Нұрлан Ермекбаев: Өрт сөндірілді, тек бықсып жатқан 2 қойма бар

1090

Жамбыл облысындағы әскери қоймадағы өрт сөндірілді. Бұл туралы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz министрліктің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

Нұрлан Ермекбаев: Өрт сөндірілді, тек бықсып жатқан 2 қойма бар

"Әскери қызметшілер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Өрт сөндірілді, тек бықсып жатқан 2 қойма бар. Қойма базасының қоршауына жақын жердегі бірнеше үйден басқа барлық тұрғын үйлеріне оралды", - деді Нұрлан Ермекбаев Сарыкемер ауылында журналистерге.

Оның айтуынша, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық шара қабылданып жатыр.

Еске сала кетсек, 26 тамызда Жамбыл облысы, Байзақ ауданындағы әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, жарылыс болғаны белгілі. Бұған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Салаға жауапты Қорғаныс министрі жарылыстың қалай болғанын  айтқанымен, күдіктінің нақты кім екені атай алмады, тек болжам жасады.

Бүгін жарылыстан қаза тапқандар саны 13 адамға жетті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу