Қаржыны қажет етпеген бизнес-стартап

14104

Қарындаш тастан бояу өндіруді қолға алған қостанайлық кәсіпкер өндіріске қажетті құрал-жабдық пен арнайы жай үшін де ешқандай қаржы шығындамаған.   

Қаржыны қажет етпеген бизнес-стартап

Мыңнан жалғыз 
Елімізде бизнес-стартаптар қаржының тапшылығынан жүзеге аспай келеді. Мәселе кәсіпкерлікті қолдайтын мемлекеттік"Даму" қорымен де шешілген емес. Өткен жылы Қостанай облысында мұндай 12 жоба ғана қаржыландырылған. Кәсіпкерлер бұған дейін белгілі болғандай банктерден 300 мыңнан 20 миллионға дейін несие рәсімдепті. "Даму" қорының  мәліметінше банктерден көбіне-көп бала бақша, дәріханалар мен ет консервлерін шығаратын цехтарға, баспаханалар ашуға қаржы берілген. 
"Алғаш бизнес бастау тәуекелді қажет ететіндігі заңдылық. Өйткені, кәсіпкерлікпен айналысуға азаматтардың тәжірбиесі болмайтындығымен бірге, банктер де қаржыландыруды қолдай қоймады. Бола қалған жағдайда алған несиеңді жүз мәрте сақтандыруың керек. Арызыңның жартысын банктер қабылдаса, құба-құп. Ал, қаражат "Даму" қорында жеткіліксіз",- дейді қордың Қостанай облыстық бәсекелестікті жетілдіру бағдарламасының менеджері Елена Оганова. 
Қостанайлық Мария Хрущелева мұндай мәселені шеше білді. "Ісімді бастамас бұрын менде де құрал-жабдықтар сатып алумен арнайы орынды жалдау ойымда болған. Кейін ойланып, бұл пікірімнен айныдым. Тек қазір жалға алған керекті - жабдықтарға ақша төлеймін",-дейді кәсіпкер. 
Онымен қоса, тапсырысты ғана орындайтындықтан артық шығынданбайды. Облыстағы кәсіпкерлер палатасының сөзінше мұндай кәсіпкерлердің саны көп емес. Өңірде "Жас атамекен" бағдарламасы бірталай бизнес-стартаппен жұмыс жасауда. Дегенмен, кәсібін әрі қарай игеруі кәсіпкерлерге байланысты. 
"Бүгінде сауда-саттық тиімсіз екендігін көрсетті. Өнім өндіру дамып келеді. Дегенмен, басымдық әлі де қызмет көрсету саласында. Консалтинг пенкоучингпен қазірде ешкім шұғылданбайды",- дейді өңірдегі  кәсіпкерлерді қолдау палатасының "Жас атамекен" клубының кураторы Зарина Көкжанова. 
 Сұраныстың ерекшелігі 
Мария Хрущелеваның қарындаш тасбояуына тапсырыс берушілер көбінесе ресейліктер екен. Бұл өнім бөлмелерді әрлеуге пайданылады. 
"Жарты жыл бұрын үй қабырғасын қара түске сырлауды қалайтындар аз болған. Кейін ғаламтордан көргеннен кейін тапсырыс берушілер саны көбейді. Мені таңғалдыратыны клиенттерімнің көбісі Челябинск,Мәскеу,Екатеринбург қалаларының тұрғындары. Қостанайлықтар бұл бояудың өз облысында өндірілетіндігінен хабарсыз. Бірде әрлеу жұмысы кезінде "Ресейде шығарылған" деп "Lokkі" аталатын менің өнімімді ұсынғандар кездескен",- дейді кәсіпкер. 
 Мария Хрущелева бояудың айына 800 литрін шығарады. Мұндай сыр құрылыс дүкендерінен табылмайды десе де болғандай. Бір қалбыр сырдың бағасы 6000 мың теңгеден сатылуда. Біз білетін германиялық бояу үш есе қымбатырақ. "Жалғыз бәсекелес делінетін немістің Tikkurila сыры үй қабырғасына сіңіп кетсе, менің өнімім беткі қабатында қалатындықтан бормен сурет салуға ыңғайлы. Қазір  қарындаш тас бояуы бізге Украина елінен тасымалданады", -дейді кәсіпкер.  

Кәсібін келешекте  мұнан да үлкейтуді  жоспарлауда. Мария өндіретін бояудың құрамын өзгелерден құпия ұстайды. Тіпті, бірге жұмыс жасайтын технологымен  ол жөнінде келісім шарт жасасқан.
"Біздің клубқа қаржы сұрап жастар келгенімен, қаражатты қалай жұмсаудың қажеттігін ескере бермейді. Мысалы, Мария табысы мен қатар шығынды да есептей білгендіктен,кәсібін жүргізе алды",- дейді Зарина Көкжанова.

Евгения Ермакова

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу