Қытай шекарасындағы кептеліс: ШҚО кәсіпкерлері форс-мажор куәлігін рәсімдей алады

2829

Бұл туралы ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаев мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Қытай шекарасындағы кептеліс: ШҚО кәсіпкерлері форс-мажор куәлігін рәсімдей алады

Қытаймен шекарадан жүк өткізе алмай жатқан кәсіпкерлер Қазақстанның сыртқы сауда палатасына барып форс-мажор туралы куәлік ресімдей алады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасына берген жауабында осылай айтылған. 

Айта кетейік, кәсіпкерлер форс-мажор туралы куәлікті рәсімдеу бойынша Қазақстанның сыртқы сауда палатасының ресми сайтынан толық кеңес ала алады (тел. бойынша 8-717-227-96-16). 

Сондай-ақ кеңес алу үшін ШҚО Кәсіпкерлер палатасының жобаларды сүйемелдеу бөліміне 8 (7232) 742-814 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Орасан зор шығынға ұшырады

Шығыс кәсіпкерлері Қытайдың шектеулеріне байланысты орасан зор шығынға ұшырап отыр. Мәселен, автомобиль тасымалы саласында ҚХР 2020 жылғы наурыз айының соңынан бастап енгізген шектеулерге байланысты өткізу пунктерінде (КП) өту мүмкіндігі шамамен 10 есе төмендеді. Теміржол тасымалы саласында коронавирус инфекцияның таралуына байланысты бақылау шараларының қатаңдатуына байланысты қаңтар-қыркүйек айларында жүк тасымалы көлемінің былтырғыдан 2%-ға (15,8 млн тонна) төмендеді. Қазақстаннан Қытайға жүк беру жөнелту 9,2 млн тонна болды. 

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қалыптасқан жағдайды форс-мажор деп тану туралы мәселені пысықтады. 

"Шектеу шараларына дейін Қытай тарапы күніне 200-ге дейін көлік қабылған, бүгінде бұл көрсеткіш 20-дан 30-ға дейін ғана. Қытай тарапынан "Қалжат-Дулаты" және "Майқапшағай-Зимұнай" өткізу бекеттері жабық күйінде қалып отыр. 

2020 жылдың 9 қыркүйегінен бастап ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті сайтта электрондық кезек жүйесін енгізді GoCargo.kz бұл мобильді қосымша арқылы кезекке алдын ала тапсырыс беруге мүмкіндік береді. Жүйеде "кері байланыс" бар – тасымалдаушылар СМС-хабарламалар арқылы хабардар етіледі. МКК-ның хабарлауынша, биылғы 1 қарашадан бері электрондық кезекте 10 043 автокөлік тұр", – деді Қайрат Мамырбаев. 

Оның айтуынша, Қытай тарапына "Қалжат-Дулаты", "Майқапшағай-Зимұнай" ӨБ жұмысын қайта бастау және көліктерді "Нұр–Жолы-Қорғас" ӨБ арқылы тәулігіне 200 бірлікке дейін қабылдау мәселесін қарауды ұсынады. Осы сұрақ 2-4 қарашада Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы жөніндегі комитеттің көлік ынтымақтастығы жөніндегі кіші комитетінің 13-отырысында талқыланған.

"Қытай тарапы "Достық-Алашанькоу" арқылы тәулігіне орташа есеппен 6-11 пойызды ғана әкетуді қамтамасыз етеді. Бірақ келісілген кесте бойынша 16-18 пойыз болуы керек. Қазақстан тарапы бойынша биылғы 9 айда тиелген пойыздар тәулігіне 159 пойыз (7 971 вагонды) болды. Оның ішінде 105 пойыз (5 250 вагон) шекарадан өткізілмей, сол жақта қалдырылды", – дейді Қайрат Мамырбаев.

Ол ҚР мен ҚХР арасындағы шекара бекеттерінде "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы 1 қазаннан бастап контейнер жүктері мен темір рудасынан басқа барлық жүкті "Достық" станциясы және одан әрі – ҚХР-ға тасымалдауға тыйым салғанын еске салды:

1 қарашадағы жағдай бойынша, ИИДМ мәліметі бойынша, шекарада "тасталған" жүк поездарының саны тәулігіне 53 пойыз (2 650 вагон) болған. ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Хань Чжэнмен келіссөздер қорытындысы бойынша "Достық" МГПС бойынша өткізу тәулігіне 4-тен 11 пойызға дейін көбейген.

Бірінші вице-министр Қайырбек Өскенбаевтың қолы қойылған ИИДМ хатында ҚХР-мен шекарадағы қалыптасқан жағдайды шешу үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатқаны хабарланады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу