Жазғы мезгіл үшін сирек шақырылатын үкімет отырысындағы бұл мәлімдеме сөз болған жиын Газа секторындағы жағдайды талқылауға бағытталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Кир Стармердің сөзінше, егер Израиль Газа секторындағы атысты тоқтатуға және ұзақмерзімді бейбітшілікке бағытталған нақты қадамдарға бармаса, қыркүйек айында Палестина мемлекетінің тәуелсіздігін мойындайтын болады.
– Егер Израиль үкіметі Газадағы ауыр жағдайды тоқтатуға бағытталған нақты қадамдарға бармаса, атысты тоқтатпаса, Батыс жағалауды аннексияламайтынын ашық мәлімдемесе және екі мемлекет негізіндегі шешімге әкелетін ұзақмерзімді бейбіт процесті қолға алмаса, Ұлыбритания БҰҰ Бас Ассамблеясына дейін Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде мойындайды, – деді Ұлыбритания премьер-министрі.
Еске салайық, Газа секторындағы жағдай 21 айға созылған соғыстың салдарынан Израильдің әрекеттеріне халықаралық сын күшейіп келеді. Әсіресе, әлемдік БАҚ "ашаршылық әрбір есікті "қағып" тұр" деп Газадағы жағдайдың дабыл қағарлық дәрежеге жеткенін ашық жазуда.
Әлемдік актриса Анджелина Джоли де Газаның ашық аспан астындағы түрмеге айналғанын айтқан еді.
Бұған дейін Еуропадағы бір мемлекеттің АҚШ пен Израильді қауіпті ел деп атағанын жаздық.