"Қошқар ата" улы қалдықтар қоймасын залалсыздандыру жұмыстары тағы тоқтады

2402

Құны – 15 млрд теңге болатын жоба 3 жылда жүзеге асырылуға тиіс еді. Бірақ құрылыстың тоқтағанына 3 айға жуықтады.

"Қошқар ата" улы қалдықтар қоймасын залалсыздандыру жұмыстары тағы тоқтады

Маңғыстау облысындағы "Қошқар ата" улы қалдықтар қоймасын залалсыздандыру жұмыстары  кезекті рет тоқтап қалды. Себебі неде?

"Қошқар ата" – елімізді айтпағанның өзінде, әлем бойынша жалғыз қалдықтар қоймасы, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. Аумағы – 77 шаршы шақырым. Кезінде бұған 5 алпауыт зауыттың улы қалдықтары құйылған. Жасанды көлді  залалсыздандыру жұмыстары бірнеше рет қолға алынып аяқсыз қалған. Биыл наурыз айында басталып, 3 ай ғана жүрген кезекті жұмыста 115 гектар жер құммен көмілді. Тиісті қаржы бөлінбей қалғандықтан, жұмыс тағы тоқтады. Мердігер мекеменің 60 жұмысшысы ақшасыз қалған. Тапсырыс беруші – жергілікті әкімдік. Радиациялық көлді қосымша зерттеу қажет болғандықтан, қаражат бөлу тоқтатылды деген уәж айтылды.   

"Қошқар атаның" айналасынан қажетті топырақтарын зерттеуге алып кетті. Енді соның нәтижесін күтіп отырмыз. Егер соның қорытындысы бойынша шешім өзгерген жағдайда, біз жобаны жөндеуге жіберуімізге болады. Қазір соның кесірінен жұмыс тоқтап тұр",– деді облыстық табиғи ресурстар және табиғат қорғау басқармасының бөлім басшысы Ербол Денов.  

Маңғыстау өңірінде ұзақ жылдар шешімін таппаған экологиялық мәселе Парламент қабырғасында да көтерілді. Орта жолдан аяқсыз қалған жоба туралы Үкіметке депутаттық сауал жолданды. 

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Самат Мұсабаевтың айтуынша, "Қошқар Ата" ойпатындағы радиоактивтік қалдықтарды рекультивациялаудың әлеуметтік маңызының зор екенін ескере отырып, тез арада заласыздандыру жұмыстарын қайтадан бастау қажет. Ол үшін биылға бөлінген 1 млрд теңге тиісті мемлекеттік органға тез арада аударылып, осы жобаны тоқтатқан лауазымды тұлғаның жауапкершілігі қаралуға тиіс.

Облыс тұрғындарының 55 пайызы, дәлірек айтсақ, Ақтау мен Мұнайлы,Түпқараған аудандарының 400 мыңдай халқы радиациялық көлдің зардабын тартуда. Мамандар оның зардабы кейін білінеді деп отыр.

Алмас Қылыш


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу