Қаржылық сауаттылықты арттыруды шенеуніктерден бастау керек – Мұрат Акинов

10480

Сарапшы Білім және ғылым министрлігіне ұсыныс тастады. 

Қаржылық сауаттылықты арттыруды шенеуніктерден бастау керек – Мұрат Акинов

"Bolashaq" қауымдастығы мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы "Жастар және инновациялар" аты онлайн-форум өткізіп жатыр. Осы шара аясында қаржы сарапшысы,  "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқарма төрағасы Мұрат Акинов вебинар өткізген болатын. Сарапшы елдегі қарапайым азаматтардың қаржылық сауаты төмен болуының кесірінен көптеген мүмкіндіктерден айырылып отырғанын мәселе етіп көтерді. Тәуелсіздік алғынымызға 30 жыл болса да, әлі жоспарлы экономикада өмір сүріп жатқандай қамсыз жүретініміз қаржы маманының көңіліне жақпайтын көрінеді. Әсіресе, қор биржасы, ІРО, құнды қағаздар нарығы, жеке инвестиция деген ұғымдар халық үшін өздеріне қатысы жоқ дүние болып көрінеді. Ал осы саланы меңгерген АҚШ халқының тең жартысы қор биржасына инвестиция салу арқылы табыс тауып отыр.

"Халықтың инвестициялық сауатын арттыруды мектеп қабырғасынан бастауды ұсынар едім. Тіпті, инвестициялау бойынша қандай да бір пән болу керек деп ойлаймын. Мысалы, АҚШ-та халықтың 50 пайызы инвестициямен айналысады. Хирургтан бастап, тракторшыға дейін солай. Бала кезінен дастархан басында инвестиция туралы естіп өседі. Ал біздегі биржаға араласатын жастағы адамдардың көбі совет тәрбиесімен өскен. Ол кезде жоспарлы экономика болғанын білесіздер. Amazon акциясын сатып алсақ қайтеді" деген сияқты әңгімелер біздің үйлерде айтылмайтын. Негізі әр отбасында сондай әңгіме айтылуы керек", – деген маман қаржылық сауаттылық жаппай халыққа тарау үшін әуелі түрлі реформалардың тізгінін ұстап отырған шенеуніктердің сауатын көтеру керек екенін айтты.

"Білім және ғылым министрлігі осы мәселеге басым мән беруі керек деп ойлаймын. Егер халық қаржылық тұрғыда сауатты болсын десек, 9-10 сыныптардан бастап пән енгізу керек. Тым болмағанда, сенбінің сабақ кестесінде осындай пән тұруы керек. Аптасына бір рет болса да, айына бір рет болса да, пән оқытылуы қажет. Біздің азаматтар мектеп қабырғасынан инвестициялық қор, оның инфрақұрылымы дегеннің не екенін біліп шығуы тиіс. Сайт аша салып қаржылық сауаттылықты көтеру мүмкін емес.  Одан да Білім және ғылым министрлігі арқылы, балалар арқылы "нүктелік" принциппен келу керек.  Мысалы, мен білетінімді онлайн режимде бүкіл Қазақстанның оқушыларына үйретуге дайынмын. Шеберлік сағаттарын өткізе алам. Бізде шенеуніктердің өзінің де қаржылық сауатын арттыру керек. Кейін олар өз сауатын мектептерге берер еді. 

Сонда ғана халқымыз қаржылық тұрғыда сауатты болады. Тіпті, келешекте жас буын Батыс нарықтарында  Amazon, Яндекс,  Alibaba сияқты компанияларда ақша көтеретін болады. Қазақстанда отырып-ақ, елге ақша кіргізер еді. Ол ақша елге келеді ғой. Мектепте базалық білім алып шыққандықтан, өз бетімен қаржылық талдау жасап, табысты жұмыс істей беретін еді. Керек десеңіз, халықтың қаржысын сауатын көтеру арқылы мемлекетімізді көтере аламыз. Пандемия кезінде Alibaba сияқты компаниялардың инвестициялық табыстылығы 50-60 пайыз өсті. Қазақстандықтардың неге осы нарықтарда ақша табуға құқығы жоқ? Әрине, құқығы бар. Тек қаржылық сауатымыз жетпей жатыр" – деді Мұрат Акинов.

Есжан Ботақара


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз!

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу