Кішкентай жанкүйер Өзбекстанның жеңілісінен соң ағыл-тегіл жылады

Бұл сәт әлеуметтік желілерде кеңінен тарады.   

Кішкентай жанкүйер Өзбекстанның жеңілісінен соң ағыл-тегіл жылады Фото: inbusiness.kz

Осыған дейін Өзбекстан футболшылары Колумбиядан 3:1 есебімен жеңіліп қалған еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Осы ойында сүйікті командасына жанкүйер болған стадиондағы кішкентай бүлдіршіннің әсерлі сәті әлеуметтік желі қолданушыларының жүрегін елжіретті. Ол өз командасының жеңілісін ауыр қабылдап, көз жасына ерік берген. 

Көпшілік оның адалдығы мен футболға деген шынайы махаббатына тәнті болып, қолдау мақсатында сансыз пікір жазып жатыр.

Бұған дейін Абдукодир Хусанов дәл осы ойында алаң шетіндегі операторды қағып кеткенін жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу