Қазақстанның таңдаулы бес аймағы туристтерді қабылдауға әзір

15805

“Еліміздегі бірнеше аймақтар саяхатшылар қабылдауға дайын”,- дейді Ranking.kz.сараптама қызметінің мамандары. 

Қазақстанның таңдаулы бес аймағы  туристтерді қабылдауға әзір

Соңғы он жылда шетелдік туристтер саны екі есеге көбейіп, саладағы табыс бес есеге артқан. Өткен жылы Қазақстанға келіп-кетушілердің қатары 692 мыңға жетіп, 73 миллиард теңгенің қызметі көрсетілген. Болжам бойынша биыл туристтер легі 728 мыңнан келер жылы бір миллионға дейін ұлғаймақшы.

Оның ішінде 300 мың саяхатшы Астанадағы Экспо көрмесін тамашалайды деп күтілуде. "Астана конвеншн бюросының" есебінше көрмеге келген әрбір мейман төрт күнде 1,5 мың доллар жұмсайды. Саяхатшылар елдің өзге аймақтарында болуды қалайды деп жорамалдануда. Көптеген облыстар мұндай туристтер ағынына әзір емес.

 Ең көп қонақтарды, отандастарымызды қоса алғанда, Шығыс Қазақстан облысы қарсы алып, 120 мың туристке қызмет көрсете алады. Аймақтағы курорттық жерлер Қатон қарағай, Марқакөл, Батыс Алтай қорықтары биылғы бірінші тоқсанда 378 қонақүйлер  25 пайызға толыққан.

Екінші кезекте, Ақмола облысы 22,3 мың  қонаққа ғана қауқарлы. Шортанды, Зеренді мен Бурабай демалыс орындарындағы мейманханалардың  13,4 пайызы бос емес.

Үшінші, тізімдегі Қарағанды облысындағы Қарқаралы, тұңғыш президенттің тарихи-мәдени орталығы мен Cabana Beach демалыс аймағы  12,7 мың адамға арналған.

Онан кейін, Жетісу өңіріңдегі Ақкөл курорты, Тамғалы қорығы мен Шарын шатқалын 11 мың визитер қызықтайды делінсе, 315 туристтер қабылдайтын ғимараттың  17,3 пайызына биылғы жылдың бірінші тоқсанында алдын-ала тапсырыс берілген.

Бесінші, туристтерді тартатын аймаққа Сарыағаш демалыс орны мен Түркістандағы тарихи ескерткіштері көрсетілген. Мұндағы 139 қонақүй  6  мың кісіге шақталған.

Бес облыс пен екі үлкен қалалардағы 291 мейманхана бір уақытта  22 мың саяхатшыға  лайықталған. Экспо қарсаныңда қазіргі 158  қонақүйді 188-ге дейін ұлғайту көзделуде. Нәтижесінде төсек орын 9,5 мыңнан 14,5 мыңға жетеді.

Саян Абаев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу