Елжан Биртанов: "Миллион төлегенше, бір жылға бес мың төлеген оңай"

Алина Альбекова Алина Альбекова
15914

Жұмыссыздар да өз денсаулығы үшін төлейтін болады.

 Елжан Биртанов: "Миллион төлегенше, бір жылға бес мың төлеген оңай"

"Бүгінгі күні біздің еліміздің 13 заңына және 6 кодексіне 181 түзетулер енгізген заңнама дайын. Сонымен қатар, біз үкіметтің 15-тен артық қаулысын және әр түрлі мемлекеттік органдарға  100-ден артық бұйрық дайындадық",-деп жақында қабылданған "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы"  (МӘМС)  заңды қандай өзгертулер күтіп тұрғандығын талқылаған"Атамекен" ҰКП дөңгелек столы барысында  денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің вице-министрі мәлімдеді.

Оның айтуынша, бюджеттік кодекстің медициналық қызметтерді және бұйымдарды сатып алу, сонымен қатар дәрі-дәрмекке қатысты бөлігіне өзгертулер енгізілген. Бұдан басқа, кәсіпкерлік кодексте және МӘМС туралы заңда қарастырылған, бірақ, басқа заңнамалық актілерде есепке алынбаған тарифтерді реттеу туралы мәселесі тұр. Қордың қаржылық тұрақтылығын айтатын болсақ, онда бұл жерде бюджеттік кодекс пен МӘМС туралы заңға қосымша нормалар енгізілген. Осы қосымшаларға сәйкес, егер қорға түскен түсімдер қабылданған міндеттерді төлеу үшін жеткіліксіз болатын болса, онда қордың шығындары үкімет резервтері есебінен жабылатын болады. Өзгертулер, сонымен қатар, мектептік медицина және дәрі-дәрмектік қамтамасыз ету бойынша ұлттың денсаулығы туралы кодекске де енгізілді. Осыларға сәйкес, мектепте оқушыларға қызмет көрсету МӘМС шеңберінде жүзеге асады.

Мемлекет ММСҚ-ға (Міндетті медициналық сақтандыру қоры) жарна жасайтын азаматтар категориясы да өзгертулерге ұшырады.  Мүгедек-балаларды тәрбиелеуші аналар, олардың жасы 18-ге толғанға дейін, сонымен қатар, алты айға дейін мемлекет жұмыс табуға мүмкіндік беретін жоғары оқу орындарының түлектері қордың қамқорлығына алынады. Елжан Биртанов атап көрсеткендей, мемлекет тарапынан жарна төленетін адамдар тізіміне елшілердің әйелдері де енгізілген, олардың жұбайлары шетелден оралғанға дейін оларға мемлекет жарна төлейді.

Әскери қызметкерлерді екі рет қажыландыруды болдырмау үшін әскерилерді емдеу МӘМС қорынан төлеуге шешім қабылданған. Әскери қызметкерлердің, бүгінгі күні мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылып  отырған өздерінің медициналық қызмет мекемелері бар екенін айта кету керек.

Тағы да бір Елжан Биртанов айтқан маңызды мәселе шетелдіктер және азаматтығы жоқ  үнемі Қазақстан территориясында тұратын тұлғалар туралы болды. Көптеген еуропалық елдерде олар және олардың отбасы мүшелері, мысалға, ел азаматтармен теңестірілген. Қазақстанда көрші елдердің үлгісіне қарап, оларды медициналық қызмет алу құқығынан айырмады. Яғни, олар жарнаны төлеп, медициналық сақтандыру жүйесіне қосылады. Ал оралмандар жайында айтар болсақ, олар үшін мемлекет бір жылға дейін, азаматтық алғанға дейін төлейді. Басқаша жағдайда, олар үшін мемлекет жарна төлеуді тоқтатады, олар МӘМС –ге  жарна төлеп, шетелдіктер құқығы негізінде қатыса алады.

Вице-министр ММСҚ құруда, ТМККК шеңберінде тегін қызмет көрсетудің жартысы ғана, яғни, шұғыл көмек, иммунитет көтеру және әлеуметтік маңызы бар  туберкулез немесе онкология сияқты ауруларды емдеу тегін болатынын атап кетті. Ал кеңейтілген қызмет көрсету  пакеті тек қорға қатысушылар үшін ғана қолжетімді болады.

"Біздің, сіздермен міндетіміз, азаматтардың  100% денсаулық сақтау жүйесінің қатысушылары болуын қамтамасыз ету. Бірақ, барлығына , шындық тұрғысынан қараған жөн. Бүгінгі күні халықтың 20 пайызы, яғни, 2,5 млн. адам ешқайда қатыспайды, тіпті салық та төлемейді. Алайда, олар денсаулық сақтау қызметін пайдаланады, тегін білім алуды, қоғамдық қорғауды қолданады. Яғни,  басқа салық төлеп отырған  азаматтар сияқты олар үшін де барлық қолайлы жағдайлар қолжетімді. Басқаша қарайтын болсақ, неге біз, негізгі жұмыс істейтін масса, дені сау, жұмыс істемейтін азаматтарды асырауымыз қажет? Олар мүгедек емес, бірақ жұмыс істемейді. Менің ойымша, олар да өз үлесін қосуы керек. Медициналық сақтандыру принципі осындай адамдарды сақтандыру жүйесіне қатысуға шығарады",- дейді вице-министр.

Оның айтуынша, осы себепті тек жұмыс істейтіндер ғана қорға жарна төлемейді, сонымен қатар, жұмыс істемейтіндерге де, жеке кәсіпкерлерге де жарна салуға рұқсат беріледі. Әрі ең аз мөлшерлеме бойынша салынады. Вице –министрдің аузынан жарна мөлшерлемесі  айлық жалақының 2%-ы деген  сөз шығып қалды, ал бұл айына 440 теңге.

" Ештеңе төлемей, содан кейін  барлығын өз қаражаты есебінен төлегенше, бір жылда бес мың теңге төлеп, қызмет көрсетудің толық пакетін алған оңай. Мысалы, біз бүгінгі күні әр адамға жылына 50 мың теңге жұмсаймыз. Ал егер ол адам ауру екенін ескерсек, оған емделу миллионға шығып кетеді. Еуропада жарна төлеп, жүйенің қатысушысы болсаң, осындай механизм жұмыс істейді. Осымен біз осы адамдарды ресмилендіреміз және көп адамдар төлемей, бірақ қор қызметін пайдалану  мүмкін екендігінің  тәуекелін ескертеміз",- деді ол. 

Еске сала кету керек, МӘМС туралы заң 2015 жылдың соңында қабылданған. Соған сәйкес 2017 жылдың  1 қаңтарынан мемлекет, жұмыс беруші және өздігінен жұмыс істейтін азаматтар ММСҚ-ға аударымдар жасай бастайды. Мемлекеттің ерекше категория азаматтары үшін жарна мөлшерлемесі орта айлық жалақысының 7%-ын құрайды. Бұл ретте мөлшерлеме көлемі кезең бойынша артатын болады, 2017  жылы  4%, 2018 жылы 5%, 2023 жылы 6%,  2024 жылдан бастап  7%-ға  артады. Жұмыс бершілердің жарнасының жалпы мөлшерлемелік көлемі табысының 5%-ын  құрайды. Бұл ретте аударымдар  2017 жыл 2%, 2018 жылы 3%, 2019 және  2020 жылдары  5%-ды құрайды. Жеке кәсіпкер, жеке нотариустар, жекелеген сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар және азаматтық-құқықтық шарттарының түрі бойынша табыс табатын жеке тұлғалар үшін жарна мөлшерлемесі табысының  7% -ын құрайтын болады. Бұл ретте 2017 жылы 2%, 2018 жылы  3%, 2019 жылы  5%, 2020 жылдан бастап 7%. Жалданбалы жұмыскерлер аударымдарды 2019 жылы табысынан - 1%, 2020 жылы табысынан - 2% төлеумен  іске асыра бастайды. Денсаулық сақтау министрлігінде, ертерек те айтылғандай, 9,8 млн. қазақстандық медициналық қызметті мемлекет есебінен алатын болады. Қордан қаржыландыру 2017 жылдың  1шілдесінен басталады.

Алина Альбекова, Астана

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу