- KADEX-2016 көрмесіне Сіздің компанияңыз қандай өнімді ұсынды?
- Көрме тақырыбы мен ерекшелігін ескере отырып, біз торпедо макетін ұсындық. Бұл - 5365-К. Сонымен бірге ол "243 бұйым" деп те аталады. Бұл- біздің зауыттың ерекше өнімі. Біз оны 1965 жылдан, яғни, Кеңес Одағы кезінен бастап шығарамыз. Бұл өте қарапайым, сенімді, ерекше әзірлеме. Қазіргі уақытта біз оның бастапқы қызмет көрсету мерзімін ұзарту мен жөндеу жұмыстары жағынан қызмет көрсетеміз. Негізінен, оның теңіз қаруы екені ескеріліп, экспортқа шығарылады. Яғни, біздің негізгі тұтынушыларымыз - бұл алыс және таяу шетел. Басқа өнім - бұл гидравлика жүйесі, қарулы күштердің су үсті мен астындағы кемелерінің жабдығы. Бұл әр түрлі гидроцилиндрлер, гидропневмоаккумуляторлар, айырғылар, яғни су үсті және су асты кемелерінің жұмыс істеу механизмін іске қосатын барлық механизм. Сонымен қатар, зауыт жану автоматикасын өндіруге де маманданған болатын, алайда қазіргі уақытта біз оны шығармаймыз. Себебі, бұл – өте күрделі өнім.
- Бұл өнімдерді сату мен келісім-шарттар жасауға қатысты не айта аласыз?
- Біз келісім-шарттарды негізінен гидравлика аппараты бойынша кеме жасау кәсіпорындарымен, Ресей Федерациясының кеме жасайтын мекемелерімен жасаймыз. Мұндай келісім-шарттар баршылық, өнімді экспортқа шығару бойынша жұмыс жүргізілуде.
- Биылғы экспорттың көлемі жайында не айта аласыз?
- Биыл жасалған және орындалып жатқан келісім-шарттардың көлемі шамамен 0,5 млн. доллар болады, тағы да 600-700 мың доллар шамасындағы келісім бойынша келіссөз өтіп жатыр.
- Тұтынушылар, негізінен, ресейлік кәсіпорындар ғой?
- Иә, Ресей кәсіпорындары.
- Торпедалардың белгіленген мерзімі қандай?
- Егер торпедалар туралы айтатын болсақ, онда әскери кемелер үш айға немесе жарты жылға жорыққа кетеді, олар оралған соң орташа жөндеуден өтуі керек. Біздің жасайтынымыз күрделі жөндеу. Біз жөндеуден кейін аппаратураны түгел тексереміз, сынақ өткіземіз, уақытқа ресурстық бақылау жүргіземіз, яғни, ол - уақытқа күшейтілген бақылау. Біздің сынақтар құжатпен негізделген, осындай сынақтардың қорытындысы бойынша негізгі шығарушы-зауыт ретінде қызмет көрсетудің жаңа мерзімін белгілейміз.
- Яғни, өзіңіздің кәсіпорныңыз шығарған торпедолардың қызмет мерзімін ұзартасыздар?
- Иә. Біз бұрын қарулануға өзіміз шығарған торпедоларға жөндеу жүгіземіз. Ұзақ уақыт өте тапсырыс берушілер оларды қайтадан күрделі жөндеуден өткізу және қолдану мерзімін ұзарту үшін бізге қайта жібереді.
- Күрделі жөндеу неше жылда жасалуы керек – 10, 15 жыл?
- Мен мұны сізге айта алмаймын, бірақ қызмет мерзімін 10 жыл деп тағайындаймыз. Бұл өнімнің 10 жылға жарамды екеніне кепілдік те береміз.
- Сіздер торпедо өндірісін қайтадан қолға аласыздар ма?
- Қажет болса, қайта қалпына келтіруге біз дайынбыз. Қазіргі таңда мұндай өнімге сұраныс жоқ, себебі нарықта бұйымдардың саны жеткілікті. Олардың жағдайы әлі де болса жақсы, жаңасын сатып алғанша, оларға жөндеу жұмысын жүргізу жеткілікті. Егер біреу сатып алғысы келсе, өндірісті қайта іске қосу мәселесін қарастыруға дайынбыз.
- Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс жөнінде не айтуға болады? Қазақстанның қорғаныс министрлігі сіздерге тапсырыс берді ме?
- 2015 жылдан бастап зауытпен Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне қажетті бірқатар өнім игерілді. Бұл арнайы мобильді барьерлер және арнайы барьерлер. Бұл төтенше жағдай, су тасқыны кезінде жылдам тұрғызылатын арнайы құрылым. Бұл барьерлер тор түрінде жасалған. Біз оны биыл әкелдік, бірақ оны павильонға қоймадық. Бұл ұзындығы мен ені бір метр болатын бір кешен, яғни осындай алты секция. Темір тор, ол ішінен өте мықты және қатты геоматамен қапталған. Осы шаршы метр тас, құм, кесекпен толтырылады, яғни, егер бір жерде су тасқынына қарсы тосқын қою қажет болса, онда осындай тәсіл арқылы жылдам жасауға болады. Біз былтыр 2,5 мың даданы игеріп ұсындық. Биыл қорғаныс министрлігі 500 данаға тапсырыс берді. Былтыр да осындай құрылымның өндірісі игерілген еді, бірақ ол тек "Газель" базасына қойылады және жиналады.
- Кәсіпорынға бұрын істеген кадрларды сақтап қалу мүмкін болып отыр ма?
- Бізде құжат та , мамандар да сақталып қалған. Бізде бұрынғы және жаңа кадрлар жұмыс істейтін конструкторлық бюро сақталып отыр. Яғни, сабақтастықты сақтап қалуға тырысамыз. Біз жаңа торпедолар әзірлеумен айналыспаймыз, себебі оған тапсырыс жоқ. Біздің негізгі тапсырыс берушілеріміздің су асты және су үсті кемелеріне қатысты жаңа жобалары үшін өздерінің әзірлемелері бар екенін жақсы түсінеміз.
- Мұндай өнім шығарушылардың саны қанша, мысалға, Ресейде?
- Мен мұны айта алмаймын.
- "ЗИКСТО" компаниясы су асты минасын шығарушы жалғыз бізбіз деп мәлімдейді...
- Олар су түбі миналарын жалғыз өндіруші болса, оттегі торпедоларын бізден басқа ешкім шығармайды. Су асты қаруын, электрлі торпедоны және т.б өндіруші компаниялар бар. Ал біз оттегі торпедоларын шығарушы жалғыз компаниямыз. Бұл жерде жанатын қоспа - оттегі, теңіз суы және керосин бар. Жану процесінде ауа-жылу қоспасы турбинаға беріледі, ал турбинадағы айналым винтқа беріледі.
- Торпедолар 1965 жылдан бастап шығарылып, негізінен социалистік елдерде ғана қолданылды емес пе?
- Иә. Бұл торпедолар КСРО, Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің әскери- теңіз флоты үшін шығарылатын еді.
- Ол елдер жөндеуге тапсырыс бермеді ме?
- Бізге әзірге мұндай ұсыныстар түскен жоқ. Бізде Үндістанның әскери-теңіз флоты үшін қосалқы бөлшектерді жеткіз және жетілдіру туралы келісім-шарттар болды және олар қазір де бар.
- Бөлшектердің экспорты үлкен емес шығар?
- Әзірге көлемі үлкен емес.
- Яғни, олардың өсуі мүмкін бе?
- Біз бұл мәселеде бізге тапсырыс берушілермен келісуге мүмкіндік беретін қару-жарақ көрмесіне көп үміт артамыз. Вьетнам, Мысырда мұқтаждық бар. Себебі, ол жақтағы кемелер мен су асты қайықтары Кеңес Одағынікі. Яғни, олардың кемелеріне жөндеу жұмыстары қажет. Олардың сатып алуға деген сұранысы бар шығар, оны талқылау қажет.
- Онда сіздер олар үшін өнім шығаруға дайынсыздар ғой?
- Дәл қазір олардың қолында жеткілікті өнім бар, яғни біз тек қандай да бір үшжақты келісімге ғана қатыса аламыз. Біз өз тарапымыздан жөндеу жұмыстары бойынша қызмет көрсетуге дайынбыз.
- Сонда нарықта торпедо жетіп-артылады ғой? Кім алғысы келсе, сол нарықтан алып кете береді ме?
- Алғысы келгендердің барлығы ала алмайды, мұның барлығы экспорттық бақылауға жатады, кімнің алуға құқы бар, солар ғана алады.
- Олар негізінен Ресейде ғой?
- Тек қана Ресейде емес. Басқа елдерде де мамандандырылған мемлекеттік компаниялар бар.
- Сіздердің торпедоларға арнап шығаратын бөлшектеріңіздің барлығы толығымен қазақстандық құрама бөлшектер ме әлде Ресей немесе Беларуссиядан алатындарыңыз да бар ма?
- Өзімізге қатысты айтатын болсам, онда біз өзімізді-өзіміз қамтамасыз етеміз. Егер ол бізге қатысты болмаса, ол бөлшектерге өндіретін елдерге тапсырыс беріледі. Арнайы металдарды негізінен Ресейден аламыз.
- Егер үлес бойынша қарайтын болсақ, онда сіздер азаматтық бағыттағы өнімдерді көп шығарасыздар ма әлде әскери өнімдер ме?
- 80 пайызы арнайы өнім және олар негізінен экпортқа шығарылады.
- Биылғы жылы өндіріс көлемі қанша болады?
- Биыл шамамен 4 млрд. теңгені құрайды. Барлығы тапсырыс пен келісім-шарттың болуына байланысты. Былтыр шамамен жалпы 400 млн. теңге болды.
- Яғни, тапсырыстың көлемі қатты өзгерді ғой...
- Иә, барлығы келісім-шарттың болуына байланысты. Бүгінгі таңда тек арнайы бұйымдар бойынша ғана тапсырыс берушілерді іздестіріп жатқан жоқпыз.
- Тапсырыс берушілерді орталықтандырылған "Қазақстан Инжиниринг" АҚ арқылы іздейсіздер ма әлде өздеріңіз бе?
- Біз "Қазақстан Инжиниринг" арқылы ұсынамыз, бірақ келіссөздерді белсенді жүргіземіз. Кәсіпорындарға тікелей шығамыз, оларға өз мүмкіндіктеріміз туралы ақпарат береміз, оларға таныстыратын хаттар жібереміз.
- Қару-жарақ сатып алу не қызмет көрсету нарығында Үндістанның келешегі қалай?
- Иә, олардың да, біздің да қызығушылығымыз бар. 2008 жылдан бастап келісім-шарттар болды. Солар бойынша белгілі бір жұмыстарды жасаудамыз, яғни, ол бір үлкен келісім-шарт болды да, қазір сол бойынша қосымша жұмыстар жүргізілуде.
- Шығарылатын өнімдердің номенкулатурасы қаншалықты кең?
- Гидравлика бойынша шағын түрлерінен бастап үлкендеріне дейін шамамен 300 атау бар. Бұл өте үлкен номенклатура, бізде оның барлығына құжат бар. Біз мұның барлығын өндіре аламыз және мұның барлығына бәсекелестік жоқ. Біз мұндай сапаны қамтамасыз ететін жалғыз өндірушіміз. Бұрын зауыт торпедоның шамамен 20 түрін шығаратын. Қазір олардың көбін шығармаймыз және оларға қызмет көрсетпейміз. Бірақ, сұраныс болса, онда қарастыруға дайынбыз.
Жанболат Мамышев