Шымкенттік "РобоАвиа" серіктестігі ұшқышсыз ұшақ аппараттарын шығарады

15784

"Made in Kazakhstan" белгісі бар ұшқышсыз ұшақ аппараттары.

Шымкенттік "РобоАвиа" серіктестігі ұшқышсыз ұшақ аппараттарын шығарады

Шымкентте қазақстандық ұшқышсыз ұшу апараттарын (ҰҰА) толыққанды өндіруге дайын. Серіктестік ұшу аппаратын өндіруден бастап, оған қатысты жекелеген аппараттарды келесі сервистік қызмет көрсетуден ұшқыштар дайындауға дейінгінің барлығын өндіреді.

Қазақстанда ҰҰА қолдануға өзінің дайын екендігін ең бірінші болып "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының еншілес компаниясы - "ҚазТрансОйл" мәлімдеді. Оның өкілдері дрондар мұнай құбырларын күзетуде және Қазақстанда мұнай құбырларын тесіп, мұнай ұрлайтындармен күресте тиімді құрал болып табылатынын осыдан 8 жыл бұрын айтқан болатын.

Тікұшақтармен күзету мұнайшыларға көп пайда әкелмеді, өйткені тікұшақтар тым шулы да, көмірсутегі шикізатын ұрлаушылардың жолын кесуге мүмкіндік бермейтін. ҰҰА болса - білінер-білінбес, ең бастысы, тікұшақтармен салыстырғанда, пайдалану  бағасы жағынан да арзан. Қазір біздің отандық мұнайшылардың алдында белгілі бір аумақты бақылау міндеті тұрған құрылымдарына қазақ дрондарын сатып алу мүмкіндігі бар.

"Самұрық" Шымкентте шығарылады, сапасы жағынан басқалармен салыстырғанда жаман емес, бірақ "шетелдіктен" арзан. Маусым айының басында қару-жарақ және әскери-техникалық мүліктер "KADEX-2016"  халықаралық көрмесінде өз өнімін ұсынған Шымкенттің "РобоАвиа" бірлескен кәсіпорны" ЖШС жергілікті өндірушілермен бірге ұшқышсыз аппараттар сегментінде мүлде игерілмеген республика нарығына шығуға бел дубы. Бұл компанияның құрылтайшысы Виктор Велесиктің айтуынша, осы көрмеде ұсынылған ұшқышсыз аппараттардың түрін компания жақын арада  шығаруды ниет етіп отыр.

Осымен қатар, компанияның "ҚазТрансОйл" компаниясымен батыс құбыр желісін дрондармен қамтамасыз ету процесі бойынша алдын ала келісімі болған. "Тапсырыстың көлемі туралы айту әзірге ерте, бірақ тексерілетін партиясы дайын, - деді Виктор Велесик біздің басылымға берген сұхбатында. - Олар қазір ұшуға дайын. Біз қорғаныс министрлігіне де үміт артып отырмыз, біздің "ҚазТрансОйл" компаниясы үшін дайындаған ұшқышсыз "Самұрық 5.0" барлау жасап қана қоймай, шекараны да күзете алады. Бұл машина кез келген құрамдауды қолға алып шеше алады".

Сонымен қатар, бұл компания тек ішкі нарықпен және ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндірумен шектеліп  қана қоймай, алдағы уақытта олардың сервистік қызмет көрсетуін бір жолға қоюды ойластырып отыр. "Біз қазір ресейлік ұшқышсыз аппараттарды сатумен айналысатын дистрибьютерлермен бастапқы келіссөздер жүргізудеміз. Олармен байланыс жасадық, олар біздің өнімімізге қызығушылық танытып отыр", - дейді Виктор Велесик.

Осы тұрғыда туындайтын қазақстандық ҰҰА жасалуы жағынан қаншалықты қазақстандық болады деген сұраққа құрылтайшы сенімді түрде "70 пайыз" деп жауап берді. "Яғни, шанақты бөлшектердің барлығы - қалақбастар, шасси тірегі, шанақтың барлығы, қазақстандық өндірушіден, Шымкент базасынан шығады. Ал құрамдаушылар, мысалы, қозғалтқыш пен электроникаға қатыстылары ресейлік, қытайлық немесе американдық, яғни тапсырыс берушінің қалауына байланысты болады",- деп нақтылады Виктор Велесик.

Сонымен бірге, Шымкенттен шығатын "Самұрықтың" қазақстандық маңызы артады. Себебі, компания ұшқышсыз ұшу аппараттарының электронды бөлшектерінің жартысын өздігінен дайындауда. Сонымен қатар, құрылтайшының мәліметі бойынша, шымкенттік "дрондардың" бағасы аса маңызды болып тұр, "Самұрық" техникалық жағынан шетелдік ұшақтардан кем түспейді.

- "Самұрық" варияциясы неге қабілетті?
"РобоАвиа" компаниясының өкілі Александр Вихрицкий abctv.kz тілшісін отандық ұшқышсыз ұшу аппараттарының үш модификациясымен таныстырды. Соның бірі - "Самұрық 3.0" қанатын үш метрге жаяды, бос аппараттың салмағы 18 киллограмм, сонымен бірге ол әуеге 7 килограмға дейінгі пайдалы жүктемені көтере алады.

"Бұл міндетті орындау үшін қажет отын мен жабдықтың салмақ комбинациясы,- деп түсіндірді Александр Вихрицкий. – Қозғалтқышта қосымша өзгертулерсіз ұшу биіктігі 2500 метрге дейін жетеді, ал ұзақтығы 450 шақырымды құрайды. Бұл нұсқа, ең бірінші, қысқа мерзімде, қажет болғанда 3 сағатқа дейін қысқа мерзімді уақыт бөлігінде тосқауылдауды бақылауға арналған. Яғни, 3 сағат ұшып келіп суреттерді әкеледі немесе ұшу кезінде оны жерге береді",- деп түсіндіреді ол.

"Самұрық 5.0" ұшағының келесі нұсқасы - бұл "үшінші Самұрықтың" жетілдірілген, ұзартылған және әуеден ұзақ ұшуға негізделген түрі. "Бұл ұшақтың қанатындағы қосымша бактардың есебінен жүзеге асады, оған 15 литр отын бұрынғы шығындағыдай кетеді, соның арқасында 3-4 килограмм жабдықты көтеруге болады",- деп нақтылады "РобоАвиа" өкілі. Нәтижесінде ұшақсыз ұшу аппаратының ұзартылған түрі жанармай құюдың бір  жерінен екінші жеріне дейінгі 1500 шақырымды ұшып, әуеде 15 сағатқа дейін бола алады.

"Міндеттердің бірі - бұл жарық күнде күні бойы бақыланатын участкені күзету (не бақылау). Бұл ұшақтар үшін негізгі пайдалы жүктеме - бұл  гиро тұрақталған бейне камералар немесе гиро тұрақталған асқыштағы фотоаппарат. Ол ұшу кезінде үнемі жазбаны жазуға мүмкіндік береді, жабдық жермен үнемі байланыс жасап тұруға мүмкіндік береді де, ақпаратты онлайн тәртібінде де немесе фото және бейне жазба түрінде де ала алады", - деп толықтырды Вихрицкий.

Дәл осы кезде гиро тұрақталған асқыш нені беретіндігін көрнекі түрде көрсету үшін "Самұрық" ұшағының тегіс емес жерде ұшқан кезде оның бортында жасалған бейне түсірілімді көрсетті.

Ал үшінші нұсқа - "Ұшатын қанат" (ҰҚ) - әзірге дайындалуда, ол электрлі қозғалтқышпен жұмыс істейтін болады. ҰҚ - бұл электрлі жүктемеге көшу, бұл қолдануды шамалы жеңілдетеді, бастапқы екі модельде ұшу мен қону ұшақтардағыдай істейді. Олардың салмағы болғандықтан оларға үлкен болмаса да жоқ дегенде 100 метрге дейінгі ұшу алабы қажет, - деп түсіндірді компания өкілі. - ҰҚ катапультадан ұшуды іске асырады. "Катапульта" дегенміз - бұл резиналы қарапайым амортизатор. Басқару автоматикасы белгілі жылдамдық алғаннан кейін қозғалтқышты қосуға мүмкіндік береді, ал одан әрі ұшу автоматты түрде болады. Ұшу соңында штатты қондыру парашют арқылы іске асады, яғни ұшу мен қону үшін арнайы алаңды қажет етпейді. ҰҚ-ның міндеті де бақылау. "Біздің аппараттарға мультиспектрлі камераны, теледидарды немесе құрылғыны қоюға болады, соған қарамастан электрлі ұшақ геодезия қажеттілігі үшін  жерде аэрофототүсірім бойынша жұмыс жасауға негізделген, - деді Александр Вихрицкий. - Онда қолданылған жүйе нақты аэрофото түсірімді жасауға мүмкіндік береді және көптеген түсірімнің  бейнесін  жасайды, яғни, гугл картасы сияқты болады. Бірақ, бұл 50 метрден 150 метрге дейінгі биіктікте жасалады, оның дәлдігі өте жоғары, ол жердің жоғары сапалы 3D картасын жасауға мүмкіндік береді, осы бағдарлама арқылы карьерлердің жерін, сызба өлшемін, ауданын, қашықтығын, көлемін, биіктігін немесе тереңдігін өлшеуге болады".  

Оның айтуынша, "Самұрық 3.0" және "Самұрық 5.0" ұшақтарының бастапқы екі үлгісі осы жылдың маусым айының  басындағы шығарылымның алғашқы үлгілері, яғни бірінші ұшырылған түрі болды. "Оларға шығарылым алдындағы тексеріс үшін өзгертулер енгізілді, - деп түсіндірді "РобовАиа" компаниясының өкілі.- "Ұшатын қанат" бойынша 3D үлгісі жасалды. Оның негізінде макет жасалды. Қазір біз нақты "Ұшатын қанаттың" матрицасын дайындауды бастауымыз керек",-деп қосты ол.

- ҰҰА штурвалын кім басқарады?
Шымкент кәсіпорнының маңызды басымдықтарының бірі болып табылатын нәрсе - ол аппаратты жинап қана қоймай, оны жерден басқаратын ҰҰА ұшқыштарын да дайындауда болып отыр. "Біздің ұшақтарымызды басқару қажет. Олар үш режимді ұшуға есептелген, яғни толық автоматты, жартылай автоматты және барлық автоматика жұмыс істемей қалған кезде керек болатын қолмен басқару режимін міндетті түрде енгіземіз, - деді Александр Вихрицкий. - Негізі, мұндай агрегаттардың ұшу мен қонуын ұшқыштың бақылауымен қолмен басқару режимі арқылы іске асырған жақсы. Біздің әрбір ұшағымызда құтқарушы парошют бар, ол штаттан тыс жағдайда қосылады. Мысалы, егер ұшақ мекемеге, машинаға, адамға ұшқан жағдайда қосылатын апатты жүйе бар. Оны адамның бақылауы - дұрыс шешім. Кез-келген әуе көлігіндегі  қауіпсіздік жүйесін адамның басқарғаны жөн".

Ұшақты басқарудың заманауи жүйесі "толық ұшу мен қонуды" қаматамасыз ете алатынын компания өкілі де атап кетті. Дронды өндірушілердің көпшілігі қолмен басқару режимін алып тастағысы келеді. "Бір жағынан, бұл пайдалануды арзандатады, екінші жағынан - қосымша қауіп төндіреді. Ұшақтың салмағы 3-4 килограмм болса, бұл қорқынышты емес, ал ол 30 килограмнан артық болғанда..." - онда автоматика басқарудан шығып қалса, ал қолмен басқару режимі болмаса, мұндай машинаның не істейтінін өзіңіз ойлай беріңіз, - деп қолын қусырды сарапшы.

Осының нәтижесінде кәсіпорынның іске қосылған күнінен бастап ҰҰА ұшқыштары мектебі құрылды.

"Біз 2014 жылы аппараттарды дайындай бастаған кезде ұшқыштарды дайындауды да қатар бастадық, - деді Александр Вихрицкий. - Олармен "Боинг" ұшағының ұшқышы жұмыс істейді, ол осы мектептің басшысы. Яғни, біз тапсырыс берушіге қызмет көрсетудің толық пакетін ұсынамыз. Тапсырыс берушінің таңдауы бойынша, ол құрылғысыз бос планерді сатып ала алады да, оны өзі толықтыра алады, ал егер оның ұшақ басқаратын адамдары болмаса, біз оның адамдарын үйрете аламыз немесе өзіміздің ұшқышымызды ұсына аламыз, оның барлығы тапсырыс берушіге байланысты болады".

Игорь Воротной

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу