Қазақстан-Британ техникалық университетінде Schneider Electric "Industrial Automation LAB" өнеркәсіптік автоматтандыру зертханасы ашылды

1213

Қазақстан-Британ техникалық университетінде Schneider Electric "Industrial Automation LAB" өнеркәсіптік автоматтандыру зертханасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Қазақстан-Британ техникалық университетінде Schneider Electric "Industrial Automation LAB" өнеркәсіптік автоматтандыру зертханасы ашылды Фото: ҚБТУ

Өнеркәсіптік автоматтандыру зертханасының ашылуы – электр энергиясын басқару және автоматтандыру саласындағы цифрлық шешімдерді ұсынудағы әлемдік көшбасшылардың бірі Schneider Electric компаниясы мен өңірдегі жетекші техникалық университеттердің бірі Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) ынтымақтастығының стратегиялық маңызды нәтижесі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Орталық Азия және Кавказ елдеріндегі Schneider Electric бас директоры Эдгард Бу Шахин еліміздің жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті: 

"Электр энергиясын басқару және автоматтандыру саласында тиімділік пен орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін цифрлық шешімдерді ұсынуда көшбасшы бола отырып, біз Қазақстанның кәсіби құзыреттілігін дамытуға үлес қосып жатқанымызды мақтан тұтамыз.

Schneider Electric технологиялары уақыт ырғағына қарай өзгеріп, жылдан жылға цифрланып, барынша тиімді болуға талпынуда. Өнеркәсіптік автоматтандыру зертханасы ҚБТУ студенттеріне автоматтандыру мен цифрландырудың көп деңгейлі жүйесінің барлық функционалдығын қамтитын заманауи стендтерде оқудан өтуге мүмкіндік береді. Бұл тәсіл Electricity 4.0 дәуірінің жаңа сын-қатерлеріне сәйкес келетін және өнеркәсіптік объектілердегі заманауи міндеттерді шешуге қабілетті мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.

Жоғары білімнің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі – студенттердің университет зертханаларында және компаниялардағы тағылымдамаларда алатын практикалық тәжірибесі. Біз үшін білім алушылар үшін жағдай жасау өте маңызды, сондықтан біздің университетте студенттер жұмысқа орналасқанға дейін олар өнеркәсіптік автоматтандыруды және өнеркәсіптік қондырғыларды құруда қолданылатын функционалдылықты зерттей алады. ҚБТУ-да Schneider Electric зертханасының ашылуы – біз үшін айтулы жетістік", – деп атап өтті Қазақстан-Британ техникалық университетінің ректоры Маратбек Ғабдуллин.

Schneider Electric өнеркәсіптік автоматтандыру зертханасы заманауи, өнеркәсіптік автоматтандыру құралдарымен және Schneider Electric бағдарламалық құралымен жабдықталған. 13 стенд Өнеркәсіптік қондырғыларды құруда қолданылатын автоматтандырудың таратылған жүйесі мен құралдарының барлық функционалдығын – өлшеу құралдарын, жетектерді, бағдарламаланатын контроллерлерді, сондай-ақ адам-машина интерфейсін визуализациялау жүйелерін қамтиды.

Оқытуға арналған стендтер басқару міндеттерінің барлық спектрі үшін сәтті қолданылып келетін әрі келген автоматтандыру жүйелеріне интеграциялаудың кең коммуникациялық мүмкіндіктерін ұсынатын бағдарламаланатын логикалық контроллерлер, жиілік түрлендіргіштер мен оператор панельдері негізінде орындалады. Контроллерлер мен визуализация жүйелерін кешенді пайдалану жалпы автоматтандыру жүйелерін құру және өнеркәсіптік желілерді қолдана отырып мәліметтер алмасу ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік береді.

"Сонымен қатар, оқу орындары мен болашақ түлектермен жұмыс істеу – Schneider Electric компаниясының негізгі бағыттарының бірі екенін атап өткім келеді. Біз өз тобымызда тағылымдамадан өтушілерді көргенімізге қуаныштымыз және олар болашақта ірі компанияларда жас мамандар ретінде жұмысын жалғастырса нұр үстіне нұр болмақ!

ҚБТУ түлектерінің дайындық деңгейі қашан болмасын жоғары деңгейде, бұл жаңа зертханадағыдай практикалық сабақтар үшін озық технологиялық шешімдерді қолдана отырып құрылған оқыту әдістемелерінің тиімділігі туралы айтады. Ынтымақтастықтың келесі қадамы ретінде біз Schneider Electric компаниялар тобына кіретін саланың әлемдік көшбасшысы AVEVA компаниясының өнеркәсіптік кәсіпорындарды цифрландыруға арналған бағдарламалық өнімдерге оқу лицензияларын беруді көріп отырмыз.

Біз өнеркәсіптік бағдарламалық өнімдер ҚБТУ түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, цифрландыру және орнықты даму бағыттарында бірлесіп тиімдірек ынтымақтасуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз", – деп түсіндірді Industrial Automation Schneider Electric департаментінің директоры Эльдар Ахметшин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу