Күнделікті операциялар шотындағы тапшылық 2017 жылдың I тоқсанында 1,1 млрд доллар болды деп көрсетілген Ұлттық банктің дайындаған Қазақстанның төлем балансын алдын ала бағалауында. Бұл нәтиже алдыңғы тоқсандағы нәтижеден 2,6 есе кем, ал былтырғы жылдың осындай кезеңіндегі қорытындымен салыстырғанда 10%-ға (1,21 млрд долларға кем) жақсарған деп есептейді abctv.kz.
Тапшылықтың азаюы, реттеушінің есептеуі бойынша, 1 сәуірде 4,09 млрд доллар болған Қазақстанның сыртқы сауда балансы профицитінің 53,4%-ға өсуімен тікелей байланысты. Сыртқы сауда көлемі осы жылдың I тоқсанында 25,5%-ға дейін өсіп, 17,89 млрд долларға дейін жеткен. Бұл экспорттың 30%-ға (10,99 млрд доллар), импорттың 19,1%-ға (6,9 млрд доллар) өсуімен байланысты деп көрсетілген реттеушінің есебінде.
"Әлемдік тауар нарығындағы бағаның өсуі және "Қашаған" кен орнын іске қосу экспорттың өсуіне себеп болды. Мұнай мен газ конденсаты экспортының құны 2016 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда 35%-ға, ал қара металл экспорты 63%-ға, түсті метал экспорты 24%-ға өскен", – делінген Ұлттық банктің берген түсініктемесінде.
Шикізаттық тауарлардың баға аламаны нәтижесінде сауда балансының профициті 2015-2016 жылдардың осындай кезеңіндегі 4,21 млрд доллар және 2,66 млрд доллармен салыстырғанда 4,09 млрд долларға дейін өсті.
Бір ай бұрын Қазақстанның Ұлттық банкі елдің 2016 жылға арналған төлем балансының параметрін нақтылады, онда ағымдағы шот операцияларының тапшылығы 3,8%-ға төмендеп, 8,51 млрд долларға дейін құлдыраған.
2016 жылы күнделікті шоттағы тапшылық 8,37 млрд долларға жеткен 2007 жылғы дағдарыс кезіндегі межеден асып түсті. Алайда елімізге тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың рекордтық легі сыртқы операциялар шотының тапшылығын жойып жіберді. Инвестициялардың артылған көлемі еліміздің мұнай-газ секторына бағытталды.
Гүлназ Ермағанбетова, Султан Биманов