"Қазақстаннан кеткім келмейді"

4054

Орыс тілді басылым журналистері не туралы жазды? Inbusiness.kz-тің баспасөзге жасалған апталық шолуы. 

"Қазақстаннан кеткім келмейді"

Liter.kz: "Қазақстанда пандемия зардабын еркектерден гөрі әйелдер көп көрді", деп жазады аталмыш басылым. Оның себебін мамандар әйелдер жұмыс істеген экономика саласы коронадағдарыстан көп зардап шеккендігімен түсіндіреді. Бұл мақалада мемлекетте әйелдердің кірісі көбейсе, елдегі экономикалық жағдай қалай өзгеретіні жайында жазылған. 

Қазақстан әйелдері пандемия салдарын ер азаматтармен салыстырғанда неге көп көрді? Мұны түсіндіру үшін мақалада дағдарыс кезінде қай сала қандай зардап шеккені сипатталған.Сараптама көрсеткендей, сауда, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету салалары зардапты көп көрген. Бұл салада көп жағдайда әйелдер жұмыс істейді, демек зардаптты да әйелдер көрген.

"Әйелдер жағдайының осал болуына басты себеп – пандемия кезінде үй жағдайында төленбейтін жұмыстар көбейді. Өйткені әйелдер пандемия кезінде үй шаруасымен жүруге мәжбүр болып, ақылы жұмыстан бас тартуға тура келген. Ал негізінен бала қарау, қарт адамдарға қарау жұмысына отбасы, мемлекет көмектесуге тиіс", - дейді гендерлік экономиканы зерттейтін Орталық директора Майгүл Нұғманова.

Qmonitor.kz: "Ұлттық және діни. Қазақстар өзін-өзі тану үшін осының қайсысы маңызды?", деп сұрайды басылым. Мақала авторы кейде ақпараттық кеңістікте осындай сұрақтар туындап тұратынын жазады. Автордың пікірінше, бұл күрделі әрі маңызды сұрақ. Себебі қазақ тағдыры мен жас мемлекеттің болашағы үшің маңызды.

Мақала авторы Мәди Әлімов бұл екі фактор қазақтың өзін-өзі тану процесіне маңызды әрі керек фактор деп санайды. Алайда соңғы жылдары қазақ қоғамында ұлттық дәстүр мен жаңа діни көзқарас бір-біріне қайшы болып келе жатқанын байқауға болатынын айтады. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін қоғамда белгілі бір деңгейде вакуум орнады, алайда көп ұзамай қоғам дінге бет бұра бастады. Кейіннен бұл кеңістікке дәстүрлі діннің атын жамылып, радикалды діни ағымдар келе бастады. Нәтижесінде қазақ қоғамында дуализм пайда болды. Бір жағынан ұлттық сана сезім оянса, екінші жағынан діни көзқарас, радикалды сипаттағы діни көзқарас пайда бола бастады. Осының салдарынан қоғам екіге бөлді.

Аталмыш мақалада автор орын алып отырған жағдайға қатысты өз мысалдарын келтірген. Зиялы қауым өкілдерінің осыған қатысты айтқан пікірлерін жазған. Соңынан өз пікірін ортаға салған. Автордың пікірінше, қазақтың мұсылман болуынан бұрын қазақ болып қалғаны абзал.

Express-k.kz: "Қазақ тілі мұғалімі, Өзбекстаннан келген этникалық корей Қазақстаннан кеткісі келмейді", деп жазады газет. Басылымның хабарлауынша, Сергей Хванның мәлімдемесі әлеуметтік желіні жарды. Қазақстан "бюрократиялық сұмпайы үйрек"-тен "цифрлы аққуға" айналды. 

Естеріңізге сала кетсек, әлеуметтік желіде Сергей Хванның жазбасы пайда болған еді. Онда Өзбекстаннан келген корей жігіті Қазақстаннан кеткісі келмейтінін жазған болатын. Басылымның хабарлауынша, Сергейдің жазбасы халықты бей-жай қалдырмады. Әлеуметтік желі пайдаланушылар өз басынан кешкен бюрократиялық қиындықтарды еске алған. Сонымен қатар өзге елде тұратын кейбір азаматтар Қазақстанда бар кейбір ыңғайлы қызметтер дамыған мемлекеттерде жоқ екенін жазған.

"Мүмкін мен ақымақ шығармын, бірақ мен Қазақстаннан кеткім келмейді", деп жазған Сергей Хван. Өз жазбасында ол осы елде бар жақсы көрсеткіштерді тізіп шыққан. Мәселен, оның айтуынша, Қазақстанда барлық жерде бақылау камерасы бар, көп мәселені үйден шыққпай онлайн шешуге болады. Үйде отырып, машина сатып, сақтандыру құжаттарын рәсімдеуге болады.

Басылымның хабарлауынша, Сергей Хван пандемия кезінде бизнесінен айырылған, алайда ол 400 оқушыға онлайн түрде қазақ тілінен сабақ беріп келеді.

Ia-centr.ru: "Үйленген, бірақ жұмыссыз: Қазақстан жастары жұмыссыз қалуы мүмкін бе?", деп жазады интернет-басылым. Бұл мақалада 2020 жылы Қазақстанда туу көрсеткіші өскенін, алайда бұл көрсеткіш қандай нәтижеге әкеліп соқтыруы мүмкіндігі жазылған. 

2020 жылы Қазақстанда дүниеге келген сәби саны өскен, яғни бір жылда жарты миллионға жуық бала – 425 625 сәби дүниеге келген. Аталмыш басылым қазнетте қуанышты түрде хабарланған бұл жаңалықтың өзге де сипаты барын жазады. Жақсы жаңалықтың өзге сипаты жайында саясаттанушы Марат Шибұтов айтқан.

"Біздің экономика 20-25 мың жаңа жұмыс орнын ашады (2019 жылғы дерек бойынша), оған зейнетке кеткен адамдардың 80 мың орнын тағы қосыңыз. Қалғандарына тұрақты жұмыс орны мен тұрақты жалақы болмайды",– дейді Марат Шибұтов.

Гүлмира Қамзиева


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу