Қасым-Жомарт Тоқаевқа 6,4 млн қазақстандық дауыс берді

1482

Жалпы кезектен тыс Президент сайлауында 8,3 млн астам адам дауыс беру бюллетендерін алды. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 6,4 млн қазақстандық дауыс берді

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс Президент сайлауының алдын ала қорытындылары туралы баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі

Орталық сайлау комиссиясы деректеріне сәйкес, 20 қарашада өткен кезектен тыс Президент  сайлауы бойынша жұмыс істеген елдегі және шетелдердегі сайлау учаскелерінде дауыстарды санау аяқталды. Қазіргі сәтте ОСК аумақтық сайлау комиссиялары хаттамаларының электронды нсұқаларын алған.

Нақтыланған тізімге сай, елде 11 953 465 мың сайлаушы болды. 20 қараша күні олардың 8 300 046 адам немесе сайлаушылардың 69,44%-і дауыс беру бюллетенін алды. 

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың сайлау учаскелерінен алынған ақпарат негізінде Орталық сайлау комиссиясының алдын-ала қорытындыларына сәйкес, кандидаттар мынадай дауыс жинады:

"Қарақат Әбден - 206 206 адамның  дауысын немесе жалпы дауыстардың  2,6%-ын
Нұрлан Әуесбаев – 176 116 адам немесе 2,22%
Жигули Дайрабаев - 271 641 адам, немесе  3,42%
Мейрам Қажыкен - 200 907 адам немесе 2,53%
Қасым-Жомарт Тоқаев -  6 456 392 адам немесе 81,31% 
Салтанат Тұрсынбекова - 168 731 адам немесе  2,12% 
Бәріне қарсымын деп дауыс бергендер 460 484 адам немесе 5,8%-ды құрады", -деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Оның дерегінше,  Орталық сайлау комиссиясына 2 күн ішінде өңір бойынша хаттамалардың жазбаша нұсқасын жеткізіледі. 

Сайлау барысын ҚР Президенттігіне кандидаттардың 11 мыңнан аса сенімді өкілі,  641 шетелдік байқаушы, 15,5 мыңнан саяси партиялардың байқаушылары және 30 мыңнан аса қоғамдық бірлестік атынан бақылаушылар қадағалады. 

Сондай-ақ, Президент сайлауы кезінде 1225 БАҚ өкілі және 23 елден аккредиттелген 106 шетелдік журналист хабар таратты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу