Аталған үйдің бірінші сатылымында өтпеуіне ешқандай қатысушының тіркелмеуі себеп болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, Кәрім Мәсімовтің үйі сауда-саттықтың бірінші сатылымында өз иесін таппады. Оған электрондық сауда алаңының сайтындағы деректер дәлел.
– Аукцион басталған сәтте сату объектісі бойынша аукцион залында бірде-бір қатысушы тіркелмеген. Аукцион залында бірде-бір қатысушы бастапқы бағаны растамаған, – деп жарияланған хабарламада.
Еске салайық, ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін мемлекетке опасыздық жасады және мемлекеттік ұйымдастырмақ болды деген күдікпен қамауға алынған-ды. Оның бас бостандығы 18 жылға шектелді.