Бір қадам алға, екі қадам артқа

7389

Қазақстандықтардың басым бөлігі елдің экономикалық өсуінен дивидент алып отырған жоқ: жалақының шынайы көрінісі мен жұмыспен қамту үшінші жыл қатарынан түсіп, 2011 және 2013 жылғы деңгейге жетті.

Бір қадам алға, екі қадам артқа

Қазақстанның экономикалық өсуі соңғы үш жылда қазақстандықтарға сезілмей отыр. Осы уақыт ішінде  еңбек нарығындағы жұмыспен қамту көрсеткіші үздіксіз түсіп, 2013 жылғы деңгейге жетті. Сонымен қатар нақты жалақы да 2011 жылғы деңгеймен теңесті. Осы жылы тренд тек 0,5%-ға ғана баяулауы мүмкін және жалақы өседі деп күтудің қажеті жоқ деген Halyk Finance Research сарапшыларының еңбек нарығына жасаған болжамымен abctv.kz танысып шықты. 

Нақты жалақының төмендеуіне 2014 жылы бастау алған "экономикадағы дағдарыс белгілері" себеп болып отыр, қазір ол әзірге қызмет көрсету саласының бірқатарында ғана байқалуда деп көрсетті инвестициялық банк. Мемлекеттің қолдауы болмаса, бұл тізім бұдан да үлкен болар еді. "Құрылыс, жылжымайтын мүлік операциясы, әкімшілік-көмекші қызмет көрсету, қаржы саласындағы жалақының өсуі – соңғы жылдары мемлекет қолдауымен салынған тұрғын үй, сондай-ақ өндірістік құрылыс көлемінің көп болуымен байланысты болып отыр. Біздің бағалауымызша, жалпы экономикадағы нақты жалақының түсуі 2014 жылғы 5%-дық деңгейге сәйкес. Биыл жалақының түсуі баяулауы мүмкін, бірақ та жалақы көтеріледі деп ойламаймыз", – деп жазылған шолуда.

Жалақылардың бөлінуі бойынша жүргізілген зерттеу жұмыс істеп жүргендердің төрттен үші 2017 жылдың маусымында 144 мың теңгені құраған орташа жалақыны алмайтынын көрсетті.

"Жұмыс істеп жүргендердің 35,2%-ы 20 мыңнан 75 мыңға дейінгі, 9,7%-ы 75 мыңнан 105 мыңға дейінгі, 19,9%-ы 105 мыңнан 150 мың теңгеге дейінгі, 14,7%-ы 150 мың теңгеден 240 мың теңгеге дейінгі жалақыны, ал 10,5%-ы 240 мыңнан жоғары жалақыны алған", – деп Halyk Finance статистика комитетінің мәлімет базасына сүйене отырып жағдайды суреттеп берді.

Салалар аралығындағы жалақының көрінісі бұдан да қызық. Мысалы, ауылшаруашылық саласында жұмыс істейтіндердің көбісінің жалақысы 150 мың теңгеден төмен болған. Ал сауда, білім  беру және мемлекеттік басқару саласындағылардың жалақысы бұларға қарағанда шамалы болса да жоғары.  

"Ал қаржы саласындағылардың жартысынан көбі 150 мың теңгеден жоғары жалақы алған. Оның ішінде 20%-ның жалақысы 330 мың теңгеден жоғары болған", – деп отыр шолу авторлары.

Қаржы саласынан басқа құрылыс (жұмыскерлердің 43%-ы 150 мыңнан жоғары жалақы алады), өндіріс (42%), көлік (38%) және телекоммуникация (48%) сияқты салалардағы жалақының жағдайы жақсы екенін айтып кеткен жөн.

Жалақы деңгейі жоғары білімі бар жұмыскерлердің санымен тығыз байланысты. Ауылшаруашылық саласында жұмыс істейтіндердің тек әр оныншысының ғана жоғары білімі бар болғандықтан, олардың жалақысы  орташа айлық жалақыдан (150 мың теңге) жоғары болып отыр. Ал жұмыскерлерінің 73%-ы жоғары білімді болып отырған қаржы саласы осының нақ дәлелі бола алады. Өйткені олардың барлық жұмыскерінің, яғни  57%-ы 150 мыңнан жоғары жалақы алады.

"Жұмыссыздар арасындағы білім деңгейі жөніндегі мәлімет жоғары және орта арнайы білімі бар адамдардың жұмыссыздық  деңгейінде шамалы ғана айырмашылық бар екенін көрсетеді. Ал тек орта білімі бар адамдар арасындағы жұмыссыздық деңгейі екі есе жоғары. Осыған қарап халықтың білім деңгейін жоқ дегенде ортадан арнайыға дейін көтеру қоғам мен мемлекеттің мүддесінде, – деп отыр Halyk Finance сарапшылары. – Бір қызығы, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы білім деңгейі жоғары болғанмен, бұл саладағы жалақы ең төменгілердің бірі болып саналады".

Еліміздегі жұмыскерлерінің жалақысы 150 мың теңгеден жоғары болып көш бастап отырған өңірлер: Астана (45%) , Алматы (36%),  сондай-ақ Маңғыстау,  Атырау облыстары. Аутсайдер-өңірлер тізімін құрап тұрғандар: Жамбыл облысы (11%), Солтүстік Қазақстан (13%) және Алматы облыстары (14%).

Алайда орташа жалақы туралы айтқанда, әңгіме тек орташа арифметикалық көрсеткіш жайлы ғана болып отыр. Шын мәнісінде жалақыларға қатысты нақты көріністі медиандық мән көрсетеді. Ал ол былтырғы жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша 83 мың теңге болған, яғни еліміздегі жұмыскерлердің жартысының жалақысы осы мәннен не жоғары не төмен деген сөз.

"Жалақының медиандық мәні орташа жалақының еңбек жалақысы жоғары жұмыскерлер тобының шағын болуымен байланысты есептеледі. 2017 жылы жалақының медиандық мәні 58%-ға (орташа айлық) сәйкес болған, ал 2011-2017 жылдары  53-58% деңгейінде болған және жұмыскерлердің алатын жалақысының мөлшерін нақты көрсетті", – деп түсіндірді инвестициялық банк сарапшылары.

Сонымен қатар елдегі жалақы бойынша мәліметтерді есептегенде ресми жарияланған жалақысы экономика бойынша орташадан айтарлықтай төмен  шағын бизнес пен өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандардың табысы есептелмейді.

"Мемлекеттік органдардың бағалауы бойынша табысы 60 мың теңгеден төмен өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар мен жұмыссыздардың саны 853 мың адам болған", – деп сарапшылар дәлел келтіріп отыр.

2015-2016 жылдары Қазақстанға еңбек мигранттарының ағының өсуі есебінен олардың саны халықаралық миграция жөніндегі ұйымның бағалауы бойынша, миллион адамнан асқан. Бірақ та елдегі жалақының түсуіне қарамастан, 2017 жылы Қазақстаннан аударылған ақша төлемдерінің көлемі соңғы бес жылда бірінші рет өскенін Ұлттық банк есебінен көруге болады.

"Мигранттардың шамамен 80%-ы құрылыс саласында жұмыс істеуді жоспарлап отырғанын айтқан, бұл олардың сауда және ауыл шаруашылық саласында жұмыс істегенді жөн санайтын өзін-өзі жұмыспен қамтушылармен бәсекелестігі шамалы екенін көрсетеді. Ауыл шаруашылық саласында еңбек мигранттары көбінесе маусымдық жұмысқа тартылады, сондықтан олар нарыққа қатты әсер ете қоймайды", – деп жазылған шолуда.

Еңбек нарығындағы басты трендтердің бірі жұмыспен қамтудың өндірістен гөрі мемлекетпен ынталандырылатын қызмет көрсету саласына ығысуы болды деп отыр баяндама авторлары. Егер осыдан 10 жыл бұрын нақты сектор мен қызмет көрсету саласындағы жұмыспен қамту көрсеткіші тепе-тең болған болса, ал қазір қызмет көрсету саласы жұмыскерлердің 64%-ын жұмыспен қамтып отыр.

Бұл көрсеткіштің өсуі ең бірінші бюджеттік саламен байланысты. 2007 жылдан бері білім беру, денсаулық сақтау және мемлекеттік басқарудағы жұмыспен қамту 44%, 42% және 37%-ға өскен. Тау-кен өндір саласы жұмыспен қамту бойынша 47%-ға өсуді көрсетіп отыр, өңдеу саласы тек 1%-ға ғана өскен. Ал ауылшаруашылық саласындағы жұмыскерлердің саны 42%-ға түсіп кеткен.

Баяндама авторлары жалданып жұмыс істейтіндер (экономикалық белсенді халықтың 11,7 млрд-ның 6,3 млн-ы) мен жұмыссыздардан (0,4 млн)  басқа өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандарға ( 2,2 млн немесе жұмыспен қамтылғандардың 25%-ы) ерекше мән берген. Өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандардың көбісі өнімді (1,9 млн адам) және өнімсіз (300 мың адам) жұмыс істейтіндер деп бөлінеді. Өнімсіз жұмыс істейтіндер табысы жан басына шаққандағы көрсеткіштен аспайтындығымен және жеке қосалқы шарушалығымен анықталады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандардың негізгі бөлігі ауылшаруашылық (миллион адам) және сауда (660 мың адам) саласына тиесілі. Ауыл шаруашылығындағы өзін-өзі жұмыспен қамтитындар санының жоғары болуына олардың тұратын жері себеп болуы мүмкін.

"Олардың көбісі ауылда тұрады деп тіркеліп, бірақ, шын мәнісінде, қалада тұрып, қалада жұмыс істеуі мүмкін. Мысалы статистика бойынша, халықтың тек 57%-ы ғана қалада тұрады, алайда бөлшектік тауар айналымының 90%-ы халық саны 100  мыңнан асатын қалаға тиесілі", – деп түсіндірген зерттеу авторлары.

Бірақ та бұл жағдайдың нақты бір көрінісі жоқ, оған медициналық сақтандыруды енгізген кездегі еліміздегі азаматтардың барлық категориясын сәйкестендіруге қатысты туындаған тәжірибе дәлел бола алады.

"Өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар бойынша статистика бұл категорияның төмендеп келе жатқанын көрсетеді, алайда мұның нақты екеніне сенім жоқ. Өйткені 2013 және 2014 жылдары өзін-өзі жұмыспен қамтитындардың саны 400 мыңға қысқарған, бұл негізінен өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар есебінен болған және зейнет жасынан шыққандардан басқасы, яғни олардың жартысынан көбі  жалданып жұмыс істейтіндердің санынан көріну керек еді. Бірақ та сол кездегі жалданып жұмыс істейтіндердің саны тек 75 мың адамға ғана артқан, ал бұл олардың есебінің сәйкес келмейтінін көрсетеді", – деп отыр Halyk Finance Research.

Өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандардың айтарлықтай бөлігіне міндетті сақтандыру жүйесіне көшу барысында медициналық қамтамасыз ету проблемасынан басқа зейнет жасына шыққандағы өмір сүру проблемасы бар. Мемлекеттік статистика комитеті  мен БЖЗҚ АҚ мәліметі бойынша, жұмыскерлердің  шамамен үштен бірі зейнетақы қорына мүлдем аударым жасамаған (2016 жылдың мәліметі). 

"2018 жылдан бастап базалық зейнетақыны есептеу бойынша жаңалық енгізілді, бұрын еңбек өтілі есептелмейтін. Егер өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандардың қазіргі үлесі бойынша есептеп, зейнеткерлерді бөлу пропорциясы да осындай болады десек, онда еңбек өтілі аз адамдарға бюджеттің кететін шығыны қазіргі бағамен есептегенде 100 млрд теңге шамасында немесе  бюджеттің зейнетақыға бір жылда жұмсайтын қазіргі шығынының 10%-нан аспайтын болады.  Бұл бюджет үшін үлкен жүктеме болмайды, бірақ та қазір ресми жұмыс істемей жүрген болашақ зейнеткерлердің жағдайында көрініс табатын болады", – деп есептеп отыр инвестициялық банк сарапшылары.

Экономикалық өсу қарқыны тұралап қалған жағдайда мемлекет бизнес жүктемесін арттырады. Яғни еңбекақы төлеу қорына жаңа міндеттемелер жүктейді, бұл "Атамекен" кәсіпкерлердің ұлттық палатасының есебі бойынша, 2025 жылға қарай 43%-ға дейін (немесе 10 пайыздық көрсеткішке) өседі.

"2017 жылдан бастап медициналық сақтандыру қорының аударымдары 2%-дан 5%-ға артатын болады. 2018 жылдан бастап зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтіндер үшін міндетті кәсіби зейнетақы жарнасы енгізіледі, сондай-ақ жұмыс беруші жұмыскерлер табысынан БЖЗҚ-ға 5% аударым жасайтын болады", – деп атап кетті Halyk Finance сарапшылары.

2017 жылы Қазақстандағы бәсекеге қабілетті елдердің жаһандық индекс рейтингісіне кіретін еңбек нарығының тиімділігі жөніндегі көрсеткіші төмендеп кетті, ол үш жыл бұрынғы 18- орыннан 35 - орынға бірақ түскен. Бұл "еңбек нарығындағы жағдайға үнемі мониторинг жасау керектігін және проблемалық орындарды реттік түзету бойынша шараларды іске асыруды" мемлекет пен бизнестің өзара әрекет етуі және диалог жүргізу арқылы шешуі керектігін көрсетеді деді инвестициялық банктегілер.

"Алдағы жылдары Қазақстанның рейтингтегі орны бұдан да төмендеп кетуі мүмкін, оған экономиканың шектеу қоюы барысындағы еңбекақы төлеу қоры жүктемесінің біртіндеп өсуі себеп", – деп қорытындылады зерттеу авторлары.

Гүлназ Ермағанбетова, Сұлтан Биманов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу