ДСМ: қызметкерден ПТР-тест талап ету негізсіз

3664

ПТР-тест құралының қоры18 күнге жетеді. 

ДСМ: қызметкерден ПТР-тест талап ету негізсіз

Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева жұмыс берушілердің қызметкерлерге жаппай ПТР-тест тапсыртуы негізгіз екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай әсіре белсенділік жүйенің жұмысын кешеуілдетіп жатқан көрінеді.

"Қазіргі таңда лабораториялық орталықтар тест құралдарымен жеткілікті қамтылған. 501 мыңнан астам тест жүйесі бар. Оның 300 мыңнан астамы мемлекеттік мекемелерге тиесілі. Бұл 18 күндік қор деген сөз. Лаборатиялардың қуатын тәулігіне 35 мың тест өткізе алатындай деңгейге жеткізу жоспарланған. Ол үшін Үкімет резерві есебінен тағы 1,2 млн тест алу жоспарланған",– деген министрлік өкілі қазақстан ПТР-тест өткізу қарқыны бойынша Канаданың алдында тұрғанын жеткізді.

"Тест тапсыру көрсеткішін 100 мың тұрғынға шаққанда, Қазақстан тәулік сайын 7 мың адамды тестілейді. Мысалы, Аустрия мен Канадада тәулігіне 6 мың адам тексеріледі. АҚШ-та 8 мың адам тестіленеді. Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша 34-орында", – деді ол.

Министрлік ПТР-тесті ешбір себепсіз тапсырудың қажеті жоқ екенін айтады. Ол сондай-ақ, кімдер міндетті түрде ПТР-тест тапсыратынын атады.

"Тестілеу тек клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тапсырылуы керек. Клиникалық көрсеткіштер бойынша тестілеуге инфекциялық және провизорлық стационарға жатқызылған тұлғалар, ЖРВИ науқастар, пневманияға шалдыққандар, коронавирус жұқтырғандар кіреді. Ал эпидемиологиялық тестілеуге коронавирус жұқтырғандармен жақын араласқан адамдар, стационарға жоспар бойынша және шұғыл жатқызылғандар, қылмыстық атқару мекемелеріне түсушілер, әлеуметтік-медициналық мекемеге қайта жатушылар тартылады. Профилактикалық мақсатпен тест тапсыратындар да бар. Қазақстанға шетелден келген азаматтар, індет жұқтыру тәуекелі жоғары мемдицина қызметкерлері (айына бір рет) және әскер қатарына шақырылғандар  тест тапсыруға міндетті", - деді Ляззат Ақтаева.

Ал еңбек ұжымдарына коронавирус қатысты тест тағайындауға медицина мамандарының ғана хақысы бар көрінеді.

"Мынаған назар аудартқым келеді. Тестілеуге қажетті клиникалық, эпидемиологиялық көрсеткіштері жоқ адамдарды тексерудің қажеті шамалы. Ал ашық ұжымдарда жұмыс берушілердің  қызметкерлерден міндетті тестілеуді талап етуі негізсіз. Өйткені қызметкерлер жұмыстан қайтқанда бәрі бір көлікте болса да, дүкенде болса да елмен араласады. Сондықтан мынадай маңызды өтініш айтқым келеді. Тесті тек мен атаған көрсеткіштер бойынша ғана тапсырған дұрыс. Ондай тексеруді дәрігер немесе эпидемиолог қана тағайындай алады. Оның өзінде клиникалық немесе эпидемиологиялық көрсеткіш болған жағдайда ғана. Аталған көрсеткіштер болмаса да тест тапсыру  қолда бар құралдарды артығымен пайдалануға әкеліп, зертханалардың жүктемесін ауырлатады. Осының кесірінен шұғыл тексеруден өткен адамдардың тест қорытындысы кешігеді", -деді ведомсвто өкілі.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу