Ел экономикасына инфляциялық қысым сақталуда

2668

Қазан айында халық күткен және қабылдайтын инфляцияның медианалық бағалары тиісінше 18,3%-ға және 22%-ға дейін күрт өсті. Бұл 2016 жылдан бастап ең жоғары көрсеткіш.  

Ел экономикасына инфляциялық қысым сақталуда

Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысында ҚР Ұлттық Банк төрағасының орынбасары
Берік Шолпанқұлов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

"Қазанда айлық инфляцияның 1,6%-ға дейін біршама баяулауына қарамастан, бір ай бұрын 1,8%-ға айтарлықтай өсуден кейін, ол соңғы 5 жылда – қазанда әлі де орташа жылдық мәннен 0,7%-ға едәуір асып түсті. Жылдық мәнде инфляция 18,8%-ға жетті. Ал жылдық мәнде 23,1%-ға жеткен азық-түлік бағасының өсуі инфляцияға көптеп үлес қосуда. Жеміс-жидек пен көкөніс өнімдерін маусымдық арзандату аяқталды", – деді спикер. 

Азық-түлікке жатпайтын инфляцияның өсуі де 17,9%-ға дейін жеделдеді. 

"Импорт үлесі жоғары тауарлардың, оның ішінде жеке қолданыстағы тауарлардың, тұрмыста қолданылатын құралдардың, құрылыс материалдарының, дәрі-дәрмектің бағалары тез өсіп отыр. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар құрылымында өткен жылдың жоғары базасы есебінен шығу нәтижесінде жанар-жағармай мен автомобильдерге бағаның өсуі баяулады", – деді спикер. 

Берік Шолпанқұловтың айтуынша, ақылы қызметтер инфляциясы 13,5%-ға жетті. Тұрғын үйді жалға алу қымбаттауын тоқтатқан жоқ, энергия өндіруші компаниялардың тарифтері өсуіне байланысты электр қуатының құны қымбаттады.

"Қазан айында халық күткен және қабылдайтын инфляцияның медианалық бағалары тиісінше 18,3%-ға және 22%-ға дейін күрт өсті. Екі көрсеткіш те 2016 жылдан бастап ең жоғары деңгейге жетті. Жоғары инфляциялық күтулерге, фискалдық ынталандыруға байланысты инфляциялық процестердің өсуі дезинфляциялық ақша-кредит саясатын жалғастыруды талап етеді", – деді спикер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу