Қазақстанда етті мал шаруашылығы болған жоқ – Асылжан Мамытбеков

1979

Қазақстан ет өндірісі саласын реформалауды ірі қараны асылдандырудан бастады. Себебі елде етті мал шаруашылығы болған жоқ.  

Қазақстанда етті мал шаруашылығы болған жоқ – Асылжан Мамытбеков

Ресей сиыр етін өндірушілерінің ұлттық одағы ұйымдастырған

Еуразиялық ет одағының онлайн отырысында "Қазақстан ет одағының" басқарма төрағасы Асылжан Мамытбеков осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстандағы ірі қараның басым бөлігі

жеке шаруа қожалықтарының иелігіне ауысты. 2010 жылы ірі қараның  82%-ы жеке қосалқы шаруашылықтарда, яғни ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істемейтін, бұл іспен кәсіби түрде айналыспайтын адамдардың меншігінде болды", – деді Асылжан Мамытбеков.

Басқарма төрағасының айтуынша, дүниежүзінде 1 млрд ірі қара мал бар.

Оның 63%-ы Үндістан, Бразилия, Қытай мемлекеттеріне, 12%-ы АҚШ-қа, қалған 25%-ы басқа елдерге тиесілі.

"Біз мал шаруашылығынан пайда көрмедік. Сондықтан Қазақстан ет өндірісі саласын реформалауды ірі қараны асылдандырудан бастады. КСРО кезінде Қазақстанда етті мал шаруашылығы болған жоқ.

Ол сүтті мал шаруашылығының құрамдас бөлігі ретінде ғана жүрді.

КСРО құлаған соң Қазақстандағы ірі қара мал басының басым бөлігі 

жекенің қолына өтуі жағдайды одан сайын қиындатып жіберді. 2010 жылдары сойылған малдың орташа салмағы 154 келіден аспады. Ал нормалық көрсеткіш – 220-225 келіні құрауға тиіс еді. Генетика құрдымға кетті. Ірі қараны туыстас төлмен жаппай шағылыстыру орын алды. Малды асылдандыру туралы жоспар құрылмады. Еліміздегі ақ бас сиырдың

44%-ы ғана эталонға сай болды. Мұндай көрсеткішпен мал тұқымын асылдандыру мүмкін емес еді. Етті бағыттағы малды қолдан ұрықтандыру пайдасыз екенін ескере келіп, 2010 жылдан бастап бұқа санын көбейтіп, тауарлы төл басы генетикасын жақсарту мақсатында елге сырттан 60 мың ұрғашы мал әкелдік. Бұған дейін мемлекеттен субсидия алып, оны асыл тұқымды мал шаруашылығын жүргізетін қожалықтар мен зауыттарға үлестірдік. Бұл жұмыс жоспарлы экномикада тиімділігін көрсетті", – деді Асылжан Мамытбеков.

Оның сөзінше, жүйелі жұмыстың нәтижесінде ірі қараның генетикасы  жақсарып, популяция артты. Қазбел 100 мыңнан 500 мың басқа дейін, Ангус 30 мыңнан 100 мың басқа дейін көбейді.

"Біз "Сыбаға" бағдарламасын әзірледік және нысаналы мақсатта жеңілдетілген несие бере бастадық. Субсидия алу үшін 3 түрлі қарапайым шарт қойылды. Бірінші, 1 келіге 25 келі қатынаста асыл тұқымды бұқаның болуы, екінші, асыл тұқымды бұқаны екі қашыру маусымнан соң ауыстыру, үшінші, Sybaga.kz ақпараттық жүйесіне тіркелу", – деді "Қазақстан ет одағының" басқарма төрағасы.

Асылжан Мамытбековтің мәлімдеуінше, Қазақстан Еуразиялық ет одағы аясында ұлт деңгейіндегі азық-түлік қауіпсіздігіне ғана емес, ортақ нарықты дамыту ісіне де ерекше назар аударады.

"Қазір Қазақстанда халықты сиыр етімен қамту көрсеткіші – 104%-ды құрайды. Ресейдің де әлеуеті жақсы. Бірақ Ресей Қазақстанға өз өнімін экспорттап жатыр. Біз экспортталатын және импортталатын өнім түрлі өнім екенін түсінуіміз қажет. Біз белгілі квота, шектеу, тарифтік немесе

тарифтік емес кедергі енгізуден аулақ болуымыз керек. Халыққа қолдау көрсету бизнеске қысым жасау арқылы емес, оның әл-ауқатын жақсарту арқылы көрініс табуға тиіс", – деді Асылжан Мамытбеков.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу