"ҚазТрансОйл" дивидендтер мөлшерін бес есе азайтпақ

Бұдан БЖЗҚ салымшылары, яғни, қарапайым қазақстандықтар зардап шегеді. 

"ҚазТрансОйл" дивидендтер мөлшерін бес есе азайтпақ

Осыған сәйкес Қазақстандық миноритарлық акционерлер қауымдастығы ҚР Ұлттық Банкі мен "БЖЗҚ" АҚ-ны 19 мамырға жоспарланған "ҚазТрансОйл" АҚ (ҚТО) акционерлерінің жалпы жиналысында қор салымшыларының мүдделерін қорғауға шақырды, деп жазды inbusiness.kz.

"Қазтрансойл" АҚ жалпы жиналысында дивидендтер төлеуді бес есе азайту мәселесін көтермек. 2020 жылға оның сомасы 132 теңге болса, 2021 жылға бұл соманы 26 теңгеге дейін төмендету жоспарланған. Бұдан БЖЗҚ салымшылары, яғни, қарапайым қазақстандықтар зардан шегеді. Себебі зейнетақы қоры  "Қазтрансойл" акцияларының 2,74%-на (10,5 млн акция) иелік етеді, яғни ол компанияның ең ірі миноритарлық акционері. Енді компания еш ескертпестен дивидендтер сомасын бес есе азайтпақ, 

1 сәуірдегі жағдай бойынша БЖЗҚ ҚТО-ның 10 521 574 акциясына ие (капиталдың 2,74%), яғни ол мұнай тасымалдау компаниясының ең ірі миноритарлық акционері болып табылады. Ұлттық Банк инвестициялық құрылымы зейнетақы қорының активтерін басқарады.

"БЖЗҚ өз активтерін басқара отырып, клиенттердің – зейнетақы жинақтары иелерінің алдында сенімгерлік жауапкершілік алғанын еске салғым келеді. Бұл инвестицияның қайтарылуына жауаптылар мүмкіндігінше жинақтаушылардың мүддесін қорғау үшін әрекет ету керек дегенді білдіреді. Шын мәнін де солай ма? Біздің қауымдастық біріктірген ҚТО миноритарлық акционерлерінің тобы мемлекеттік органдарға және "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ға 2021 жылдың қорытындысы бойынша ҚТО-ның дивидендтер төлеуді негізсіз бес есеге қысқартуына жол бермеу туралы өтінішпен жүгінді. Біздің бастаманы қолдап, қол қойғандардың арасында ҚТО-ның ең ірі миноритарлық акционері – БЖЗҚ жоқ. Қор мұндай үндеулерге қосылып қана қоймай, олардың бастамашысы болуы керек", – деді Қазақстандық миноритарлық акционерлер қауымдастығының атқарушы директоры Данияр Темірбаев.

ҚТО Директорлар кеңесі өткен жылға дивиденд мөлшерін (2020 жылдан 5 бес есе төмен) 26 теңге мөлшерінде белгілеу туралы шешім қабылдады.

Осылайша, 2021 жылға 50,6 млрд теңге көлеміндегі таза табыстан дивидендтер төлеуге 20%-дан аз – 10 млрд теңге бөлу ұсынылып отыр. Сонымен қатар, 2012 жылдың шілдесінде бекітілген ҚТО дивидендтік саясаты компания мен оның акционерлері мүдделерін тең қолдау, сондай-ақ оны капиталдандыру мен инвестициялық тартымдылығын арттыру қажеттілігіне негізделген. Бұл ретте, осы ішкі нормативтік құқықтық актіде дивидендтер төлеуге таза кірістің кемінде 40%-ы қарастырылған.

Аталған актіде дивидендтерді төлеу деңгейі таза табыстың 40%-дан төмен болуына бірнеше жағдайда ғана жол берілген. Атап айтқанда, жылдық нәтижелері, жалпы салалық даму динамикасы және күрделі (инвестициялық) шығындар бағдарламасы негізінде компания төлемдер сомасын қысқарта алады. Алайда бұған негіз бар ма? 

ҚТО басшылығы "еңбекақы қорының ұлғаюына байланысты шығындардың айтарлықтай өсті" деген уәж айтып отыр. Сондай-ақ "қызметтерге ақы төлеуге жұмсалатын шығындар артты" деген деп нақтылаған. Алайда, ҚТО миноритарлық акционерлері бұл анықтаманың күрделі (инвестициялық) шығыстар бағдарламасына да, жалпы салалық даму динамикасына да, ҚТО-ның 2021 жылға арналған нақты нәтижелеріне де еш қатысы да, байланысы да жоқ деп есептейді. 

Осылайша, ҚТО миноритарлық акционерлері дивидендтер мөлшерін бірнеше есе азайту туралы шешімнің қабылдануына қарсы. Оған бірнеше дәйек келтіріп отыр. 
Мәселен, бұл БЖЗҚ салымшыларының мүдделеріне қайша келеді және бағалы қағаздарға инвестициялық қызығушылықты айтарлықтай төмендетеді. Мәслен, биылғы сәуір айының басынан бастап 11 мамырға дейін дивидендтердің бірнеше есе азаюы туралы ақпараттан соң ҚТО нарықтық капитализациясы 25%-ға төмендеді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу