Қазақстанды қандай болашақ күтіп тұр – діни ме әлде зайырлы ма?

5977

Орыс тілді басылым журналистері не туралы жазды. Inbusiness.kz-тің баспасөзге жасалған апталық шолуы. 

Қазақстанды қандай болашақ күтіп тұр – діни ме әлде зайырлы ма?

camonitor.kz: "Діни әлде зайырлы Қазақстанның болашағы қандай болмақ?" деп сауал қояды басылым. Бұл сұраққа жауап алу үшін басылым тілшілері тәуелсіз зерттеуші, PhD әрі Ұлыбритания, Швеция және АҚШ елдерінің құқыққорғау және зерттеу ұйымдарының ғылыми жобаларына қатысушы Ғалым Жүсіпбекпен әңгімелескен. Мақсат елде бар үрдістерді байқай отырып, қандай болжам жасауға болатынын анықтау.  

Басылымның хабарлауынша, дінге бет бұрған халық саны осы деңгейде өсетін болса, онда алдағы уақытта Қазақстан діни мемлекетке айналуы мүмкін. Алайда сарапшылардың басым көпшілігі мұндай сценарийдің болуы екіталай дегенді айтады. Тәуелсіз зерттеуші, PhD әрі Ұлыбритания, Швеция және АҚШ елдерінің құқыққорғау және зерттеу ұйымдарының ғылыми жобаларына қатысушы Ғалым Жүсіпбектің пікірінше, болашақта діннің саяси өмірдегі орны айтарлықтай болуы белгісіз.  

"Сонымен қатар шариғат талаптарының ресми құқыққа енуі күмәнді. Яғни қоғамдық-саяси өмірде зайырлы мемлекет талаптары сақталатын болады. Алайда 1990 жылдардың басында қайта жанданған дін мен ұлттық дәстүр қоғам өміріне және болашағына айтарлықтай әсер етеді, бірақ оның мәнін асыра мадақтаудың қажеті жоқ. Себебі қазірдің өзінде кей адамдарға мұндай әрекеттің маңызы кетіп барады, яғни "түп тамырға оралу" дегенге қызығушылық танытатындар азайып барады", – дейді Ғалым Жүсіпбек.

caravan.kz: "Қазақтар қайдан шыққан? Зерттеушінің жауабы бар", деп хабарлайды мерзімді басылым. Қазақтардың шығу тарихын зерттеген маман Маратбек Ақановтың еңбегі жарық көрген. Бұл еңбегінде автор қазақ руларының атауын ғылыми түрде зерттеген.

Басылымның хабарлауынша, тарих ғылымының кандидаты, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті Маратбек Ақанов көп жылғы зеттеуінің негізінде жаңа кітап шығарған. Ғалымның айтуынша, мұндай еңбек жазуға 1990 жылдары бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ рулары туралы пайда болған түрлі мақалалар себеп болған. Себебі бұл дүниені жазғандардың көбісі ғалымға қатысы жоқ адамдар болатын.

"Найман, керей туралы аңыздар мен миф, ертегілер айтылатын. Бұл енді жарық көрген басылымдардың деңгейі ғой. Сол себептен мен ғылыми негіз, дерек жинауға кірістім",– дейді тарихшы. 

Тарихи атаулардың этимологиясын табу үшін ғалым түрлі халықтардың сөздіктерін зерттеген. Нәтижесінде қазақ тіліндегі сөздің 15 %,-ы арабтар мен парсылардан алынғаны белгілі болған. Мұнымен қоса қазақ тілінде моңғол және орыс тілінен алынған сөздер бар. Зерттеу барысында ғалым қытай құжаттарын зерттеуге көп уақыт жұмсаған.

"Тамыры тереңге кетеді. Сөздіктерді зерттесеңіз, көптеген қызық дүниені білесіз. Мәселен, "найман" атауы моңғол тіліндегі 8 саны атынан шыққан деп саналатын. Яғни 8 рудың одағы деген сөз. Ал мен өзге сөздің тамырын көрдім. Парсы тілінде "карнай" деген сөз бар – бұл ежелден келген үрмелі аспап, ұзындығы 3 метрге созылады. "Кар" сөзінің мағынасы "сап", "най" - флейта, ал "манн"- адам. Демек, найман – музыкант, флейтада ойнаушы болып аударылады", – дейді ғалым.

liter.kz: Қазақстандық қант, тағам және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының президенті Айжан Наурызғалиева саладағы мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды басылым. Маманның айтуынша, қазіргі кезде ішкі нарыққа керек қантты шығару үшін отандық қант қызылшасы көп пайдаланбайды. Отандық шикізат көлемі тек 14 %,-ды құрайды. Мәселе өндіріс қуатының аздығында емес, оның жетіспеушілігінде болып отыр. Қазақстанның Тағам кәсіпорындары одағының вице-президенті Айжан Наурызғалиева импорттық шикізаттан жасалатын өнім көлемі – 86 %, ал отандық қызылшадан алынатын өнімнің көлемі 14 %, екенін айтады. Бар мәселе қант зауыттарының қуаты аз болғанында емес, қызылша алқаптарының аздығында.

"Қант қызылшасын егу алқаптары 2000 жылдардың басында қысқартылған болатын. 2004 жылы Қазақстан қант қызылшасын 22,3 мың гектар жерге егсе, 2014 жылы бұл көрсеткіш 18 есе азайған", – дейді Айжан Наурығалиева.

Сол себептен салада бар мәселені шешу үшін маман қант қызылшасын егетін алқаптар көлемін арттыру керек дегенді айтады. Мемлекет қолдау көрсетпесе, бұл қант саласы күйреуі мүмкін. 

express-k.kz: Ақтөбе облысындағы Қурайлы ауылының тұрғындары бір қызық мәселеге тап болды, деп жазады басылым. Олар бірнеше күн бойы пальма ағашына лайықты қожайын іздеген. Себебі ауылда биік өскен ағашқа лайық ғимарат табылмаған.

Қурайлы ауылында өсіп шыққан пальма ағашының тарихы 1970 жылдардан бастау алады екен. Сол жылы биология пәнінен сабақ беретін ұстаз Қырымнан пальма ағашының тұқымын әкеліп, әріптестеріне берген. Нәтижесінде көп ұстаздың ішінде орыс тілі пәнінің ұстазы Нина Бевзенконың еккен тұқымы ғана өніп шыққан. 1980 жылы бұл ағаш биіктігі бір жарым метрге жеткен. 

"Бұл өмірімнің көптеген оқиғасына куә болған ағаш. Бірнеше ұрпақ үшін бұл – балалық шақтың естелігі. Түлектерге аттестат беру салтанатын осы теректің саясында өткізетінбіз", – дейді мектептің бұрынғы ұстазы Татьяна Далевская.

Сорайып өскен тал мектеп ғимаратына сыймағандықтан, бұл ағашты бағып-күтетін адам іздеп жарнама берген. Сөйтіп бұл пальманы Ақтөбедегі бір кеңсе алған, алайда олар талдың биіктігін ескермей, талды қараусыз қалдырған. Соңынан бұл талды сауда орталықтарына тегін береміз деп жарнамалаған. Жағдайдың былай болғанын естіген ұстаздар наразылық білдірді. Ақпарат әлеуметтік желілер арқылы еріктілердің назарына түсіп, қазір атышулы тал балалар сарайына жеткізілген.

Гүлмира Қамзиева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу