Қазақстан әлем елдері арасында терроризм деңгейі бойыншы қауіпсіз деп танылды

2021

Жыл сайын Экономика мен бейбітшілік институты (IEP) жариялайтын Әлем елдеріндегі терроризм деңгейі бойынша рейтингте Қазақстан 135 мемлекеттің ішінде биыл 93-ші орынға жайғасты – бұл өте жақсы көрсеткіш, себебі біз тізімнің соңында тұрмыз (барлығы 93 орын). 

Қазақстан әлем елдері арасында терроризм деңгейі бойыншы қауіпсіз деп танылды Фото: strategy2050.kz

Әр елдегі терроризм деңгейі арнайы индекспен бағаланады. Рейтингтегі индекстің мәні неғұрлым жоғары болса, соғұрлым елде қақтығыстар мен террористік актілер жиі кездеседі деген сөз. Ал мемлекетте экстремистік қылмыстар тіркелмей, террозим қаупі жоқ болса оның индексі нөлге тең болады. Қазақстанның индексі 2021 жылы нөлдік көрсеткішке жетіп отыр, яғни бізде терроризм қаупі жоқ (2019 жылғы индекс – 0.901).

Жалпы 2021 жылы әлем бойынша терроризм құрбандарының саны 1,2%-ға азайып, 7142 адамды құраған, бірақ террористік шабуылдар көрсеткіші 2020 жылы тіркелген 4 458 жағдаймен салыстырғанда 17%-ға артып, 2021 жылғы көрсеткіш 5226 болды. 
Антирейтингтің көш басында тұрғандар – Ауғанстан, Ирак, Сомали елдері.

Халықаралық зерттеу институттары біздің елді қауіпсіз деп танығанымен, жергілікті құзырлы органдардың ақпаратына сүйенген Finprom елдегі экстремизм мен терроризмге байланысты тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар саны бір жылда 20%-ға артқанын айтады.

Қазақстанда 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында экстремизм мен терроризмге қатысты 139 құқық бұзушылық тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,8 пайызға көп. 2017 жылдан 2020 жылға дейін қылмыс саны тұрақты түрде азайып отырғанын ескерсек, 2021 жылы құқық бұзушылықтың бұл тірінен антирекорд жаңартылды.

Өңірлік бөліністе экстремизм мен терроризмге байланысты ең көп құқық бұзушылықтар Түркістан облысында тіркелді: 18 жағдай — өткен жылмен салыстырғанда 18,2%-ға аз. Екінші мен үшінші орынды Жамбыл облысы мен Шымкент қаласы иемденді, онда барлығы 16 жағдай тіркелген. 

Үздіктер қатарындағы Қостанай мен Шығыс Қазақстан облыстарында 1 ғана құқық бұзушылық, ал Қызылорда облысында небәрі 3 жағдай тіркелген.

Аталмыш топтағы тіркелген құқық бұзушылықтар көбіне әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік немесе діни алауыздықты өршітумен байланысты: өткен жылдағыдай барлығы 48 жағдай тіркелді.

Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға шақыру, сондай-ақ экстремизм не терроризмді жүзеге асыруына байланысты қызметіне тыйым салынған, не болмаса мекемені жою туралы сот шешімі шыққанына қарамастан, қоғамдық немесе діни бірлестіктің не өзге де ұйымның қызметін ұйымдастыру мен оған қатысу сынды қылмыс түрлері де жиі кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу