Бокстан ерлер құрамасы Азия чемпионатында көш бастады

Бүгін ақтық сында 5 қазақ боксшысы алтын медаль үшін жұдырықтасты.  

Бокстан ерлер құрамасы Азия чемпионатында көш бастады Фото: olympic.kz

Оның біреуі ғана финалда сүрініп, күміс жүлдені қанағат тұтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әуелі жарыс жолына Оразбек Асылқұлов (60 келі) шықты. Ол үндістандық қарсыласын жеңіп, алғаш рет Азия чемпионы атанды. 

Одан соң Төрехан Сабырхан (70 келі) Иордания өкілінен ойда-жоқта жеңілсе, Сабыржан Аққалықов (75 келі) өзбек жігітінен айласын асырды. 

Ал ағайынды Нұрбек Оралбай (85 келі) және Айбек Оралбайлар (+90 келі) ел құрамасы қоржынын қос алтынмен толықтырды.

Осылайша, қазақ жігіттері құрлықтық додада 4 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль еншіледі.

Айта кетейік, Махмұд Сабырхан (55 келі), Ертуған Зейнулинов (65 келі) және Сағындық Тоғамбайлар (90 келі) қола жүлдегер атанған еді.

Бас бапкер Нұржан Насанов шәкірттері жалпыкомандалық есепте бірінші орынға жайғасып отыр.

Үздік үштік:

  1. Қазақстан – 4 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль;
  2. Өзбекстан – 3 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль;
  3. Үндістан – 1 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу