"ҚазМұнайгаз" "Қазпоштаға" ірі қаражат құйды

439

Оның нысаналы депозиттегі қаржысы бірнеше жыл бойы "Торғай Палеозой" жобасының жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды қамтамасыз етуге жатады.

"ҚазМұнайгаз" "Қазпоштаға" ірі қаражат құйды Фото: kapital.kz

"ҚазМұнайГаз" (ҚМГ) "Самұрық-Қазына" арқылы "Қазпоштаға" жер қойнауын пайдалану салдарын жою үшін ақшалай қаражатты орналастырды. Бұл туралы эмитент күні аясында Қазақстан қор биржасы (KASE) ұйымдастырған 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мұнай-газ ұлттық компаниясы қызметінің операциялық және қаржылық нәтижелерін талқылау бойынша өткен онлайн-конференцияда белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жер қойнауы туралы заңда "Қазпоштада" тарату қорларын орналастыру туралы осындай тетік қарастырылған... Компания өзінің тарату қорын белгілі бір банкке орналастыру туралы шешім қабылдаған кезде барлық тәуекелді, ең алдымен, осы ақшаның сақталуын қамтамасыз етуді талдайды, себебі тарату қоры ұзақ ақша болып есептеледі әрі компания тарату қорын орналастыру арқылы қор оның бұл ақшаны кен орнын пайдалану кезеңінде белгіленген уақыт кезеңінде басқаруға құқығы жоқ. Сәйкесінше біз тарату қорлары бойынша ынтымақтасатын банктердің қаржылық құрамдас бөліктерін талдаймыз және портфолиомызды әртараптандыруға тырысамыз – бұл кез келген инвестордың алтын ережесі. "Қазпоштаға" келсек, біз жақында "Қазпоштада" "Торғай Палеозой" жобасы бойынша тарату қорын орналастырдық", - деді ҚМГ төрағасының орынбасары Диана Арысова inbusiness.kz-тің жазбаша сауалына берген жауабында. 

Айта кету керек, "Торғай Палеозой" барлау жобасы 2027 жылға дейін іске асыруға есептелген, ол ұзартылуы да мүмкін. 

Естеріңізге сала кетейік, жыл басында БАҚ "Қазпошта" жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың салымдарын қабылдай алатындығын хабарлады. 

"ҚазМұнайГазда" топ ретінде пошта операторында бірнеше шоты мен салымдары болған. 

"2024 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша топтың "Самұрық-Қазына" еншілес ұйымы – "Қазпошта" АҚ шоттарында теңгемен және доллармен ақшалай қаражат құрамында жалпы сомасы 57,936 миллион теңгеге шоттары мен мерзімді салымдары бар", - делінген ҚМГ ұлттық компаниясының бірінші жартыжылдықтағы қаржылық есебінде. 

Бұл сомада осыған дейін пошта операторына орналастырған "ҚазТрансОйлдың" ақшасы есепке алынуы да мүмкін, бұл туралы біздің https://inbusiness.kz/ru/news/kaztransojl-podderzhal-kazpochtu-lgotnymi-dengami-iz-nacfonda басылым сәуір айында жазды. 

Былтырғы бірінші жартыжылдықта "Қазпошта" қаржылық қиындықтарға тап болды. Сол уақытта онда ақшаны ҚТЖ да орналастырды. 2023 жылдың екінші жартыжылдығында пошта операторы плюске шығып, осы жылдың бірінші жартыжылдығында 731 млн теңге пайда тапты. Негізінен бұл 20,9 млрд теңгенің қаржылық табысы, 28,3 млрд теңгенің түсімі және 38,8 млрд теңгенің өзіндік құны арқасында мүмкін болды. Егер де оның табысы азаятын болса, онда пошта ұлттық компаниясы қайтадан минусқа кетуі мүмкін.

ҚМГ басшылығы онлайн-конференция барысында "ҚазМұнайГазда" 54,6% бақылау пакеті бар шығынға батқан және айтарлықтай қарызы бар румыниялық Rompetrol-дың неліктен сатылмай жатқаны туралы біздің басылымның сауалына түсінік берді. Бірінші жартыжылдықта тиісті шетелдік кәсіпорын 75,2 миллион доллар шығынға батты. БАҚ-тың жазуынша, 2023 жылы ҚМГ Қазақстанға қарағанда Румынияда көбірек салық төлеген. 

"Біріншіден, "ҚазМұнайГаз" KMG International-ды қамтамасыз етпейтінін атап өткен жөн (ескертпе – Нидерландыдағы офшорлық компания, Rompetrol бақылау пакетіне иелік етеді), компания өзін-өзі қамтамасыз етеді. Салық төлеу бөлігіне келсек, бұл стандартты бизнес-практика, біздің елімізде жұмыс істейтін шетелдік инвесторлар, "ҚазМұнайГаздың" серіктестері, мәселен, ТШО, NCOC сияқты ірі компаниялар – бәрі Қазақстан Республикасында салық төлейді. Сондай-ақ, Румыния аумағында тіркелген Rompetrol Румыния үкіметіне сәйкес салық төлейді. Мұнай нарығы бойынша қазақстандық мұнай еуропалық нарықта ешқандай кемсітушілікке ұшырап отырған жоқ. 2022 жылы қазақстандық мұнайды ресейлік мұнайдан бөлу үшін арнайы KEBCO жаңа сорты енгізілді. Rompetrol сату бөлігіне келсек, біз кез келген басқа компания сияқты қазір бизнес, компания, жалпы ел үшін не тиімді екеніне сүйене отырып, өз бизнес стратегияларымызды құрамыз. Қандай да бір шешім қабылданған жағдайда сіздерге хабарлайтын боламыз", - деді Диана Арысова.

Сондай-ақ ол бұрын "ҚазМұнайГаз" бен ҚМГ тобына кірген QazaqGaz-дың бірігу мүмкіндігіне қатысты түсінік берді.  

"Мұнда QazaqGaz ұлттық газ операторы екенін атап өту қажет. Оның "ҚазМұнайГаз" бизнесінен біршама өзгеше қызметі бар. Ол бірінші кезекте ішкі нарықты қамтитыны белгілі. Қазіргі уақытта бұл екі компанияның мақсаттары әр түрлі болғандықтан, бизнеске деген көзқарасы әр түрлі болуы мүмкін", - деп атап өтті ҚМГ төрағасының орынбасары. 

Айта кету керек, QazaqGaz басқ қызметінен бөлек "ҚазМұнайГаз" сияқты газ өндірумен де айналысады. 

Бұдан басқа басылым тілшісі негізгі акционерлік пакеттерін америкалық Chevron (50%) және ExxonMobil (25%) компаниялары иеленетін, "Теңізшевройл" операторы болып табылатын Атырау облысындағы Теңіз мұнай-газ кен орнындағы "болашақ кеңейту жобасына" кеткен 48 млрд доллардан астам шығындардың қалай қайтарылатыны немесе өтелетіні туралы мәселеге түсініктеме беруді сұрады, себебі бұл келесі бесжылдықта ҚМГ қаржы ағындарына айтарлықтай әсер етуі мүмкін.  

"Теңіз жобасындағы "ҚазМұнайГаздың" үлесі – 20%. Сәйкесінше "Теңізшевройл" ЖШС-нің борыштық жүктемесіне байланысты мәселелерді компанияның өзіне жолдаған дұрысырақ. Актив негізінен рентабельді екенін ғана айта аламын, актив "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ пайдасына әрдайым дивидендтер төлеп отырады және болашақ кеңейту жобасы бөлігінде шығындардың қандай да бір өсуі күтілмейді. Жоба 2025 жылдың бірінші жартысында іске қосылады. "ҚазМұнайГаздың" ақша ағындары бөлігіне келсек, біз болашақ кеңейту жобасы іске қосылғаннан кейін өндіру көлемінің ұлғаюын күтіп отырмыз, бұл дивидендтік төлемдерге оң ықпал етеді", - деді ол. 

"Теңізшевройл" есебіне сүйенсек, 2022 жылдың аяғында оның болашақ кеңейту жобасына негізінен Chevron және ExxonMobil-дан, сондай-ақ шығарылған облигациялар есебінен тартылған ұзақ мерзімді қарызы жылдық 8 миллиард доллар пайда шеңберінде 9 миллиард долларға жетті. 2023 жылы ТШО 28,9 млн тонна мұнай өндірді, болашақ кеңейту жобасының іске қосылуымен өндіру көлемі 39 млн тоннаға дейін артуы мүмкін. 

inbusiness.kz сәуір айында "ҚазМұнайГаздың" "Теңізшевройл" компаниясынан 85 млн долларға дивиденд алғанын жазған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу