Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі туралы: жиірек кездесу керек

7272

Астана БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырыстарын жылына бір реттен кем емес және жоғары деңгейде (мемлекет және үкімет басшылары деңгейінде) өткізуді ұсынды.

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі туралы: жиірек кездесу керек

Еліміздің ішкі саяси мекемесі сәрсенбінің сәтінде 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі тұрақты емес мүшесі ретінде республиканың алғашқы бастамаларымен Қазақстан журналистерін таныстырды. Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Ерлан Ашықбаевтың айтуынша, осындай ең негізгі деген жеті бастама бар және олар сейсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің ашық пікірталасында мәлімделді.

"Тәулік бұрын Нью-Йоркте Қазақстан алғаш рет "Қақтығыстардың алдын-алу және бейбітшілікті сақтау" тақырыбындағы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің ашық пікірталасына қатысты, онда еліміздің ұстанымын сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов таныстырды. Еліміздің сыртқы саясат мекемесінің басшысы 2017-2018 жылдары Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Қазақстан өкілеттілігінің басталуына байланысты "Қауіпсіз, әділ және өркендеген әлем құру үшін жаһандық әріптестікті нығайту жөніндегі Қазақстанның тұжы­рымдамалық көзқарасы" атты ҚР президентінің үндеуін таныстырды", – дейді Ержан Ашықбаев.

Оның айтуынша, президенттің жолдауында Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі жұмысының негізі болатын жеті басымдық белгіленген. Бірінші басым бағыт – ядролық қарудан азат əлемге қол жеткізу. Екіншісі – ғаламдық соғыс қаупінің алдын алу жəне ол қауіпті мүлдем жою. Үшінші басымдық – Орталық Азияда өңірлік бейбітшілік, қауіпсіздік, əріптестік пен даму аймағының моделін құру. Төртінші басымдық халықаралық терроризм жəне экстремизммен күреске берілген. Бесіншісі – Африка құрлығында бейбітшілікті қалпына келтіру мəселесі. Алтыншы басымдық соғыс пен қақтығыстардың алдын алу, адам құқықтарын қорғау, орнықты даму мақсаттарын жүзеге асыру, климаттың өзгеруімен күрес жөніндегі бірлескен шаралар қолдануды қарастырады. Жетінші басым бағыт – Еуропа мен Америка, Азия мен Африканың барлық өңірлік ұжымдық қауіпсіздік ұйымдарының арасында əріптестікті кеңейту.

"Ресми Астананың ойынша, Адамзат баласы бетпе-бет келген осы және өзге мәселелердің түйінін шешу тек жоғары деңгейде – әлемнің түрлі елдерінің мемлекет және үкімет басшылары күш біріктірген кезде ғана мүмкін болады. Осыған байланысты, Қауіпсіздік кеңесінің отырыстарын тұрақты түрде жоғары деңгейде өткізу туралы мемлекет басшысының үндеуін пікірталасқа қатысушылар жоғары бағалады", – дейді Ержан Ашықбаев. Сондай-ақ сыртқы істер вице-министрі Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Орталық Азияның мүддесін қорғайтын бірінші мемлекет ретінде тек Қазақстаның ғана емес, жалпы осы аймақтың өзекті мәселелерін көтереді деп сендірді журналистерді.

"Осы ретте бұрынғы министр Ерлан Ыдырысов Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдеріне сапар шегіп, соның барысында министрліктің деңгейінде де, мемлекет басшыларымен де келіссөз жүргізген болатын, онда халықаралық қоғамдастықтың назарын осы аймаққа аудару, аймақтық ынтымақтастық механизмдерін құру мәселесі сөз етілген", – деп еске салды СІМ өкілі.

Одан бөлек елбасымыздың Қауіпсіздік кеңесінің қатысушыларына арналған үндеуінде халықаралық алаңдағы жүріс-тұрыс бойынша Астана кодексін әзірлеу ұсынысы қамтылды, ол "әлемдік қауымдастық елдерінің мемлекеттіліктің бұзылуына әкеп соқтыратын іс-әрекеттен бойын аулақ ұстау" үшін халықаралық құқық қағидаларын қайта растауға мүмкіндік береді.

"Соңғы жылдары көріп отырғанымыздай, бұл жай бірден тұрақсыздыққа, көптеген жанжалдардың тууына әкеп соғады. Сондықтан, бұл мемлекет басшысының ең негізгі бастамаларының бірі екені сөзсіз. Сондықтан сыртқы істер министрлігі халықаралық аренада, БҰҰ-ның алаңында болсын не аймақтық ұйымдар алаңында болсын, бұл бастамалардың маңыздылығына үнемі баса назар аударып отырады", – дейді Ержан Ашықбаев.

Ол алдымыздағы екі жылда елбасының бастамалары іске асырылатынына сенім білдірді. Одан бөлек, вице-министр ресми Дамаск пен Сирия оппозициясы өкілдерінің арасындағы келіссөзді Астанада өткізуге қатысты дайындық деңгейін сөз етті.

"Барлығы дайындық үстінде, көп еңбекті талап ететін жұмыс жүргізіліп жатыр, егер бір нәрсе белгілі болып жатса, сіздерге хабар береміз. Қолымыздан келгеннен аянып жатқан жоқпыз. Біздің қатысуымызды талап ететін шаруаның барлығын орындап жатырмыз", – дейді Ержан Ашықбаев және белгіленген мерзім – 23 қаңтарға қарай дайындық жұмыстары жргізіліп жатқанын түсіндірді.

Сондай-ақ ол келіссөздің үлгісін сипаттауға қиналды, себебі бұл мәселе мүдделі тараптардың еншісіне берілетін іс.

"Мәселе жақын болашақта шешіледі", – деп қорытындылады СІМ өкілі.

Игорь Воротной, Астана

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу