еск.) қайта құру, тікелей кен орнында жаңа фабрикаларды салу бар. Сонымен қатар Қашар кен көзіндегі құрылыстың бір нұсқасын қарастырдық. 2017 жылдың қорытындысы бойынша біз жобалық шешімге келеміз. Бұл бірінші кезең.

Біз не қайта құру жасаймыз, не жаңа байыту фабрикасын салып, концентрат аламыз. Алайда, ТЫБ үшін өзінің сапалық құрамы бойынша кем дегенде құрамы  67% темір болатын жентек  қажет. Бүгінгі күні біздің технология 63-64%-ға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сол себепті бізге шикізатты не сатып алу керек, немесе фабрика салу керек.

Сатып алу орынсыз. Жентекке осы  67%-дан жентек алу үшін жоқ дегенде құрамында 68-69% темір бар концентрант керек. Осы тұрғыдан алып қарасақ, біз дұрыс келеміз. Байыту фабрикасын жақсартып жаңғыртамыз да, сапалы концентрант аламыз. Концентранттың жартысынан артық, яғни қазіргі уақытта 66%  алып отырмыз. Ал құрамында темірдің 68-69%-ы бар  концентратты "теңдесі жоқ концентрат" деп атаймыз да, оны одан арғы қайта өңдеуге пайдаланатын боламыз.

– Бірақ бұл әлі темірді ыстық брикеттеу емес қой.

– Иә, сіздің айтып отырғаныңыз дұрыс. Бізде байыта отырып қайта өңдеу де, жентекті өндіру де қажет сапада болады, тек содан кейін ғана ТЫБ-қа көшетін боламыз.

 Мұндай жаңғыртудың болжанып отырған бағасы қандай?

– Егер жобасыз шапшаң көтерілуді айтатын болсақ, онда байыта отырып қайта өңдеу және жентекті қайта өңдеу – бұл шамамен 750-800 млн доллар.

– Алайда, бұл алдағы бес жылдың жұмысы емес қой?

– Иә, тез салынбайтыны белгілі. Сол себепті өзіндік құнды азайту үшін бар жабдықты трансформациялап, одан әрі жұмыс істеу үшін сырттан  мамандар шақырдық. Бұл стратегия тек байыта қайта өңдеу мен жентектерді өндіруге ғана негізделмейді. Сондай-ақ, тау-кен ісін қарастырады.

Бұл фактор біз үшін маңызды. 2017 жылы Қашардағы конвейер кешені құрылысы жобасын іске асыруды жоспарлап отырмыз. Бұл 2-3 жыл ішінде осы телімдегі тау-кен жұмысының өзіндік құнын азайтуға мүмкіндік береді. Ал "тау-кен жұмысының" өзіндік құны 60%. Кен бағасын қай жағынан азайту дайын өнімнің өзіндік құнына оң әсерін тигізеді.

– Егер ТЫБ жобасы қазір есептелмейтін болса, онда бұрын қалай есептелді? Бұл ірі инвестициялық жоба болды ғой?

– Біріншіден, осы жобаға басымдылық берілген 2012-2013 жылға қайта оралайық. Сол кезде сарапшылардың ешқайсысы бағаның осынша түсетінін айта алмас еді. Баға бір тоннаға 180 доллар болған кезде, бұл жоба өте қызықты болып, іске асырудың ең қысқа мерзімін талап еткен еді. Ол кезде барлық жұмысты бір кезеңде бітіруге ақша да, мүмкіндік те болды.

Кіріс бөлігі мұны ұзаққа созбай-ақ жасауға мүмкіндік берген болатын.  Бүгін  бірдеңені бүлдіріп алмас үшін жұмысты кезең-кезеңмен атқару керектігін көріп отырмыз.

– 2017 жылы Қашар конвейерінен басқа тағы да қайда қаражат құясыздар?

–  Келесі жылы шамамен 30 млрд теңгені инвестициялаймыз деп ойлап отырмыз. Оның 60%-ы тозығы жеткен жабдықтарды ауыстыруға, жөндеу жұмыстарын жасауға кетеді деп отырмыз.

Инвестициялық блок қалады. Бізде жыл сайын енгізетін қысқа инвестицияларымыз бар. Бұл көліктік инфрақұрылымды жақсарту және басқа да шағын  жергілікті  жобалар. Ірі жобалардан екі жоба бар. Оған шамамен 4 млн доллар жібереміз деп отырмыз. Соның бірі Қашар кен көзіндегі конвейер құрылысы.

Екіншісі жаңа кен байытуды технологиялық қайта балқытудың технологиялық-экономикалық негіздемесін ұйымдастыруға бағытталады. Қоржынкөл және Қашар кен орындарын диспетчерлендіру ауыспалы жобаларға жатады. Қоржынкөл бойынша жұмыс аяқталып қалды. Бұл жерде машина желісі орнатылды, жаңа жабдық сатып алынды, жүйені жөндеу және қызметкерлерді оқыту жүріп жатыр. 

Ал Қашар кен орны бойынша жұмысты енді бастаймыз. Жоба шамамен бір млн доллар тұрады. Бұл кен орнының жұмысын жақсартуға, тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

–  Темір кен орны нарығын дамыту тобының сарапшылары қандай болжам жасады? Егер баға тағы түсетін болса, не болады?

– Соңғы уақытта көптеген оң беталысты көріп отырмыз. Нарық тұрақты. Әлемдік нарықта бағаны қалыптастырушы BHP Billiton және Vale, Rio Tinto көбасшылар үштігі туралы айтатын болсақ, бұл компаниялардың акциялары өсу үстінде. Әлемдік баға соңғы екі аптада 60 долларға дейін көтерілді. Әрине, 5-6 жыл ішінде 180 долларға жетпейтініміз анық. Бірақ, қандай да бір оң өсуді байқап отырмыз.

Татьяна Шестакова, фото Сергей Мироновтікі

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу