Газада үйінді астында қалғандарды тек бір экскаватормен іздейді

108

Газа секторында бірнеше айға созылған Израиль шабуылдары салдарынан қираған үйлер астында қалған мыңдаған палестиналықты іздеу жұмыстары басталмақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Газада үйінді астында қалғандарды тек бір экскаватормен іздейді Фото: Анадолы агенттігі

Азаматтық қорғаныс қызметі бұл жұмысты бар болғаны бір ғана экскаватормен жүргізуге мәжбүр. Бұл туралы азаматтық қорғаныс басқармасының өкілі Махмуд Басал мәлімдеді.

Оның айтуынша, Израиль азаматтық қорғанысқа тиесілі ауыр техниканың көп бөлігін жойып қана қоймай, жаңа техника кіргізуге де тосқауыл қойып отыр. Гуманитарлық ұйымдар арқылы Газға тек бір экскаватор ғана өткізілген, оның жұмыс уақыты 100 сағатпен шектелген.

Іздеу жұмыстары Магази босқындар лагерінде Қызыл Крест және жергілікті құрылымдармен бірлесе жүргізіледі. Газа үкіметінің мәліметінше, Израиль шабуылдарынан кейін шамамен 9 500 адам жоғалған, олардың тағдыры белгісіз.

Мыңдаған отбасы өз жақындарын табу үшін көмек сұрауда. ДНҚ талдау жасайтын зертханалардың жоқтығы мүрделерді анықтауды қиындатып отыр. 14 қазаннан 15 қарашаға дейін Израиль 330 белгісіз мүрдені қайтарған, оның тек 97-сі ғана танылған.

2023 жылдың 8 қазанынан бері Израильдің шабуылдары нәтижесінде 69 мыңнан астам палестиналық қаза тауып, 170 мыңнан астамы жарақат алған, Газа инфрақұрылымының 90%-ы қирандыларға айналған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу