Дональд Трамп: Мен Израильді жойылып кетуден құтқардым

Бүгін ғана АҚШ пен Иранның ақыры келісімге келгенін жазған едік.  

Дональд Трамп: Мен Израильді жойылып кетуден құтқардым Фото: rbc.ru

Қуанышты жаңалықты бөліскен Трамп көпшілікті елең еткізетін тағы бір мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол уақытында жасалған уағдаластықтар арқасында теңіздегі шектеулер дереу алынып, Ормуз бұғазы кеме қатынасы үшін қайта ашылатынын айтты. Сондай-ақ, ресми дереккөздер барлық майданда, соның ішінде Ливан бағытында да оқ атудың тез арада және біржолата тоқтатылатынын хабарлап жатыр. 

"Нетаняху – өте күрделі адам. Ол шынын айтқанда, бізге шексіз риза болуы керек. Егер Иранда ядролық қару пайда болса, Израиль 2 сағат та өмір сүре алмас еді. Мен Израильді жойылып кетуден құтқардым", – деді Трамп.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ пен Иран арасындағы келісімді құптағанын хабарладық. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу