Бизнес тұрақтылықты қалайды

Ирина Севостьянова Ирина Севостьянова
1919

Кәсіпкерлер мың құбылатын заңдардан шаршады.

Бизнес тұрақтылықты қалайды

Заңның қайта-қайта өзгеруі бизнесмендердің кәсібін дамыту үшін ұзақмерзімдік жоспар құруға кедергі келтіреді. Сондықтан олар заңдарды және оларға енгізілетін түзетулерді қабылдаудың тәртібін күрделендіруді талап етіп отыр. "Атамекен" кәсіпкерлердің ұлттық палатасының басқарма төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов заңдардың тұрақтылығы – бизнестің табысты дамуының негізі екенін қадап айтты.

"Заңның тұрақтылығы – кәсіпкерлер үшін  маңызды мәселе. Мәселен, жаңадан қабылданған ӘҚтК күшіне енген үш жыл ішінде оған  350 түзету енгізілді. Экологиялық кодекске – 500-ден астам, ал салық заңына  2500-ден астам түзету енгізілді. Ал бұлардың барлығы бизнес жүргізудің негізін қалайтын кодекстер.

Заңдардың қабылдаудың шарасын күрделі, ал оларға өзгеріс енгізуді тіпті күрделірек ету қажет", – деп мәлімдеді ол КҰП-тың IV-съезінде.

Көтерілгені тағы мәселе түрлі тексерулер жайы мен рұқсат беру жүйесі болды.  Жалпы алғанда кәсіпкерлер өздерін тексеруге қарсы емес, бірақ оларда қандайда бір негіз болу керек. Бүгінгі таңда КҰП пен мемлекеттік органдардың көп жылдан бері жүргізіп келе жатқан жұмысының арқасында 800-ден астам түрлі рұқсат мен лицензияның саны қысқарды. Кәсіпкерлер дәл осындай түрлі кедергілердің жоюылуы арқасында жыл сайын шамамен 1,5 млрд теңге үнемдейді екен.

Сондай-ақ қазір барлық рұқсат беру жүйесі бір заңның аясында қарастырылып отыр және осы заңға енгізілмеген рұқсатнамалар заңсыз болып табылады.

"Біз осымен тоқтап қалған жоқпыз. Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп квазисектор мен монополистердің рұқсатнамаларына талдау жасау жағын шештік. Олар да заңмен реттеледі, толық тізім жасалып, оған  енгізілмегендері заңсыз деп танылатын болады. Бұл жұмыс қазіргі таңда жүргізіліп жатыр", – деді Жүрсінов мырза.

Мемлекеттік органдардың жұмысы да, мемлекеттік бақылау жүйесі де қайта қарауды талап етеді. Бүгінде кәсіпкерлерді 61 орган тексере алады.Оларға  544 міндет жүктелген және кәсіпкерлерге 28 мыңнан астам талап қоюға құқылы. Сондықтан КҰП мемлекеттік органдармен бірлесіп мемлекеттік бақылау жүйесін оңтайландыру үшін ұсыныстар әзірлеп жатыр.

"Біріншіден, тексерулер жүйесін түбегейлі өзгерту қажет. Олардың сипатын тамырымен өзгерту керек. Тексеру біреуді жазалау үшін жүргізілмеуге тиіс, ол заңсыздыққа жол бермеуге бағыттауды мақсат етуі керек. Тексеруші  тексерудің қорытындысы бойынша кәсіпкерді жауапқа тарта алмайды, ол олқылықты жою жөнінде ұсыным ғана жасай алады. Олқылықты жоймаған кәсіпкерді ғана  жазаға тартуға болады", – деп түсіндірді  Жүрсінов мырза.

Тексерудің жаңа түрлерінің пайда болуына жол бермеу де маңызды. Оған  реттеушілік әрекет етудің талдамасы тосқауыл бола алады.  2016-2017 жылдың өзінде  осындай талдаудың арқасында бизнеске арналған жаңа міндеттер бойынша мемлекеттік органдар ұсынған  31 ұсыныстың  40 пайызының күші жойылды. Дегенмен, бүгінде бұл талдама дайын заң жобаларына қолданылып жүр. Ал әлемдік тәжірибеде ол басқарушылық шешім қабылдау кезінде енгізілетіні мәлім.

Гүлназ Ермағанбетова, Ирина Севостьянова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу