Билікпен үнқатысу

Ирина Севостьянова Ирина Севостьянова
25886

Мәселенің тарихы

Билікпен үнқатысу

Қазақстанда кең көлемді демократияландыру үшін тәуелсіздік алғаннан бері  елдегі билік деңгейі арасындағы өкілеттілікті бөлуді қайта қарауға әрекет жасалып келеді. Осы мақсатта тақырыпты талқылау мен ұсыныстар әзірлеу жөнінде үнемі арнайы комиссиялар құрылады. Abctv.kz осы жұмыстың тарихына тоқталмақ.   

Осынау демократиялық ұсыныстарды жасайтын үлкен комиссия 2002 жылы президент азаматтық қоғамды одан әрі дамыту демократияландыру мен дамытуға жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау бойынша тұрақты жұмыс істейтін кеңесті құруға ұсыныс жасағаннан  кезде құрылған болатын (президенттің 2002 ж. 15.11 №357 өкімі).  "Халықтық" ҮЖК деген атауға ие болған кеңестің құрамына парламент депутаттары, үкімет мүшелері, президент әкімшілігі өкілдері, басқа да мемлекеттік орган өкілдері, саяси партия өкілдері, партиялық емес ұйымдардың өкілі кірді. Кеңесте "Сайлау туралы" Конституциялық заңның өзгеруі талқыланды, билік түрлі деңгейлері арасындағы өкілеттіліктерді шектеу және бюджетаралық қатынасты жетілдіру, сот жүйесін және соттардың дәрежесін  жетілдіру, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдағы өзгерістер  қызу талқыланды.  

Бақылаушылардың бірқатары атап көрсеткендей, ҮЖК президент тапсырмасы бойынша құрылса да, кеңесті ел премьер-министрінің орынбасары басқарып, барлық шешім тек ұсыныстық сипатта болды. ҮЖК-тің ең басты кемшілігі дайындалған шешімдерді іске асыру механизмінің жоқтығында еді.

2004 жылы ҮЖК орнына президенттің 2004 жылғы 2 қарашадағы жарлығымен  жаңа құрылым Президент жанындағы Демократия және азаматтық қоғам мәселелерi жөнiндегi ұлттық комиссия құрылды.  ДжАҚМҰК деген атауға ие болған комиссияны сол кездегі қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Болат Өтемұратов басқарды. ДМҰК-ның жеке құрамын ел президенті бекітті, оған тек үкімет мүшелері, президен әкімшілігі, парламент депутаттары және үкіметке қарасты партия өкілдері ғана кіріп қана қойған жоқ, сонымен бірге Қазақстанның Коммунистік партиясы, "Ақ жол" партиясы және "Қазақстанның демократиялық сайлауы" партиясы енді.

ДМҰК 2004-2005 жылдар аралығында жұмыс істеді. Оның құрамы едәуір кеңейтілді, мүшелері қоғамға қатысты түрлі маңызды мәселелерді шешумен айналысқан жұмыс топтары бойынша қатаң бөлінді, шешімдер мемлекеттік деңгейге көтерілді. Дәлірек айтсақ, саяси жүйені реформалау және азаматтық қоғамды дамыту мемлекеттік бағдарламасының жобасын жасау жөніндегі жұмыс тобы 15 адамнан құралды; қамауға алуды соттық санкциялау жөніндегі жұмыс тобы  – 10 адам, ҚР парламентінің рөлін нығайту және оның бақылаушылық қызметін кеңейту жөніндегі жұмыс тобы – 18 адам; мемлекеттік басқаруды орталықтандыру және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізу жөніндегі топ – 16 адам; алқабилер институтын кезең-кезеңмен енгізу жөніндегі жұмыс тобы 25 адамнан тұрды.

Президент 2006 жылы Қазақстан халқына жолдауында комиссия орын алған пікірталастарды жинақтау міндетін атқарғанын, бұл Қазақстанның саяси жүйесі мен мемлекеттік құрылысының тиімділігін арттыруға бағытталған елдегі саяси реформаларды жалғастыруға мүмкіндік беретінін баса айтты.

ДМҰК өзінің жұмыс істеу кезеңінде Қазақстанда азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын дайындады, оған сәйкес елде демократиялық мемлекеттің басты приципі – адам құқығының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қоғамдық және мемлекеттік институттар жүйесі құрылуы керек еді.

"Билік пен қоғам сөз, дін бостандығын, азаматтардың бірігу құқығын, әділ сот, адал, ашық сайлауға деген айнымастықты қамтамасыз етеді",–  делінген құжатта.

ДМҰК жасаған тағы бір жаһандық құжат – 2006 -2011 жылдарға арналған демократиялық реформалардың жалпыұлттық бағдарламасының жобасы. Ұсыныстар тізімінде президенттік билік үлгісін және екі палаталы парламентті сақтау аталған, бұл жағдайда парламент палаталарының құрамын көбейту ұсынылды. Мемлекеттік билік жүйесінде парламенттің рөлі оған қосымша міндеттерді (бақылаушылық және кадрлық) беру есебінен нығаюға тиіс.  Сондай-ақ әкімдердің сайлануын енгізу ұсынылды, бірақ тек аудандық деңгеймен шектелмек еді. Соттардың әділдігін жоғарылату үшін алқабилер институтын енгізу туралы ұсыныс жасалды.

Құжаттар мақұлданып, 2006 жылдың наурызында ДМҰК рөлін нығайту үшін Президент жанындағы демократияландыру мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия болып қайта құрылды (ДММК). Комиссияны басшысы президент болды. Бұрынғы тәжірибені негізге ала отырып, ДММК пікірталастың келесі кезеңін бастады, 2007 жылы ел Конституциясына енгізілген өзгертулер осының нәтижесі болды. Сол кезде Нұрсұлтан Назарбаев депутаттардың алдында сөз сөйлеп тұрып негізгі заңға түзетулер енгізу қажеттілігін былайша түсіндірген болатын: "Басталған либералды реформалардың табыстылығын қамтамасыз ететін және қоғамдық, мемлекеттік мүдделердің тепе-теңдігіне әкелетін, Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде мемлекеттік құрылыстағы қарама-қарсылықтардың жаңа жүйесінің құрылуына әкеп соқтыратын заңнамалық негізді құратын уақыт келді"

Билік тармақтарын қайта бөлу түбегейлі жаңалық болды. Басқару формасы президенттік болып қала берді, алайда, президенттің өзі атап өткендей,  парламенттің өкілеттігі айтарлықтай кеңейтілді, бұл "еліміздің моделін президенттіктен президенттік-парламенттік етіп трансформациялайды".

2007  жылғы өзгерістер арқылы  парламент палаталарының саны: мәжіліс – 107 , сенат – 47 депутатқа дейін арттырылды.  Сенатқа,  өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты мәжілістің уақытша болмаған кезеңінде заңдарды қабылдау жөнінде тұтастай парламенттің міндетін атқару  өкілеттігі берілді.

Ереже енгізіліп, оған сәйкес  премьердің кандидатурасы  саяси партиялар фракцияларымен келісіліп, үкімет басшысы мәжіліс депутаттарының келісімімен тағайындалады.

Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіру нормалары өзгертілді: мәжіліс депутаттарының басым дауысы (бұған дейін дауыстың үштен бірі болды) және тек екі жағдайда, үкіметке сенімсіздікті парламент тұтастай білдіргенде: бюджеттің орындалуы бойынша есептің қорытындысы бойынша немесе премьер өзі  министрлер кабинеті бастама еткен заңның қабылданбауына байланысты сенім туралы мәселе көтереді.

Парламентке  сондай-ақ  Конституциялық кеңес, Орталық сайлау комиссия және Есеп комитеті құрамының үштен бірін жасақтауға құқық берілді.

Мәслихат депутаттарының өкілеттік мерзімі де бір жылға – бес жылға дейін көбейтілді, мәслихаттың келісімімен  облыс, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың әкімін тағайындау енгізілді.

Сондай-ақ мәслихат депутаттарына әкімге үштен бірі емес, қарапайым басым дауыспен сенімсіздік білдіру құқығы берілді. Конституцияда қоғамдық-саяси өмірде елдің түрлі этникалық топтарының өкілдік етуін қамтамасыз ететін ұйым ретінде Қазақстан Халқы Ассамблеясының қызметі де көрініс тапты.

Президенттік өкілеттіктің мерзімінде де өзгеріс болды. Президенттік басқарудың мерзімі 7 жылдан  5 жылға дейін қысқартылды.

Ата заңға өзгерістердің тағы бір пакеті 2011 жылы парламент депутаттарының бастамасымен енгізілген болатын.  Ол кезде конституцияға Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев үшін "Елбасы" мәртебесі бекітілді; сондай-ақ  ереже енгізіліп, ол бойынша сайлаулар бойынша сандық шектеу әрекет етпейтін Тұңғыш Президенттің өкілеттік мерзімі "республикалық референдумда ұзартылатын" болды.

Келесі комиссия –  Президент жанындағы жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия 2015  жылы пайда болды. Ол институционалдық реформаларды іске асыру, қазақстандық қоғам мен мемлекеттілікті одан әрі жаңғырту мақсатында құрылды. Бұл реформалар "100 нақты қадам" ұлт жоспарында айқындалған.

Комиссия аясында бес негізгі бағыт және бес жұмыс тобы қалыптастырылды: "Экономикалық бағдарламаларды сапалы іске асыруды қамтамасыз ететін заманауи, кәсіби және дербес мемлекеттік аппарат қалыптастыру және мемлекеттік қызметтер ұсыну", "Экономикалық өсім үшін негіз болатын меншік құқығына кепілдік беретін, кәсіпкерлік қызмет, келісімшарттық міндеттемелерді қорғау үшін жағдай жасайтын заңның үстемдігін қамтамасыз ету",  "Әртараптандыруға негізделген индустрияландыру және экономикалық өсім", "Біртұтас ұлт болашағы", "Транспаренттілік және есеп беретін мемлекет".

Бұл жұмыстың нәтижесі келесідей:  мемлекеттік қызметке іріктеудің үшсатылы жүйесіне көшу жүзеге асырылды, мемлекеттік қызметтің карьералық моделі енгізілді, командалық  ауысу мүмкіндігі жойылды, еңбекақыны нәтиже бойынша төлеуді қамтамасыз ететін әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді бағалаудың әдістемесі енгізілді.

Сот жүйесі  бес сатылыдан үшсатылыға көшті.  Жоғары сот кеңесі дербес аппараты бар автономды мемлекеттік мекеме ретінде жұмыс істей бастады, жергілікті полиция қызметі құрылды, құрылыс саласында рұқсат ету құжаттарын беру мерзімі түбегейлі қысқартылды.

2017 жылдың 11 қаңтарында құрылған  мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесі жөніндегі жаңа жұмыс тобына бұрынғы тәжірибемен қоса жаңа тапсырмаларды да ескеруіне тура келеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиында сөз сөйлеген президент: "Қазақстан Конституцияда қарастырылғандай, президенттік басқару формасындағы мемлекет болды, болып келеді және бола береді. Сонымен бірге  президент, үкімет пен парламент арасында өкілеттікті қайта бөлу мәселесін қарайтын уақыт келді. Арнайы комиссия осы мәселелерді қарап, тиісті заңдарға, бәлкім Конституцияны өзгерту жөнінде ұсыныс енгізуге тиіс" деп мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу