Қасым-Жомарт Тоқаев: Ерлеріміздің есімі ел жадында мәңгі сақталады

1574

29 тамыз – Жамбыл облысындағы трагедияға  байланысты Жалпыұлттық аза тұту күні. Елімізде мемлекеттік тулар төмен түсіріліп, ойын-сауық шаралары тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ерлеріміздің есімі ел жадында мәңгі сақталады

Қазақстан халқы азалы. 26 тамызда орын алған апаттан опат болған боздақтарды  ел жоқтап жатқанына бүгін төртінші күн. Мемлекет басшысы Жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады.

"Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жанқиярлық көрсетті. Ерлеріміздің есімі ел жадында мәңгі сақталады", – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желіде.

Қайғылы оқиғадан 13 адам қаза тапты, бейбіт күнде 13 отбасы қара жамылып қалды: 

Арнұр Темірболатов Серікұлы – Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Тараз қаласы 3-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Елдос Сандыбаев Қадырбайұлы – Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Тараз қаласы 3 – ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Александр Микропуло Николаевич – Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі, өрт сөндіру басшысының орынбасары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Тәңіберген Төребеков Кұдайбергенұлы – Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Тараз қаласы 1 – МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Мейіржан Айманов Қақпасынұлы – Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ бастығының орынбасары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Марат Сайлауұлы Мешінбай – сержант

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Руслан Жүрсінбайұлы Жанболатов – ефрейтор 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оразбек Дәлібаев Дайраұлы – әскерилендірілген күзет   қызметшісі 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Еркін Ерікбайұлы Нәдірбеков – өрт сөндіру   командасының бастығы,   келісімшарт қызметінің   старшинасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 Арман Қапезов – Оңтүстік   өңірдің әскери прокуроры,   әділет полковнигі

 

 

 

 

 

 

 

 

Ал 3 адамның кім екені әзірге анықталған жоқ

Сол күнгі, яғни 26 тамыздағы қайғылы оқиғаның қалай болғанын салаға жауапты Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев кейіннен айтып берді. 

Бүгінде оқ-дәрі қоймасындағы өр сөндірілген. Саперлер қойма аумағын тазартуға кірісті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу